Басы » Бастауыш сыныптар » «В в» дыбысы мен әрпі

«В в» дыбысы мен әрпі

шонжы«№ 4 Шонжы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Акимжанова Баян Сайлаубековна
Сабақтың тақырыбы: «В в» дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік:

«В в» дыбысы  мен  әрпі   және  басқа  да  өтілген  дыбыстар   туралы  түсініктерін  арттыру.                    «В в»дыбыс  бар  сөздерді   дұрыс  және  мәнерлеп  оқуға   баулу.Сурет  бойынша   жұмыс  жүргізу   арқылы  сөздік  қорларын  артттыру.

  1. Дамытушылық:

Оқулықтағы   сөздерді  оқып,  дыбыстарға  талдау  жүргізу.  Сөйлем  құрау.Сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту.

  1. Тәрбиелік:

Топтық  жұмыс  арқылы  тыңдау  мәдениетін  қалыптастыру,сыйласымдылыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, текшелер, кеспе әріптер, слайд.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, ой қозғау, сұрақ-жауап, талдау-жинақтау.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру.

А) Сәлемдесу

Ә) Түгендеу

Б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

В) Психологиялық дайындық

ІІ Өткен сабақты пысықтау.

  1. Жеке жұмыс.

Әр  балаға  суреттер  таратып  беремін,  олар суреттегі  заттың  атын  атап,буынға  бөліп,  сол  сөздерді  қатыстырып , сөйлем  құрайды. (Мысалы: алма,  ал-ма, Мен алма  жедім.)

  1. Жұппен жұмыс.

Балаларға  сөздер  жазылған  үлестірмелі  қағаздар  таратып  беремін, олар  дауысты,  дауыссыз дыбыстарды  ажыратады.Жұппен  жұмыс  жүргізе  отырып,өздеріне  берілген  сөздерге  дыбыстық  талдау  жасайды.( Мысалы: қаһарман)

-Балалар,  мен  сендерге  жұмбақ  жасырамын.

Теуіп-теуіп қалдым

Алысқа ұзап бардым. Жауабы: Велосипед

ІІІ Жаңа сабақ

— Велосипед туралы әңгімелеу.Шығу тарихын айту.

Велосипед сөзін буынға бөліп қай дыбыстан басталғанын сұрау арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.Мақсатын хабарлау.

— В- ұяң, дауыссыз дыбыс.Орыс тілінен енген дыбыс.

— Жаңа сөздермен таныстыру.

Топпен  жұмыс.

Постер бойынша  жұмыс. Әр  топқа  постер  таратып  беремін.Суретте  бейнеленген  заттардың  атын  жазып,ішінен  в  дыбысы  бар  сөздерді  табады.

Вагон, трамвай, автобус, аквариум, велосипед, вокзал.

— Сөздерді буынға бөліп, неше дыбыс, неше әріп бар екенін анықтау,әр  сөзге  түсінік  беру.

— В дыбысы сөздің барлық буынында кездеседі.

ІV Оқулықпен жұмыс.

— Суретке қарап, әңгімелеу.Вокзал туралы білетіндерін сұрау.

— Мәтінмен жұмыс.

А) Өзім оқимын

Ә) Мәтінді талдау.

Б) Іштей оқу, дауыстап, тізбектеп оқыту.

— «Үлкенге құрмет-балаға міндет» мақалының мағынасын ашу.

V Сергіту сәті

VІ Дәптермен жұмыс.

Ауада жазу.Жазу жолындағы әріптерді жазу. В в әрпін балалардың әдемі, таза, сауатты жазуларын қадағалау.

VІІ Тақтамен   жұмыс

VІІІ Ой-толғаныс.

Топтастыру стратегиясын қолдану.

В дыбысы бойынша не үйрендік, не білдік?

Трамвай  орыс тілінен енген дыбыс

Велосипед   В барлық буындарда кездеседі

Аквариум   ұяң дауыссыз дыбыс

ІХ Сабақты қорытындылау

  ж          
    а        
    р          
        а    
      й      
      с    
    ы        
      ң        

Сабақта сөзжұмбақ арқылы қорытындылаймын.

  1. Түйе сүйіп жейтін шөп. (Жантақ)

2.Бір-бірімен қора үйлер тіркесіп

Қос сүрлеумен әрі-бері жүр көшіп (Вагон)

  1. Табанында жолы бар

Төбесінде қолы бар (Трамвай)

  1. Поезға қай жерден мінеміз? (Вокзал)
  2. Суда жүзетін көлік (Қайық)
  3. Ең жақсы баға (Бес)
  4. Үй жануары (Мысық)
  5. Сырты қатты

Іші  тәтті.     ( жаңғақ)

Сөзжұмбақтың шешімі : Жарайсың

Оқушыларды мадақтау.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *