Басы » Тарих » Қаңлылар туралы деректер. Археологиялық ескерткіштер

Қаңлылар туралы деректер. Археологиялық ескерткіштер

551Батыс Қазақстан облысы

Бөкей Ордасы ауданы

Хан Ордасы ауылы

Жәңгір хан атындағы жалпы

 білім беретін орта мектебінің

тарих пәнінің мұғалімі

 Алмурзина Г.Ж

Тақырыбы:  Қаңлылар туралы деректер. Археологиялық ескерткіштер
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға қаңлылардың ежелден келе жатқан қазақ тайпаларының бірі екенін, қазақ халқының қалыптасуына үлес қосқанын, өз кезінде белгілі мемлекет болып, көптеген елдермен дипломатиялық, сауда, мәдени қатынастар жасағанын, өзінің ұзақ тарихында өз заманына лайық жетіліп, дамығанын ашып көрсету. Және тірек — сызба арқылы түсіндіре отырып берік білім қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың өздерін қалыптастыра отырып, өткен сабақтардағы оқиғаларды
бүгінгі сабақтарда кездескен оқиғалармен салыстыру, ұқсастықтары мен айырмашылығын Венн диаграммасы бойынша тапқызу, оқушыларды сұрақтар мен тапсырмаларды шешуге қатыстыра отырып, өздігінен қорытынды жасауға үйрету арқылы ой — өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларға қаңлылардың ежелден бері адамзат жинаған тәжірибеге өзіндік үлес қосқанын ашып көрсете отырып, еліміздің өткен тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Өздігімен жұмыс ұйымдастыру, тірек сызба арқылы түсіндіру, топпен жұмыс  жүргізу әдісі.
Көрнекілігі: ҚР картасы, «Қаңлылар» картасы, сөзжұмбақтар, слайд, интерактивті карта
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
ІІ. Жаңа оқу материалын меңгеру
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІV. Қорытындылау.

Жаңа сабақ жоспары.
1. Қаңлылар туралы деректер
2. Археологиялық ескерткіштер
3. Қаңлылардың жерлеу дәстүрі

Сабақтың мақсаты мен түрімен оқушыларды таныстырып өткеннен кейін, қазақ даласында мекен еткен тайпаларды еске түсіру үшін саяхат жасаймыз

 

  • Қаңлылар б.з.б.ІІІ-ІІ ғасырлар б.з-дың V ғасыры аралығында өмір сүрген.

 

  • Б.з.б.ІІ мыңжылдық Қытай билеушісі Батыс елдерге елшілер жібереді, мақсаты-ел мен танысу, сауда байланысын жасау.Сол елдердің бірі қаңлылар. Қаңлылар туралы тек Қытай деректерінен кездеседі.

 

  • Қытай тарихшысы Сыма Цянь «Тарих жазбаларында » көшпелілердің өмірі мен тұрмысын сипаттап жазған.

 

  • Б.з.б 46-36 жылдары қаңлылардың Қытайға қарсы тұрған ғұндарға көмектескен ғалымдар анықтап отыр.

 

  • Қытай деректері бойынша, қаңлы тайпалар одағының 120 мың түтіні (отбасы) немесе шамамен 600 мың адамы, 120 мыңға дейін жауынгерлер болған.

 

  • Қаңлы мемлекетінің шекаралары осы күнге Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласы тұрған жерден асып, бір шеті Қаратау бөктерлерінен басталып, Талас өзеніне дейін созылған.

Қаңлылар мына елдер мен  экономикалық, мәдени, саяси байланыс жасаған

  1. Қытай
  2. Сыртқы байланысы Рим
  3. Кушан мемлекет

 

  • Қаңлы тайпаларының ең негізгі атамекені Сырдария өзенінің орта ағысы, астанасы

Битянь. Жазба деректері бойынша қаңлы елін хан билеген .

  • Қаңлы елі өз ішінен бес бөлікке бөлініп, әр иелікті кіші хандар басқарған.
  • Кіші хандар Ұлы ханға бағынған.
  • Кіші хандарға бағынатын ру, тайпаларды көсемдер басқарған.
  • Көсемдердің лауазымы мұрагерлік жол мен әкеден балаға берілген.

         

Археологиялық ескерткіштер

  • Қауыншы Ташкент төңірегі
  • Отырар- Қаратау Сырдария өзенінің орта ағысында Қаратау беткейлерінде
  • Жетіасар Арал теңізінің шығыс жағы, Қуаңдария бойы

 

Оқулықтағы суреттер бойынша әңгіме құрастыру:
1.Көк –Мардан қаласының орны.
2.Қыш ыдыстар, қола бұйымдар.
Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары:

 

І тапсырма    Үйсіндердің шаруашылығы

  • ……………………………………..
  • ……………………………………..
  • ……………………………………..

 

ІІ тапсырма    Үйсіндердің айналысқан кәсіп түрлері

  • …………………………………………….
  • …………………………………………….
  • …………………………………………….
  • …………………………………………….
  • …………………………………………….
  • …………………………………………….
  • …………………………………………….

 

ІІІ тапсырма              Толықтыр

Үйсіндердің тұрмысында …………………………….маңызы зор болды. Жетісудың табиғаты оларға көп………..ұстауға мүмкіндік берді. Олардың ……….. мен ………….аралары онша қашық емес еді …..-……. шақырым шамасында болды.

Қытай жазбаларында үйсіндер “……………………… де, ………………………… де, айналыспайды, тек оты мол, суы мол жерлерге ……………….бірге көшеді де, жүреді делінген. Үйсіндердің бір бөлігі көшпелі өмір сүрді әрі ………………………. де шұғылданды.

Үйсіндерде тері өңдеу кәсібі жақсы дамыған. Одан күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар, ……………….жасап, ……………, …………………, ……………….., ………………………, тікті. Ыдыстарды әйелдер ……………………… жасаған.

 

 

 

 

ІҮ тапсырма                   С  ә  й  к  е  с  т  е  н  д  і  р

Ү тапсырма

Соңғы бекет « К і м   т а п қ ы р ? » деп аталады. Ол бойынша бүгінгі сабақты қорытындылаймыз. Әр бір оқушы өз кезегімен сұрақ алып, дауыстап оқып жауап береді.
Ойын барлық оқушылардың тақырып бойынша алған білімін айқындауға мүмкіндік береді.

« К і м   т а п қ ы р ? »

  1. Қаңлылар туралы қандай деректерде айтылады?
    2. Отырар-Қаратау мәдениетінің ең үлкен ескерткіштері
    3. Жетіасар мәдениеті ескерткіштері қай жерде шоғырланған?
    4. Обалардан не табылды?
  2. Көк-Мардан қаласы ғалымдарға қандай мәлімет  берді?
    6. Қаңлылардың қоғамдық жағдайы туралы әңгімеле.
    7. Қаңлылар соғыс бола қалған жағдайда қанша жауынгер жасақтай алған?
    8. Қаңлы елінің билеушісі?
    9. Қаңлы елінің астанасы?
  3. Қаңлылардың солтүстіктегі көршілерін атандар

 

Үйге тапсырма:

  1. § 23 оқып келу
  2. Қаңлылардың өмірін бейнелеп келу
  3. Кроссворд немесе сөз жұмбақ жазып келу


Оқушыларды бағалау.

 

[bws_related_posts]

1 пікір

  1. Дина Омаровна

    жаксы құрастырылған сабақ екен

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *