Басы » Бастауыш сыныптар » Киіктің айласы

Киіктің айласы

Маңғыстау облысы
Ақтау қаласы
№11  мамандандырылған  физика-математикалық мектебі
Әліғұлова  Гүлжан  Темірбайқызы
Сабақ тақырыбы :    Киіктің  айласы

Сабақтың тақырыбы: Киіктің айласы

Сабақтың мақсаты:1.Мәтіннің мазмұнын түсініп, идеясын ашу.

   2.Табиғаттың әсемдігін сезінуге, қоршаған  ортаны    қорғауға тәрбиелеу.

  1. Оқушыны ойланту, өздігінен ізденіске салу,қиялдату, ойын тұжырымдату.
  1. Оқушы  шығармашылығын  дамыту.

 Сабақтың түрі:  топтық жұмыс.

Сабақтың әдісі: кубизм, топтастыру,сұрақ-жауап әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, текше, жетістік ағашы,алмалар, тапсырмалар.

Сабақтың барысы:

Бөлімі Сабақтың этаптары Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
Ұйымдастыру

 

 

Сыныппен байланыс орнату.  Психологиялық дайындық. Мұғалім «Шаттық шеңберін» ұйымдастырады. Оқушылар шаттық шеңберінде жиналып тұрады.
  Топқа бөлу Оқушыларды жақсы қасиеттерге байланысты топтарға бөлу

1-топ:Қайырымдылық

2-топ:Мейірімділік

3-топ:Достық

4-топ:Жанашырлық

Оқушылар топтарға бөлінеді.
Үй тапсырмасын тексеру Өткен сабақты еске түсіру арқылы ойлау қабілетін дамыту. Сиқырлы сұрақтар арқылы үй тапсырмасын тексеру.Әр топқа бір-бірден сұрақ беріледі.

1-топ:Қайырымдылық мәтінінің авторы кім?

2-топ:Қайырымдылық мәтініндегі кейіпкерлерді ата.

3-топ: Мұхтардың орнында сен болсаң не істер едің?

4-топ:Қайырымдылық дегенді қалай түсінесің?

Оқушылардан үй тапсырмасы сұралады.Оқушылардың болжамдары тыңдалады.
Тұсаукесер Ой қозғау.Логикалық ойлауға жетелеу. Киік туралы  бейнежазба.

Ой қозғау: Балаға бейнежазбаға байланысты жетелеу сұрақтары қойылады.

Оқушылар бейнежазбаны көреді. Оқушылар бейнежазбаға байланысты берілген сұрақтарға жауап береді.
Негізгі бөлім Түсіну үшін тапсырмалар : Автормен таныстыру. Автор туралы мағлұмат беру. Жаңа сабақпен таныстыру. Мәтінмен танысу. 4 топтан 4 оқушыға  оқыту.  Не түсінгендерін сұрау. Сабақтың мазмұнын ашу. Киік туралы қосымша мағлұмат беру. Оқушылар мәтінмен танысады. Киік туралы көптеген мағлұмат алады. Қызығушылығы артады.
  Сергіту сәті Мұғалім оқушыларды «Ортеке» әніне билетеді.

«Қаражорға » биін билеп,  Наурыз мерекесі туралы әңгіме қозғау.

Оқушылар сергиді.
  Мағынаны тану Дәптермен жұмыс.  Мәтіндегі  түсініксіз сөз тіркестерімен топтық жұмыс арқылы  мағынасын ашу.1-топ: Таяқ сілтем жер

2-топ:Діңкесі құрыған

3-топ:Шоқырақтау

4-топ:Қарасын үзбеу

Оқушылар түсініксіз сөздермен топтық жұмыс жасайды. Оны дәптерге жазады.
   Шығармашылық тапсырма Мәтінге байланысты әр топқа тапсырмалар беріледі.

1-топ:Бес жолды өлең құрастыру.

 2-топ: Сәйкестендіру

3-топ: Ұйқасын тап

4-топ: «Киік» сөзіне ассоциация құру.

Өлең құрастырады. Аңдарды өз төлдерімен сәйкестендіреді.Өлеңнің ұйқасын табу арқылы шығармашылығын арттырады. Киік туралы не үйренді, не білді соны қағазға түсіріп қорғайды. Постер қорғайды.
  Қорытынды «Кубизм» әдісі арқылы  сабақты қорытындылау.   1. Мәтінге сүйеніп аңдар мен жануарлардың сақтанатын құралдарын, айла-тәсілін айту.

 2. Мәтіннен киіктің ақылдылығын көрсететін тұсты тауып оқу. 

3.Табиғаттағы өзі білетін аң-құстардың сақтану құралдарын, тіршілігін әңгімелеу.

4.Киік пен қасқыр қандай аң?

Сұрақтарға жауап береді. Өз пікірлерін, болжамдарын айтады.
  Үйге  тапсырма Мәтіннің мазмұнын айту, киік туралы мәліметтер жинау,киіктің суретін салу.  
  Бағалау. Мұғалім оқушыларды бағалайды. «Жетістіктер ағашы» Оқушылар өз білімдерін, жетістіктерін қызыл және көк алма бойынша жетістік ағашына бағалайды.
    Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!  Сау болыңыз!

 [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *