Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы
№ 1 жалпы орта білім беретін мектебі КММ.
Сызу, бейнелеу өнері пәндерінің мұғалімі:
Досанов Абдрахман Муханбетжанович
Бейнелеу өнері 6 — сынып
Тақырып:
Мақсаты: Сурет салу ережелерімен таныс болу.
Білімділік : Сурет салу жолдарын меңгеру
Тәрбиелік: Әсем сұлулықты байқауға, әдемілікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың өнерге деген қызығушылығын дамыту.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Әдіс – тәсілдері : Баяндау, сұрақ- жауап, сурет салу.
Көрнекілігі: Сурет салу түрлері және салу
құралдары, плакаттағы суреттер.
Пәнаралық байланыс: Әртүрлі пәндер
Құрал – жабдықтар: Альбом, акварель краскасы, қарындаш,
қылқалам, политра, тущь.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
- Сәлемдесу, оқушыларды журналмен тексеру.
- Өткен сабақты қайталау
- Жаңа сабақты түсіндіру.
- Бекіту.
- Сурет салу.
- Қорытындылау, бағалау.
- Үйге тапсырма беру.
Өткен сабақты қайталау
- Графика өнері дегеніміз не?
2.Графиканың қандай шығармалары бар?
- Графика мен кескіндеме өнерінің қандай айырмашылығы бар?
- Графиканы қандай құралдармен салады? – деген сұрақтарды қоя отырып сабақты баяндау.
Аралас сабақ
Орындалу техникасына қарай суреттірдің түпнұсқалық және баспалық түрі бар. Түпнұсқалық суреттер суретші қолынан бір дана болып шығады. Баспа суреттерді клишеге бояу жағып шығады да, бетіне қағаз жауып оттиск алады. Оны эстамп деп атайды.
Эстамптың бірнеше түрі бар. Оның негізгілері гравюра (ксилогрфия ағашқа, линографюра, линолеумде, офорт металлға жасалады) және литография (литографиялық қарындаш және қышқылдарды өңдеу арқылы литографиялық тасқа оттискпен салынған сурет).
Ксилография – ағашқа жасалған гравюра. Ксилографияда элементтер бояу жағылған ағаш кесіндісінің жазық бетіне қашау арқылы терең батырылып түсіріледі.
Офорт – бетінде үңгіленген суреті бар, металлға жасалатын гравюраның бір түрі. Офорт- француз тілінен аударғанда «ащы су», демек азот қышқылы, яғни офорт тақтайшасын өңдеу деген мағынаны білдіреді. Офорт жұмысының негізіне металл және азот қышқылының бір – біріне қосылып, әсер ету процесі жатады.
Литография деп литография тасының көмегімен жасалған бейненің көшірмесін айтады. Жазық баспалық гравюра тастың тегіс бетіне басылады.
Сурет салуды меңгерту.
Сурет салумен тек суретші ғана шұғылданбайды. Ол өнерді өсімдіктану маманы – өсімдіктер суретін салуда, геологтар – минералдар құрылысын бейнелеуде, географтар – табиғатты , картаны сызуда , сәулетші әртүрлі құрылыстардың жобасын түсіруде қолданады.
Сурет салуды меңгеру үшін көптеген байланыстарды орната білу керек. Біріншіден, заттың өзіне қарап немесе елестету арқылы сурет салу тәсілдерін меңгеру. Екіншіден, сурет салудың негізін білу, яғни затты және оның бейнесін бақылау. Ал, үшіншіден, сурет салудың басты талаптарын қадағалау – жалпыдан дараға және дарадан жалпыға .
Сабақты қорытындылау
Жаңа сабақ бойынша оқушыларға бірнеше сұрақтар қойылып, еске түсіреміз.
Сұрақтар қою
1.Графика жасау техникаларына не жатады?
- Графика өнері дегеніміз не ?
- Қандай графика өнермен таныс болдық ? – деген сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындылаймыз.
Оқушыларға сурет салғызу
40-48 беттерді оқу және осы беттердегі суреттерді альбом бетіне графика құралдары көмегімен салу.
Бағалау.
Сабаққа қатысып отырған оқушыларды және суреттерін тексеру арқылы бағалау.
Үйге тапсырма
Тақырыпты оқу, суреттерін аяқтау.
[bws_related_posts]