Басы » Бастауыш сыныптар » Кімнің мекені жақсы?

Кімнің мекені жақсы?

шонжы«№ 4 Шонжы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Акимжанова Баян Сайлаубековна

Сабақтың тақырыбы: Кімнің мекені жақсы?
Сабақтың мақсаты: 1.  Білімділік Өтілген   бөлімдерді  еске  түсіре  отырып,мәтіннің мазмұнын ашу. Әр жәндіктер мен жануарлардың өз мекендерін қалай жақсы көретінін түсіндіру.
2.Дамытушылық: Оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушыларды  жан – жақты тәрбиелеу.
3.Тәрбиелік: Оқушыларға туған жерлерінен артық  мекен жоғын түсіндіру.

Сабақтың  типі:  Аралас  сабақ

Сабақтың  түрі: Дәстүрлі   сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндірмелі жұмыс , топтастыру стратегиясы,ыстық  орындық  әдісі, сахналық қойылым.

Оқыту  технологиясы: Дамыта  оқыту  технологиясының  элементтері. В.В.Давыдов. Д.Б. Эльконин.

 Пәнаралық байланыс:  қазақ  тілі,дүниетану, бейнелеу, музыка
Көрнекілігі: суреттер, мақал-мәтелдер,жәндіктердің  суреттері,слайд

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру  кезеңі.

а)Балаларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару, топқа бөлу.

ә) Психологиялық  дайындық.

Біз  бақытты  баламыз,

Ойнап- күліп  аламыз.

Жақсы  оқып  сабақты,

Күнде  бестік  аламыз!

2.Үй тапсырмасын  тексеру.

— Балалар, біз  өткен  сабақта  Сәкен  Жүнісовтың  «Кімнің  мекені   жақсы?»  әңгімесінің  2  бөлімін өттік. Сол  бөлімдерін  еске  түсірейік. Біз  3 топқа  бөлінеміз, тапсырмалар  орындаймыз. Әр дұрыс  жауап үшін 1 тәттіден  беріп  отырамын.Қай топ  тәттіні  көп жинайды  сол  топ  жеңіске  жетеді.
І топ
Екі басы жұдырықтай,
Ортасы қылдырықтай                     (құмырсқа)

ІІ топ
Қос мекенді жануар.                       (құрбақа)

ІІІ топ
Жыл басы қай жануар?            (тышқан)

  1. 3. Үй тапсырмасын жан- жақты  тексеру.

Үш топқа тапсырма
Әр топ топ жауаптарындағы жәндіктері туралы әңгімелеңдер.

—    Балалар, осы құмырсқа, құрбақа, тышқан үшеуі жолға шығады. Олар жолға неге шықты деп ойлайсындар? Оны білу үшін алдарыңдағы араласып кеткен сөздерді орнына қойсаңдар олардың жолға неге шыққандырын білесіңдер. «Кімнің  жақсы   мекені,  жайлы  қонысы » бар  соны  білу  үшін.

— Қай топ  жылдам  құрайды  екен. Құрап  біткен  топ  бір- бірінің  қолдарыңды  ұстаңдар.
Құмырсқалар   тобы    1-ші бөлімді  еске  түсіреді. Ыстық  орындық  әдісі  бойынша  түсінгендерін  сұрау.

.

«Құмырсқалар»  тобына  сұрақ.
1. Қалай ойлайсың, құрбақа, тышқан, құмырсқа үшеуіне осы мекен ұнады ма?
2. Неге ұнамады деп ойлайсыңдар?
Сонымен балалар, құрбақа, тышқан, құмырсқа тағыда ілгері қарай жүре берді. Содан кейін не болады екен?
«Құрбақалар»   тобы  2-ші бөлімді  еске  түсіреді. Сахналық  қойылым.

 

  1. Жаңа сабақты бастауға  даярлық.  Күн ретін, тақырыбын  жазу.

Мақалдарды  түсіндіру, мағынасын  ашу.

1.Туған  жердей  жер  болмас.

Туған елдей  ел  болмас.

  1. 2. Әркімнің өз жері- Мысыр   шаһары.

3.Бақа  көлінде  патша.

Балық  суында  патша.

Жігіт  елінде  патша.

  1. Жаңа тақырыпты меңгерту.

—    Балалар бұдан әрі не болды? – деп ойлайсындар
—    Ендеше балалар одан әрі не болғанын толық білу үшін, бүгін  3-ші  бөлімімен  танысамыз.

1.Мұғалімнің   мәнерлеп  оқып,  түсіндіруі.

  1. Тізбектей оқыту.
  2. Түсініктерін тексеру.

«Тышқандар»   тобына  сұрақ
1. Олар қайда оралды?
2. Өз мекеніне келіп не істеді?

  1. 3. Барлығының мекеніне келгендегі  толғана айтқан  сөздері  қалай  басталады?

4.Мәтіндегі  соңғы  сөйлемді  дауыстап,қайталап  оқыту.

Сонымен  дүниедегі  ең  бір  жақсы  мекен,жайлы  қоныс- әркімнің  өз  мекені, өз  жері  екен.

Соңғы  сөйлем  С.Жүнісовтың   әңгімесінің  негізгі  ойы  болады. Негізігі  ой  бір  оқиғамен  байланысып,бірнеше  оқиғамен  жалғасады.

Топпен жұмыс.

Мәтіндегі  негізгі  ойдың   1 топ  басталуын, 2 топ  жалғасуын, 3 топ  аяқталуын  тап.

Мәтін  неше  бөлімнен  тұрады? Әр  бөлімге  ат  қой.

Сұрақ. Өз  тұрған  жерің  саған  несімен  ұнайды? Мәтін  кейіпкерлеріне  ұқсап  өз  тұрған  жерің   туралы  толғана  әңгімелеуге  тырыс: «О,  шіркін! Дүниеде  мен  тұрған  жерден…»

— Дұрыс-ақ. Туған жер-әрбір адамның жарық дүниеге келген киелі мекені, ең алғаш жұтқан ауасы, аяғының ізі түскен жері, аялап өсірген алтын бесігі. Адам тағдыры (өмірі) туған жермен байланысты. Сондықтан әрбір адам өзі туып өскен мекенін құрметтеп, оған қамқоршы бола білуі керек. Өз туған жерінің әр тасын, әр құсын қызғыштай қорып, оған деген сезімін өз қамқорлығы арқылы көрсетіп отырған адамды ғана туған жерін құрметтейтін адам деуге болады.

-Ал біздің  Отанымыз  туралы  не білеміз?

Ол – кең байтақ, табиғаты әсем де көркем, пайдалы қазбаға бай, көп ұлт өкілдері тұратын мемлекет. Қазақстанның қай жерінде тұрсақ та, біз сол жердің толыққанды мүшесіміз.

Бақытты, бейбіт елде туып, өмір сүріп жатырмыз. . Біздің қосатын үлесіміз – сабақтан қалмай, сапалы да саналы білім алу.

  1. 7. Жаңа сабақты бекіту.

-Олай  болса  3 топқа   тапсырма  беремін.

«Құмырсқалар»  тобына. Дыбыстық  талдау  беріледі.

«Құрбақалар»  тобына. «Ойлан  тап!»   Орны  ауыстырылып  берілген  мақалдарды  құрастыру.

1.Басталады, отбасынан, отан

«Тышқандар»  тобына. Жұмбақ  шешу  арқылы  сурет  салу. Тақырып  қою.

 

1.Ақ сандығым  ашылды, ішінен  жібек  шашылды. (күн)

  1. Жазда жасырады, күзде томсырады. (ағаш)
  2. Жылт-жылт еткен,

Жылғадан  өткен. (су)

4.Үлкен –үлкен  түйені

Тастапты  атам  шөгеріп

Өркеші  бұлтқа  тиеді

Бауыры  жатыр  көгеріп. (тау)

-Балалар  біз бүгінгі  сабағымызда  нені  білдік?

Бүгінгі сабағымызды «Атамекен» әнімен аяқтайық.

Бағалау: топты бағалау, белсенді  қатысқан  оқушыларды  бағалау.

8.Үйге тапсырма: Мәтінді оқып,  туған  жер ,Отан тақырыбында мақал-мәтел  жаттау.

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *