Басы » Cыныптан тыс » Мұражай арқылы жас ұрпаққа рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беру

Мұражай арқылы жас ұрпаққа рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беру

551 Қазақстан облысы

Бөкей Ордасы ауданы

Хан Ордасы ауылы

Жәңгір хан атындағы жалпы

 білім беретін орта мектебінің

тарих пәнінің мұғалімі

 Алмурзина Гулмира Жолдибаевна

« Мұражай арқылы жас ұрпаққа рухани-адамгершілік

және патриоттық тәрбие беру »

« Жалпақ  жұртыңды, игі алашыңды  құрметтеу алдымен өзің  тұрған  өлкенің   тарихын, табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады »                              

                                                                                            Н.Ә.Назарбаев.

Жаңа Қазақстанның болашағы — жас ұрпақты тәрбиелеу проблемасы бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Іргелі түрлендірудің нәтижесінде мемлекеттің қоғамдық саяси құрлысы мен

экономикалық жағдайы өзгергенмен адамдар санасында оларға қатысты өзгерістер өте баяу жүруде.

Ғалымдардың болжауы бойынша мемлекет алдындағы мақсаттарға жету үшін жастарды жаңа заманға сәйкес тәрбиелеу қажет. Оқытумен бірге жастарды тәрбиелеу проблемасы қатар шешілуі қажет себебі «тәрбие» түсінігі біртұтас білім беру үрдісінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Менің ойымша,тәрбиелеу барысында тұлғаның рухани және адамгершілік дамуына ұлттық  мәдениетке деген орын беру керек.  Жалпы түлектерді тәрбиелеу жолында мынандай нақты тәсілдерге көңіл қою керек деп ойлаймын.

  • Тарихи ескерткіштерді сақтауға ұмтылдыру
  • Бос уақытты пайдаланудың мәдени үлгілеріне бейімдеу.

Мектеп мұражайдың негізгі жұмысы – тарих арқылы, тарихи-мәдени ескерткіштерді насихаттау, сол арқылы жас ұрпақты рухани-адамгершілік және патриоттық рухта тәрбиелеу. Жастарды мұражай мәдениетіне тарту, тарихын сүю, еліне деген мақтаныш пен отаншылдық сезімін ояту, тарихи кезеңдермен таныстыру, материалдық-рухани құндылықтармен таныстыру.

Қай ғасырда болмасын тәрбие мәселесі назардан тыс қалмаған. Кез-келген мектеп мұражай экспозициясы және онда қойылған мектеп мұражай экспонаттары жоғары ізгілік пен адамгершілігі бар, жан-жақты мәдениетті тұлғаның қалыптасуына ерекше әсер етері сөзсіз.

Жас ұрапқты тәрбиелеуде олардың білім мен ғылымға деген ынта жігерінің құлшынысың, қызығушылығын, қабілетін дамытуда мектеп мұражайлары қашан да маңызды жұмыстар атқарады.

Мектеп мұражай экспозициясын көрген  оқушылар одан көргендерін көңілдеріне түйіп, ой елегінен өткізгендей етіп қабылдаса, айналасындағылардың іс-әрекетін түсінуіне, ойлауына, сезінуіне ықпал етеді.

Жас ұрпақты Отан сүйгіштікке, патриоттыққа, рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде мына төмендегідей тақырыптарды жан-жақты ашып көрсетуге болады. Мысалы: «Орда – тұңғыштар Отаны», «Нарынның нар ұлдары», «Ұлы Отан соғысының сөңбес жұлдыздары», «Мәңгі бірге», т.б. Осы тақырыптарға қысқаша тоқталып өтсем.

                                                 Жәңгір арманы

                                Жәңгірім елін билеп хан болғасын,

                                Салғызған жәннәт жерден Хан Ордасын.

                                Жат жұртқа қазақ халқын танытып бір,

                                Қалаған тұңғыштардың жан тұлғасын.

                                            Достық бірлік жақтаған,

                                            Ғылым, білім баптаған.

                                            Жарқын істер атқарып,

                                            Қазақ елін сақтаған.

                                            Орда салған әмірім,

                                            Озық ойлы Жәңгірім.

………………………………………………………

Даламызға білімнің нұрын шашқан

Мектебім – алтын ұям Жәңгір ашқан

Жеткізген сан адамды арманына

Киелі қара шанырақ – дәуір дастан атты тақырыптық экспозицияда Қазақстанда тұңғыш білім, мәдениет ордасы көрсетілген.

Осы экспозицияда көрсетілген бірнеше білім ордасы туралы мәлімет жинап, өз ойларын баяндай отырып, оқушы өз бойынан елге, туған жерге деген сүйіспеншілігін байқайды.

Енді «Нарынның нар ұлдары» деген тақырыпты алайық. Бұл тақырыпта экспозиция ұйымдастырып, тақырыпты екі бөлімнен құруға болады. (Кеңес үкімет үшін құрбан болған сарбаздардың бейіті мен Б. Жәнекешевтің обелискі)Бисен Жәнекешевтің батырлығы мен ақындығы. Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы тарихы, Бисен сынды біртуар батырларымыздың еркіндік, адалдық пен шыншылдықтын үшін күрескеннін оқушыларға баяндау. Халқы мен жұртың сүйген асыл ердің жүрегі кең, жас жеткіншектерді бостандыққа шақырып, сол жолда мерт болғандығын экспозицияда көрсете отырып, экскурсия барысында Бисеннің өлеңдеріне талдау жасап, оқушыларға түсіндіру керек. Мысалы:

                      …….Отырмын Ақорданы алайын деп,

                     Қылышты қызыл қанға малайын деп.

                     Кешегі шахит болған 80 жігіт

                    Жолына Мүлхайдарды шалайын деп

деп басталатын жыр жолдары адамның ішкі жан сезімін тебірентпей қоймайтыны аңық. Осы мектеп мұражай арқылы  мен мектеп оқушыларымен ғылыми-зерттеу жұмыс жазып, ол жұмыстардың биіктен көрінуі жалғыз ұсатздын еңбегі емес, онда оқушының жүрегі, ынтасы, Отанға, туған жерге деген патриоттық сезімін және сүйіспеншілігін көруге болады.

Ал елбасымыз Н.Ә.Назарбаев  «Елімізге бойына  ата-бабамыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған, егеменді елімізге аянбай қызмет ететін, ой өрісі кең, алғыр да, жүректі, сауатты да, салауатты азаматтар қажет» — деген сөзімен аяқтағым келеді.

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *