Қостанай облысы, Жангелдин ауданы.
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі
Әлия Ғалымова
ТАҚЫРЫП | Есептеу техникасының даму тарихы. Электронды –есептеуіш машиналардың кезеңдері |
МАҚСАТЫ | Есептеуіш техникасының даму тарихымен оның құрылуының негізгі принциптерімен танысу, ЭЕМ-нің қоғам өміріндегі рөлін түсіну;
Өз ойын ашық, еркін айтуға, АКТ қолдану арқылы ақпаратты таңдай білуге үйрету, ойлау қабілетін дамыту; ынтымақтастыққа, тиянақтылыққа, пікір алмасуға, жұптық жұмысқа баулу, өзін –өзі бағалауға үйрету.
|
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ | Есептеуіш техникасының даму тарихымен оның құрылуының негізгі принциптерімен танысады, ЭЕМ-нің қоғам өміріндегі рөлін түсінеді;
өз ойын ашық, еркін айтуды, АКТ қолдану арқылы ақпаратты таңдай біледі; өзін-өзі бағалай алады; белсенді шығармашылықты ойлауға дағдыландырады. |
КЕЗЕҢДЕРІ | МҰҒАЛІМ ӘРЕКЕТІ | ОҚУШЫ ӘРЕКЕТІ | БАҒАЛАУ | РЕСУРС-ТАР |
Ұйымдастыру кезеңі
(2 минут) |
Оқушылармен амандасады.
Топқа бөліну әдісі арқылы топқа бөлу. психологиялық тренинг өткізеді.
Оқушыларды 4 адамнан тұратын 5 топқа бөледі. |
Мұғаліммен амандасады.
Топқа бөлінеді. Орындарына отырады. |
Ағаш суреті
|
|
Қызығушылықты ояту
(3 минут) |
Жұптық жұмыс: .
«Топтастыру» әдісі бойынша үй тапсырмасы сұралады Есептеу құрылғыларына ассоциация жасауды ұсынады
|
Жұп болып бір-бірін тексереді.
Алдымен әр оқушы өзі дәптерге жазады, сонан соң топта талқылап топтың ассоциацасын жасайды. |
5 алған оқушыларға смайликтер беру.
|
Есептеу құрылғыла рының суреттері |
Мағынаны тану
(15 минут)
Сергіту сәті (3минут)
Сабақты бекіту
Бағалау Ой толғаныс (10 минут |
«Тірек мәтін » әдісі арқылы Әр топқа Өздеріне берілген жаңа сабақтың тапсырмасы бойынша постер құрайды. Әрбір оқушы тақырыпты жақсы меңгеруі қажет, өйткені ол сол бөлікті «жанұя» топ оқушыларына түсіндіруі тиіс.
Жұмбақтар шешеді
«Сәйкестендіру» ойыны Ақпараттық диктант
Бағалау парағын толтыру |
Әр топ берілген тапсырмаларды оқиды, сұрақтарға жауаптар жазады.
Жауаптарын топта талқылап, бірін –бірі толықтырады Жанұяға қайта оралып өздерінің үйреніп келген тақырыптарын түсіндіреді. Бір –бірінің сұрақтарына жауап береді.
Сәйкестендіру» ойыны арқылы бір –бірлеріне тақырыптар бойынша сұрақтарды сәйкестендіреді. Парақшаларды толтырады |
3 шапалақ
Жұптық бағалау
Сұрақтарға жауап берген оқушылар смайликтер алады.
Жинаған смайликтер арқылы өзін –өзі бағалау.
|
ЭЕМ –дың, авторларының суреттері.
|
Үй тапсырмасы | Есептеуіш техникасының даму тарихы тақырыбына реферат жазу |