Жамбыл облысы
Қордай ауданы, Гвардейский қалашығы
№43 Б.Момышұлы атындағы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Жакыпбекова Нургуль Аскаровна
Сабақтың тақырыбы: Етістік
Сабақтың мақсаты : Етістік туралы білетін білімдерін еске түсіру, толықтыру.Оқушылардың өзіндік іс-әрекет дербестігін арттыру.
Есте сақтау,ойлау,сөйлеу қабілеттерін дамыту. Танымдық қабілеттерін жетілдіру. Сөздік қорларын молайту.
Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақтыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Дамытушылық
Сабақтың әдіс-тәсілі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетімен жұмыс істеу
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, сәйкестендіру.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық
Қазақ тілім — өз тілім — ана тілім,
Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым ,дара тілім!- деп қазақ тілі сабағын бастаймыз.
Балалар, біздің бүгін сабағымызға қонақтар келіп отыр. Біз қонақтарды тәрбиелі тәртібімізбен, білімімізбен қарсы алып, шығаруымыз керек.
- Балалар бүгін көңіл-күйлерің қандай?
Оқушылар торт топқа бөлініп отыр.
I топ –зат есім
II топ-сын есім
III топ-сан есім
IV топ етістік
- Үй жұмысын тексеру: 106 жаттығу ,144-беттегі.
Әр топтан бір оқушы қорғап шығады. Берілген зат есімдерді жіктелу ерекшелігіне қарай топтап жазу.
Мен қазақпын,дәрігермін, балаңмын,ғалыммын,ағасымын
Сен күйшісің,сатушысың,інісісің
Сіз жазушысыз,көршісіз
Көпше түрі
Біз бишіміз
Сендер көмекшісіңдер
Сіздер тергеушісіздер
III. Өткен сабақты қайталау.
-Қандай сөз таптарын білеміз?
-Қай сөз табын өттік?
— Зат есім дегеніміз не?
— Адамға қатысты сөздерге қандай сұрақтар қоямыз.
— Неше септік бар?
— Жастық сөзін септе
— Зат есімнің қандай түрлерін өттік?
— Зат есімнің көпше түрі қандай жалғаулар арқылы жалғанады?
- Үй жұмысын қорыту:
Әр топ өз топтарының атына бір сөзге тәуелдеп береді.Топ басшысы қорғайды.
- Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабағымыздың ұраны:
Сөйлейміз, оқимыз, жазамыз.
Бәрін білуге ұмтыламыз!
Ендеше осы ұранымызды ұстана отырып, сабағымызды бастаймыз.
Сабағымызды бастамас бұрын мына ребусты шешіп алайык,сонда біз бүгін қандай тақырып өтетінімізді біле аламыз. «Етістік» дұрыс айтасыңдар балалар, Жарайсыңдар!
Ендеше бір бірімізге сәттілік тілеп, сабағымызды жақсы көңіл-күймен бастаймыз.
Дәптермен жұмыс.
Күн ретін жазамыз,көркем жазу Е е
Еліктеді еріді елжіреді еңкейді ескерді елестетті егеді
Егеді- сөзіне дыбыстық талдау жасату
Етістік туралы түсіндіру. Заттардың қимылын, іс- әрекетін білдіретін сөздерді – етістік дейміз.Етістіктерге Не істеді? Не қылды? Қайтты? деген сұрақтар қойылады. Дара жене күрделі, негізгі және туынды, болымды және болымсыз етістік болып бөлінеді.
Оқулықпен жұмыс: 2-жаттығу Жұмбақты оқып, жатқа жаз.Шешуі тап. Шешуі мұз
3-жаттығу Туынды етістіктерді теріп жаз.Дәлелде.Туынды етістіктерді қатыстырып сөйлем құра.
-Сәйкестендіру тестін орындаймыз. Адасқан сөздерді орнына қоямыз
Арыстан-боздайды
Түйе-ақырады
Жылқы – маңырайды
Қой – мөңірейді
Аю- бақырады
Сиыр кісінейді
Сергіту сәті.
Шаршасаңдар, балалар,
Қолдарыңды созыңдар.
Саусақтармен ойнаңдар,
Қолдарыңды сермеңдер.
Денелерің шынықсын,
Саналарың тынықсын.
4-жаттығу Тыйым сөздерді жаттап ал.
Құр бекерден ермекке
Бос бесікті тербетпе.
Тұзды баспа,
Шоқты шашпа.
Дастарханға емінбе,
Көп алдында керілме.
Өлең құрастыру «Ұйқасын тап»
Сабақта мен———————-
Жаман бала———————-
Жақсылармен——————-
Айтқан серттен——————
Үлкендерді———————-
Айтқандарын——————-
Көмектесем———————-
Көріңдер, мен——————-
Осы өлеңнен көкейлеріңе не түйдіңдер?» (Үлкенге көмектесу,әдепті болу)
5-жаттығу Сызбаға қарап,етістік туралы білетініңді жинақта.
Тақтамен жұмыс:
6-жаттығу Болымды етістіктерді болымсыз етістікке айналдыру
Сыз-сызба, теже-тежеме,тұса-тұсама,үз-үзбе, мүжі-мүжіме, күл-күлме,еге-егеме.
Сөз табын талдау ойыны:
Зат есімге -сары,сын есімге- жасыл,сан есімге – көк, етістікке-қызыл түсті көтереді.(Оқушының шапшаңдығын дамытады)
1 . Өлең,тау, қалам,ән,бала, киім, көйлек, жастық.
- Тұрды,жазды, сызды, күлді, жүгірді, оқыды, биледі.
- қырық, жүз, бес, үш , сексен, мың, тоқсан, алпыс, бір.
- Биік,әдемі, үлкен, ақылды, таза, көрікті, сұлу, кең.
Сабақты қорыту:
I топ –Ішінде етістігі бар мақал-мәтел ойлап жазу.
II топ – Ішінде етістігі бар ырым,тыйым сөздер ойлап жазу.
III топ- Дара етістіктерді күрделі етістікке айналдыру.
Ivтоп — Сөздердің қарама-қарсы жұбын тап.
Балалар, бүгін біз қандай тақырып өттік?
— Етістік дегеніміз не?
— Етістіктің қандай түрлері бар екен?
— Қанша сөз табы бар?
— Сойлем дегеніміз не?
— Мәтін дегеніміз не?
— Неше септік бар?
- Үйге тапсырма: 7-жаттығу 147-бет Мақалды жазып,сөз құрамына талдау.
Бес күрделі етістікке сөйлем құрап келу. Ереже жаттау
Бағалау: Оқушылардың қолдарына жинаған күлегеш арқылы бағалау.
[bws_related_posts]