Ауа

Ақтау қаласы                                                                                                            №11мамандандырылған   физика- математикалық мектебі

  бастауыш сынып мұғалімі

  Әліғұлова Гүлжан Темірбайқызы

Сабақтың тақырыбы           Ауа
Сабақтың  жалпы мақсаты Оқушылардың ауаның құрамы мен қасиеттері, ауаның жер бетіне таралу жолдары туралы білімін қалыптастыру
Әдіс-тәсілдер «Миға шабуыл», поэзия сәті, «Жүреміз, ойланамыз”, “Фишбоун”, “9 алмаз”,топтық жұмыс,жеке жұмыс

 

Күтілетін нәтижесі Оқушылар  ауаның құрамы мен қасиеттері, ауаның жер бетіне таралу жолдары туралы білімін қалыптастырады.

 

 

Уа-қыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Дерек көздер
1 2 мин Сыныпта  ынтымақтастық  атмосферасын  қалыптастыру Әр топтан бір қызды таңдап, сол қыздың жақсы мінездері мен қасиеттерін айтады.  
2 2 мин Топқа бөлу

«Шартты белгілер»

1 топ:   жаңбыр

2 топ:   жел

3 топ:  қар

4 топ:   ашық күн

Оқушылардың аты-жөндері қима қағазда жазылып тұрады және есімдерінің қасында ауа райының шартты белгілері жазылған. Оқушылар сол белгілер арқылы топқа бөлінеді Қима қағаздар

Шартты белгілер

 

3 1 мин Сабақтың бағалау критерийлерімен таныстыру

Миға шабуыл Жүреміз, ойланамыз Ой толғау «Фишбоун» әдісі 9 алмаз бағалау
           

 

 
4 5 мин Жаңа сабақтың ашылуы

І.  «Миға шабуыл »

1. Ауа туралы не білесіңдер?

2. Жел дегеніміз не, ол туралы не білесіңдер?

3. Қазір ауа райын кімдер бақылайды?

 

Жеке жұмыс

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

слайд
5 3 мин ІІ. Поэзия сәті. Өлеңде ауаның қандай қасиеттері туралы айтылып жатыр?

Ол мөп-мөлдір, Көзге көрінбейтін газ.

Бізді әуеде қалқып,

Қоршап тұратыны рас.

Орманда да бар,

Емен мен самырсын аңқыған.

Тыныстаған сайын

Иісіне жаның балқыған.

Жазда жылы леп болып,

Қыста дірдек қақтырған.

Көзімізге көрінбейді,

Ұстағанға білінбейді.

Онсыз бізге өмір жоқ,

Таза ауаға жаның тоқ.

Оқушылар өлең жолдарындағы айтылған ауаның  қасиеттері жайлы айтады слайд
6 10 мин ІІІ. «Жүреміз, ойланамыз» әдісі

n  Ауаның ластану себептері

n  Ауа тазалығын сақтау

n  Желдің пайдасы

n  Желдің зияны

Әр топ басшылары келіп сұрақтарды таңдайды. Берілген 4 сұрақ б\ша 4 топ әр түсті маркерлермен плакатқа жауап жазады. Белгілі бір уақыт ішінде топ мүшелері орындарын ауыстырады.Орындарын ауыстыра отырып, әр топтың жазған жауаптарын тексереді және өз пікірлерін қосады. Кейін әр топтан бір оқушы шығып қорғайды Плакат

Түсті маркерлер

7 5 мин ІV. Ой толғау

n  Құйын қайдан пайда болады?

n  Құйынды дауыл еліміздің қай аймақтарында жиі кездеседі?

 

Жеке жұмыс

Оқушылар сұрақтарға жауап береді

слайд
8 2 мин Сергіту сәті «Шоқ қыздар» әуеніне билейді бейнеролик
9 5 мин V . «Фишбоун» әдісі

Басы:  проблемалық сұрақ

Сүйектері:  шығу жолдары

Құйрығы:  жауабы

1.Денсаулықты қалай сақтаймыз?

2.Табиғатты қалай қорғаймыз?

3.Құстардың табиғаттағы атқаратын ролі

4.Мектеп ауласын қалай көгалдандырамыз?

4 топтың лидерлері  4 түрлі проблемалық сұрақтарды таңдайды, өздеріне берілген сұрақтарға плакатқа сызылған балықтың сызбасына жауап жазады слайд
10 5 мин VІ.  9 алмаз

Сөздер жазылған қима қағаздарды үлестіремін

Ауа, жылы ауа, суық ауа,ылғалды ауа, түссіз,иіссіз,мөлдір,пішінсіз,адамдардың тыныс алуына қажетті оттегі болады, ормандағы жасыл ағаштардың арқасында таза ауа болады, тіршілік көзі

Оқушыларға кеспе сөздер үлестіріледі. Сол сөздерді кестелерге ауаның маңыздылығына қарай төменнен жоғары қарай орналастырады. слайд
11 2 мин Бағалау

«5» — күн

«4» — бұлт

«3» — тамшы

 

Әр топ лидерлері өздерінің топ мүшелерін бағалайды. Қорытынды бағаны айтады. Бағалау критерийлері жазылған плакаттар
12 2 мин Кері байланыс

Не үйрендім?  Не үйренгім келеді?

Оқушылар стикерге сабақтан алған әсерлері жайлы жазады. Тақтадағы табиғаттың суретіне апарып жапсырады. Плакат

стикер

13 1 мин Үйге тапсырма

“Бұлт. Жауын-шашын” тақырыбы бойынша қосымша іздену

 

   

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *