Сабақтың тақырыбы: | Ата-ананың парызын
Өтеу сенің қарызың. |
Сабақ мақсаты: | 1.Жақсылық атаулының барлығы күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру, ана еңбегін қадірлей білу. |
2.Баланың ата-ана алдындағы қарызын өтеуге, қадірлеуге тәрбиелеу. | |
3.Ата-анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. | |
Сабақтың түрі: | Рухани әңгіме |
Сабақтың көрнекілігі: | Интерактивті тақта, бейнефильмдер, ата-ана туралы нақыл, ұлағатты сөздер. |
Тәрбие сағатының барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Кіріспе.
Кілтсөздерді табу.
Қарыз Ой қозғау.
— Қарыз дегеніміз не?
— Бұл өмірде кімдерге қарыздармыз?
— Ендеше біздің екінші кілтсөзіміз ата-ана.
Қарыз Ата-ана
— Баланың ата-ана алдындағы қарызын не дейді?
— Парыз. Келесі кілтсөзіміз Ата-ана және Парыз.
Қарыз Ата-ана Парыз
— Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ деп ойлайсыңдар?
— Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Ата-ананың парызын, өтеу сенің қарызың» екен.
— Ата-ананың бала алдындағы борышын санасақ сан жетпейді. Олардың біразына тоқталатын болсақ: жастығын, денсаулығын, күш-қуатын жұмсап, тоғыз ай жүрегінің астында ұстап, өмірге әкелген, емізген және дені сау, тәрбиелі, әдепті етіп өсірген ананы көз алдымызға елестетіп көрейікші. (Ата-ананың ақысы фильмі).
Сұрақтар:
- Егер келіннің орнында болғанда не істер едіңдер?
- Егер баланың орнында болғанда сендер не істер едіңдер?
(Оқушылардың өз пікірлері тыңдалады)
(Панасыз қалған ана фильмі)
Сұрақтар:
- Көшеде қалған ананың тағдырына кім жауапьы?
- Ананың көңілі балада дегенді қалай түсінесіңдер?
- Осы екі бейнефильмде бала ата-ананың алдындағы қарызын өтеді деп ойлайсыңдар ма?
(Оқушылар пікірлерін тыңдау)
Сонымен балалар, Парыз бен Қарыз туралы осы сабақтан алғанымызды санамалап жазып шығайық.
ІІІ. Қорытындылау.
Халқымыздың мақал-мәтелдерінен, даналық сөздерінен де ата-ананысың қадір-қасиеті туралы айтылған асыл сөздерді табар едік.
«Алты аға бірігіп — әке болмас,
Жеті жеңге бірігіп – ана болмас» — деген сөзде де терең ой жатыр. Ата-ананың үміт-арманы баласымен бірге жасайды. Сол себепті олардың бар тілеуі балаға бағышталады. Ақыры, ең қастерлі тілектері: Бала-шағаның алдында дүние салып, солардан топырақ бұйырса, — дейді. Осындай ата-ананы сыйлау сәби шағыңда өзіңді олар қалай бағып-қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялап, күту қандай ғанибет!
Қазақтар – «Төріңнен қарт кетпесін!» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз. Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған ерекше биік орны қадір-қасиеті ше! Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау – өз болашағыңды сақтау.
Ата-анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады.
[bws_related_posts]