Басы » Бастауыш сыныптар » Жіптен, тоқыма баудан, иірілген жіптен модельдеу

Жіптен, тоқыма баудан, иірілген жіптен модельдеу

Қарағанды облысы

Шет ауданы,  Ақсу-Аюлы  мекені

Ж. Ақылбаев  атындағы мектеп-гимназияның

бастауыш сынып мұғалімі

Омарова Нұржанат Мұқабылқызы

Еңбекке баулу

Тақырыбы: Жіптен, тоқыма баудан, иірілген жіптен  модельдеу

Мақсаты:Жіптен үлгілеу негіздерімен таныстырып, қуыршақ жасауды

үйрету.

Міндеттері:

-оқушыларға тоқыма материалдарынан көркем өңдеудегінегізін игеруді меңгерту.

-оқушылардың  бейнелі, нақты-логикалық ойлауын, қол ептілігін,көз мөлшерін меңгерту.

-қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау дағдыларын жетілдіру.

— еңбек мәдениетін сақтайотырып,  ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: тоқыма жіп , қайшы, картон, үлгілер.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап

Барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

Материалдар мен құралдардың дайындығын тексеру.

ІІ Өткен сабақты қайталау

а) Матамен жұмыс тақырыбы бойынша сұрақ – жауап әдісін жүргізу.

— Маталар қандай түрге бөлінеді?

-Табиғи маталар неден жасалады?

-Жасанды маталар қалай пайда болады?

-Маталар қайда өндіріледі?

-Асбест тастарынан алынатын маталардан қандай киім тігеді?

-Жіп дегеніміз не? Одан не жасайды?

-Жіптің қандай түрлерін білесіңдер?

ә) Жасаған төрт таспалы бетбелгілерін тексеру.

Төрт таспалы бетбелгі  өру не үшін қажет?

ІІІ Жаңа сабақ

Жұмбақ жасыру

Шұлық болып шыққанша –

Бауырсақ боп домалайды.  (Шумақ жіп)

-Бүгін сабақта шумақ жіптен модельдеуді үйренеміз .

Сабақ тақырыбы мен мақсатын айту.

а) Жіптен, тоқыма баудан әр түрлі бұйымдар(суреттерден көрсету) жасауға болады.

-Тоқыма жіптен не жасайды?

Осы жіптерден әр түрлі сувенирлер ойыншық сыйлықтар жасауға да болады.

Қуыршақ түрлері: «Көктем қызы, құрт, торғай, жапалақ, үйрек, мысық, тышқан, түлкі,әтеш,ешкі, ат» суреттерін көрсетіп бұлардың барлығы жіптен модельдеу арқылы жасалып безендірілгенін түсіндіру.

Қуыршақ – дегеніміз адам пішініндегі ойыншық.

Жіптен «Мартеничка» қуыршағын жасау. Мартеничка қуыршағы туралы әңгімелеу. Болгария елінде бұрыннан бұл ойыншықты көктем келген кезде бір-біріне бақыт үшін деп сыйға тартады екен.

— Көктем мезгілінің бірінші айы орысша қалай аталады? (март)

— Оларды бұлай неге атайтыны түсінікті. Мартеничкалар үнемі жұптарымен бірге болады. Біреуі ақ түсті, біреуі қызыл түсті. Ақ қысты білдірсе, қызыл жаз мезгілін еске түсіреді екен. Оларды бауға тағып тырналар ұшып келгенше тағып жүреді екен.

ІV Практикалық жұмыс.

Картон, жіп, қайшы керек. Қайшымен жұмыс істеу ережесін еске түсіру.

Жасалу жолы

  1. Картон (негізі) 5 см х 8 см (неғұрлым ұзын болса, соғұрлым ұзын қуыршақ шығады) қиып алу.
  2. Жіпті картонға орау. Неғұрлым көп орасақ, соғұрлым көлемді толық болады.
  3. Орамды шығарып алып, үстін байлаймыз.
  4. Басын шығарып, жіппен байлау, төменгі жағын қайшымен қиямыз.
  5. Кәдімгі щётка шықты.
  6. Жіптің екі жағынан қолы үшін жіптен бөліп, тиісті жерден байлап, артығын қиып тастаймыз. (қысқартамыз).
  7. Белін шығарып аламыз. Жіппен байлау.
  8. Аяғын жасаймыз, жіпті тура екіге бөліп, шетінен байлаймыз.
  9. Қуыршақты безендіру. (көзін, мұрын, ауыз, шашын жасау)

Әр оқушыға нұсқау карта таратылып беріледі. Сол бойынша жасайды.

Әр оқушының жұмысын қадағалау. Кейбіреулеріне көмек беру.

 

 

  1. Сабақты бекіту.

Қалай ойлайсыңдар, тоқыма жіптен  модельдеуге бола ма?

— Бүгін не үйрендік?

Балалар жұмыстарының көрмесі жасалады, ең сапалы жасағандары аталып өтіледі. Балалар өз жолдастары жасаған жұмыстарының кемшіліктерін ұсыныс түрінде еске салады, оның себептері айқындалады.

Бағалау.

Жұмыс орнын жинау.

Үйге: Қуыршақты безендіру.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *