Басы » География » Қара және түсті металдар, олардың қорытпалары

Қара және түсті металдар, олардың қорытпалары

Алматы облысы

Райымбек ауданы

Жалаулы ауылы

«Жалаулы орта мектебі» КММ

Мыңжасаров Бағашар Досбосынұлы

Тақырыбы:   Қара және түсті металдар, олардың қорытпалары

Мақсаты:   Металл түрлерімен  және қорытпаларымен  таныстыру.Оқушылардың  металдар туралы   ұғымдарын кеңейту. Ойды анықтауға, сараптауға ,қорытынды жасауға ,игерілген  білімді қолдануға  үйрету.

Сабақ түрі : аралас  сабақ

Сабақтың әдісі:  түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ- жауап

Сабақтың көрнекілігі:  қара және түсті  металдардың үлгілері, сызбалар

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

а/ Металдардың  қандай  қасиеттерін білесің?

ә/ Металдардың  физикалық қасиеттерін ата.

б/ Металдардың  механикалық  қасиеттеріне нелер жатады?

ІІІ.Бекіту

-Карточкамен  жұмыс

ІҮ. Мақсат қою

Ү .Жаңа сабақ

Өткен сабақта біз  металдардың физикалық және механикалық  қасиеттерімен  танысқанбыз. Енді  осы металдардың  түрлері, олардың  қорытпалары жайлы  білетін боламыз.  Барлық  металдар  мен қорытпалары қара және  түсті  деп бөлінеді. Өндірісте  қара металдар  мен  оның қорытпаларын көп пайдаланады.  Қара металдар  тобына  темір және оның қорытпалары – шойын мен болат жатады. Қара металдың қасиетін өзертуге әсер ететін негізгі элемент көміртек болып табылады.

Шойын –темірдің  көміртекті  қорытпасы. Оның  құрамындағы  көміртек мөлшері  2-6%-ға дейін болады. Химиялық құрамына  қарай  және  қолданылуына  қарай :

Шойын

Сұр                                  Ақ

Болат-  темірдің  көміртекпен қорытпасы.  Көміртек мөлшері  2 % -ға дейін  болады.  Болат химиялық құрамына қарай:

Болат

Көміртекті            Қоспаланған

Қара  металдардан басқа    барлық металдар  және олардың  қорытпалары түсті металдар  деп аталады.

Түсті металдар жеңіл, сыртқы түрі  әдемі, иілгіш келеді. Олар 4 топқа бөлінеді.

Түсті металдар

 

Жеңіл————- алюминий, магни, титан т.б

Ауыр————— қорғасын,  мыс,  мырыш т.б.

Сирек  ————- вольфрам,молибден,селен т.б.

Асыл—————  алтын, күміс, платина  т.б

ҮІ . Сабақты  бекіту

Венн диаграммасы

/   Қара және түсті металдарды салыстыру/

ҮІІ Қорыту

  • Тапсырмалармен жұмыс

ҮІІІ.  Үйге тапсырма

25-26- бет оқу

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *