Шығыс Қазақстан облысы.
Семей қаласы.
№10 Бал-бұлақ ясли-бақшасы гуманитарлық-эстетикалық және сауықтыру бейініңдегі КМҚК
Карибаева Кульзира Серикказыновна
Тақырыбы: «Менің отбасым»
Мақсаты: Білімділік:Балаларға отбасы мүшелері жөнінде түсінік беру.
Дамытушылық: Ата – ана, әке – шеше, ата – әже, апа, аға сөздерін тиянақтай толықтыра меңгерту. Отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеп жүруге тәрбиелеу. Балалардың тілін, сөздік қорын байыту, есте сақтау.
Тәрбиелік: Ойлау қабілеттерін дамытып, жүйелі сөйлеуге, берілген сұраққа толық, нақты жауап бере білуге тәрбиелеу.
Қолданатын көрнекі құралдар: отбасы мүшелерінің суреттері, ұлттық киімдер, киіз үй көрінісі техникалық құралдар.
Сөздік жұмыс: мейірімді, сымбатты.
Қостілділік компонент: отбасы-семья-family
Іс- әрекетінің кезендері | Педагогтің іс — әрекеті | Балалардың іс — әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық
|
Шаттық шеңбер.
Қуан, шаттан, алақай, Қуанатын күн келді. Күліп шықты күн бүгін, Қайырлы таң, қайырлы күн |
Балалар шаттық шеңберге тұрып амандасады. |
Ұйымдастырушы-лық -ізденістік
|
-Балалар, бүгін біз отбасы мүшелерімен танысамыз.
-Балалар, маған зер салып тыңдап отырыңдар. Міне, мына отбасында ата, әже, бар екен, балалар тағы кім бар? -Бұл отбасы мүшелері жиналып шәй ішіп отыр. Төрде кім отыр? -Дұрыс айтасыңдар. Атасының оң жағында әже шәй ішіп отыр. -Шәйді кім құйып беріп отыр? -Шәйді немен ішіп отыр? -Балалар дастарханда не тұр? -Бауырсақты кім пісірген? -Шәй тәтті болу үшін не саламыз? -Дұрыс сендерге осы сурет ұнады ма? -Балалар ата – ананы сыйлау керек па? Балалар сендер шаршап қалған болғансыңдар. Барлығымыз тұрып серігіп алайық. Сергіту сәті. Атам, әжем, Әкем, шешем, Әпкем, сіңілім, Ағам, інім және мен. Бір үйде біз нешеуміз? Кел санайық екеуміз.
Жеке жұмыс ұйымдастыру. —Амина сенің отбасыңда неше адам бар?
-Амир сенің әкенің аты кім?
Балаларға сұрақтар қойып жауаптарын алу. Сөздік ойын ұйымдастыру. «Мынау – кім? Оның аты кім?» — жаңа сөз тіркестерін бекіту. Өте жақсы балалар. |
-Анасы, әкесі, аға, апасы бар екен.
-Ата отыр.
-Анасы құйып беріп отыр.
-Кесемен ішіп отыр. -Нан, бауырсақ. -Анасы пісірген
-Қант саламыз
-Иә!
-Иә!
Сергіту сәті қимыл арқылы орындайды.
Амина: -Менің отбасымда төрт адам бар: шешем, әкем, ағам, мен. Амир: -Әкемнің аты Марат Каламбаев.
Балалар ойынға белсенді қатысады. |
Рефлексиялық түзетушілік
|
-Отбасында кімдер бар?
-Ал сендер оларды жақсы көресіңдер ме? -Бүгін кім сұрақтарға дұрыс жауап берді. Қоштасу. |
Балалардың жауабы.
-Иә!
Балалардың жауаптары.
Қоштасу. |
Күтілген нәтиже:
Біледі: Отбасы мүшелерін атай және сипаттай білу.
Игереді: Отбасы туралы түсінік болу керек.
Меңгереді: Сұраққа дұрыс жуап беру. Ата – аналарының аты- жөнің дұрыс айту .
[bws_related_posts]