СҚО , Петропавл қаласы,
Қазақ мектеп — гимназиясы
Директордың бейінді оқыту жөнінен орынбасары,
Физика пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Заттың тығыздығы
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға тығыздық ұғымы туралы түсінік беру
Сабақтың міндеттері:
1) білімділік: Заттың тығыздығына жалпы түсініктеме беру және осы физикалық шаманы салыстырмалы түрде анықтау.
2) дамытушылық: Жаңа өлшем бірлікпен танысу және формуламен жұмыс, есептер шығару.
3) тәрбиелік: құштарлыққа тәрбиелеу; қоршаған дүниені танып білуге тәрбиелеу; ынталылыққа және қиындықтарды жеңуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекіліктер: әртүрлі заттардан жасалған кір тастар, мақта таразы, су, май.
Пән аралық байланысы: математика, технология, биология.
Сабақтың жоспары:
- Ұйымдастыру кезеңі: 1 мин
2.Үй тапсырмасын тексеру және өткен сабақты қайталау: 10 минут
- Жаңа сабақ: 20 минут.
- Есеп шығару: 10 минут.
- Қорытынды: 2 минут.
- Бағалау: 1 мин.
- Үйге тапсырма: 1 минут.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
- Физикалық дене деп нені түсінесің?
- Физикалық денелер неден тұрады?
- Заттар қандай күйде бола алады?
- Дененің массасы қалай анықталады?
- Дененің көлемін қалай табамыз?
- Дененің массасын анықтау тәсілдерін атаңдар.
|
|
ІІІ. Жаңа сабаққа ену:
Оқушылар маған мына тапсырманы шешуге көмектесіңдер:
ЭКСПЕРИМЕНТТІК ТАПСЫРМА: Дене әртүрлі заттардан жасалған. Осы денелердің көлемі жайлы не айта аласындар? Осы денелердің массасы жайлы не айтасыздар? Таразының көмегімен анықтайық.
темір алюминий мыс
Неге алюминидің массасы темір мен мыс кубиктерінен жеңіл?
Болжамды анықтау
Әртүрлі заттардан жасалған дененің көлемдері бірдей болғанмен массалары әртүрлі болады.
Бізді қоршаған денелердің барлығы қандайда бір заттан: ағаштан, темірден және тағы басқа көптеген заттардан жасалған. Барлық денелердің өздеріне ғана тән пішіні көлемі ауданы массасы және т.б. болады. Егер қажет болса, денелердің осындай сипаттамаларын өлшулер, есептеулер жұргізу арқылы анықтай аламыз. Алдынғы парагрофта көрсеткеніміздей, дененің массасын анықтау үшін оны таразыға тартып өлшейміз. Дененің массасы оның өлшеміне және қандай заттан жасалғанына байланысты. Әр түрлі заттардан жасалған денелердің массаларды да түрліше болады. Мысалы, көлемі 1 м3 темірдің массасы көлемдері дәл сондай қорғасынның массасынан аз да, алюминийдің массасынан көп болады. Демек, біз көлемдері бірдей денелерді салыстыра отырып, олардың ауыр-жеңілдігін анықтай аламыз.
Бұдан заттың қасиетін сипаттайтын тығыздық деп аталатын физикалық ұғымды енгізу қажеттігі туындайды.
Тәжірибе жасау
Көлемдері бірдей темір, пластмасса, ағаш алайық. Осы денелерді таразыға тартып, олардың массасын өлшейміз. Тәжірибе нәтижесі арқылы кестені толтырамыз.
Дене | Ағаш | Пластмасса | Темір |
Масса, г | |||
Көлем, см3 | |||
m / V |
Заттың тығыздығы деп сол заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шаманы айтады.
Сонымен заттың тығыздығын табу үшін дененің массасын оның көлеміне бөлу керек.
; m=?·V;
Зат тығыздығының бірлігі үшін бірліктердің Хылқаралық жүйесінде Си килограмының метр кубқа қатынасы (кг/м3) алынған. Бұл көлемі 1м3 болатын, массасы 1 килограмға тең біртекті заттың тығыздығы.
- Есеп шығару
Кірпіштің тығыздығы 1,8.103 кг/м3, өлшемі 0,25х0,12х0,65 м екені белгілі болса, онда бұл кірпіштің массасы неге тең болады?
12 жаттығу №5
- Қорытынды.
Қай дененің тығыздығы көп?
- Заттың тығыздығы деп нені айтамыз?
- Заттың тығыздығын қалай анықтауға болады?
Не үйрендім? | Не білгім келеді? | Таңқалдырғаны |
|
- Бағалау
Үй тапсырмасы:
- 32;
- Заттың тығыздығын анықтайтын формуланы жаттау;
- 12 жаттығу;
- Өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беру