Қостанай облысы
Жангелдин ауданы
Торғай селосы Ш.Уәлиханов орта мектебінің география пәні мұғалімі Ысмағұл Айгүл Әмірханқызы
Сабақтың тақырыбы:
Жасанды су қоймалары. Құрлық суының маңызы және оны қорғау
Сабақтың мақсаты:
- Жасанды су қоймалары, құрлық суының маңызы және оны қорғау шаралары туралы білу.
- Картамен жұмыс істей білуге, тапсырмаларға, пәнге қызығушылығын арттыруға, табиғи ортаны аялай білуге бағыт беру.
- Өзіндік ізденісін шығармашылық қабілеттерін дамыту, экология туралы түсініктерін қалыптастыру.
Сабақтың типі: Б.Блумның токсономиясы
Сабақтың түрі: Ізденіс
Сабақтың формасы: Топтық жұмыс.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, картамен жұмыс, топтастыру,баяндау,топпен жұмыс,жеке жұмыс.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, электронды оқулық, кітап, “Қазақстанның физикалық картасы”, атластар 6 сынып
Сабақтың технологиялық картасы
Ұйымдастыру кезеңі
.Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу.
Сабақтын мақсатымен міндетін анықтау.
Үй тапсырмасын сұрау:
Сұрақ-жауап
1.Жердің сыртын неше қабық қоршап тұр?
2.Гидросфера жердің қандай қабығы?
3.Гидросфераның құрамына қандай сулар кіреді?
4.Гидросфераның ең көп бөлігін қандай сулар алып жатыр?
5.Неше мұхит бар?
- Құрлық суларын ата
Кім жылдам?
1.Өзен дегеніміз не?
2.Дүниежүзінің ең ұзын өзені-
3.Қазақстанның ұзын өзені-
- Көл дегеніміз не?
5.Қазақстанның ірі көлдері-
6.Мұздықтар дегеніміз не?
7.Жергілікті жердің ұзын өзені-
8.Жергілікті жердің үлкен көлдері-
9.Жер асты суларының түрлері-
10.Жергілікті жердің жер асты сулары-
Торғай өзені-бірнеше салаларымен бірге басын Қазақтың ұсақ шоқысы мен Торғай қыратының оңтүстік бөлігінен алады. Сары Торғай мен Қара-Торғай өзендері қосылып Торғай өзенін құрайды.
Географиялық картамен жұмыс.
- Қазақстанның ұзын өзендерін
картадан көрсет
- Қазақстанның ірі көлдерін картадан көрсет
1-қадам: «Білу»
1-топ
1.Каналдар деген не?
2.Елімізде салынған қандай каналдар бар?
2-топ
1.Жасанды су қоймаларын қашан,кімдер салған?
2.Қазақстан аумағында қандай бөгендер салынған?
3-топ
1.Жер бетіндегі суды ұқыпсыз пайдаланудың зардабы қандай?
2.Өзен, көлдердің суларын ластанудан сақтау үшін не істеу керек?
2-қадам: «Түсіну“
Географиялық диктант
- Арал теңізінің тартылу себебі неде?
Себебі оған құятын …………………………………. мен …………………………………. суын егіншілікке орынсыз ысырап жасау әсерінен болған.
- Суы таза өзендер мен көлдер не себепті азаюда?
Себебі қалдықтар мен егін шаруашылығында пайдаланатын……………………………………………………………… адамдардың ұқыпсыздығынан суға қосылып, суы таза …………………………………………. мен …………………………………… азаюда
- Қазақстан аумағында……………………………………… өзеніне………………………….., Сырдария өзеніне ……………………..,
Іле өзеніне…………………………….. бөгендері салынған
3-қадам: «Талдау»
1-топ: Каналдар
2-топ: Бөгендер
3-топ: Суды қорғау
5-қадам: «Қолдану»
Кескін картамен жұмыс.
Кескін картаға Қазақстан құрлығындағы бөгендер мен Дүние жүзіндегі ірі су каналдарын түсіру
6-қадам:» Баға беру“
«Сен қалай ойлайсың?»
Тапсырма-карточкалар
1-топ:Өзен жағасында демалып болған соң қалдық қоқсықты қайда жібересіңдер?
- Өзенге лақтырып тастаймыз.
- Жағада қалдырып кетеміз
- Басқаша әрекет жасаймыз (Қандай?)
2-топ:Жазғы су тасуынан кейін өзен жағасында балықтар қалып қойды
делік. Сендердің әрекеттерің қандай болмақ?
- Ол-табиғаттың өзінің әрекеті, біз ештене істей алмаймыз.
- Балықтарды аулап, үйге алып кетеміз.
- Балықтарды және олардың құртшабақтарың сүзіп алып өзенге жібереміз.
3-топ: Өзен жағасында үй салу үшін сендер қандай әрекет жасайсындар?
- Құрлысқа қажет емес ағаштарды кесіп тастаймыз
- Судан шамамен 300метрдей қашықтағы ағашы жоқ ашық жерді таңдап аламыз.
- Үйді өзенге тақап саламыз.
Қорытындылау
Тест
1) Жердің су қабаты.
А. Атмосфера С. Гидросфера
Б. Литосфера Д. Биосфера
2) Өзеннің басталатын жері.
А. Бастауы С. Кемері
В. Сала Д. Сағ
3) Дүние жүзіндегі ең үлкен көл.
А. Сарез С. Танганьика
В. Байкал Д. Каспий
4) Қазақстандағы ең ұзын өзен.
А. Есіл С. Ертіс
В. Жайық Д. Іле
5) Жасанды су қоймалары қалай аталады?
А. Канал С. Көл
В. Бөген Д. Мұздық.
6.Гидросфераның қанша бөлігі дүниежүзілік мұхит суын құрайды (процентпен)
А) 0,4% С) 75%
В) 10,2% Д) 96,5%
7) Құрамында еріген тұздар мен газдары бар жер асты суы.
А. Грунт суы С. Минералды су
В. Қабатаралық су Д. Термальды су
8) Құрлықтағы табиғи ойпаңға жиналған су қалай аталады?
А. Өзен С. Көл
В. Мұздық Д. Бөген
9.Көлемі жағынан ең үлкен мұхит
А) Тынық С) Үнді
В) Солтүстік мұзды мұхит Д) Атлант
10) Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама.
А. Виктория С. Анхель
В. Ниагара Д. Кивач
Жауаптары
1 С
2 А
3 Д
4 С
5 В
6 Д
7 С
8 С
9 А
10 С
Оқушылардың білімін бағалау:
Үйге тапсырма беру: §35 оқу Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс.
[bws_related_posts]
5 қадамды қалай орындаймыз ?