Облыс__Шығыс Қазақстан облысы
Қала(аудан) _Тарбағатай ауданы
Мектеп____«Жамбыл атындағы орта мектебі» КММ
Мұғалім аты-жөні ___Аканова Каракат Акановна
Сабақтың тақырыбы: Резерфорд тәжірибесі. Атомның құрамы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Резерфорд тәжірибесін, атом ядросының құрылысын анықтайтын құбылыстардың физикалық және химиялық мағынасын, түсіндіру, химиялық элементтің негізгі қасиеттерімен таныстыру.
Дамытушылық: оқушылардың танымдық деңгейлерін кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту, элементтердің құрамын анықтай білуге дағдыландыру, ой-өрісін дамытуға, өз бетімен қорытынды жасауға үйрену.
Тәрбиелік: оқушыларды білімділікке, ізденімпаздыққа, белсенділікке, топпен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді қалыптастыру
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдісі: СТО әдісі, ауызша баяндау, электронды оқулық, сұрақ-жауап, көрнекілік.
Көрнекілігі: суреттер, химиялық элементтер кестесі, плакаттар
Пәнаралық байланыс: Математика, химия
Сабақтың құрылысы:
І. Ұйымдастыру. (оқушыларды түгендеу, оқушы назарын сабаққа аудару)
- Мағынаны тану «ББҮ» кестесі бойынша
Оқушылар бүгінгі жаңа сабағымызға байланысты “ББҮ” кестесін толтырамыз.
А) Атом құрылысы бойынша , өткен тақырыптар бойыншаөз білетіндерін толтыру. «Білемін» бағанын толтырайық .
1) Атом деген не?
2) Құрамында не бар?
3) Фотоэффект дегеніміз не?
4) Электрон дегеніміз не?
5) Протон, нейтрон деген не?
6) Атомды кім ашты?
7) Электронның шығу жұмысы дегеніміз не?
8) Фотоэффект туралы Эйнштейн формуласы.
9) Радиактивтік дегеніміз не?
10) Рентген сәулелері дегеніміз не?
ІІ. Жаңа тақырыпты игерту.
Б) Осы сұрақтар бойынша білімдеріңді толықтыру үшін «Білгім келеді» бағанын толтырайық.
1) Резерфорд атомды қалай ашты?
2) Қандай тәжірибе арқылы ашты?
3) Атом құрылысының химиялық мағынасы?
4) Атом құрылысының физикалық мағынасы?
5) Нуклид дегеніміз не?
6) Нуклондар дегеніміз не?
7) Изотоптар дегеніміз не?
8) Массалық сан дегеніміз не?
- Резерфорд тәжірибесі туралы түсіндіру, электрондық оқулық.
1911 жылы Эрнест Резерфорд α –бөлшектерінің өте жұқа алтын және платина пластикаларынан өтуін зерттеді.
Айтып кеткендей Резерфорд ашқан атом үлгісін Күн жүйесіне ұқсас атомның планетарлық моделі деп айтады. Модель бойынша атом оң зарядталған ядродан және оны айналып жүретін теріс зарядты электрондардан тұрады
Электрондардың массасы аса аз болғандықтан атомның бүкiлдей дерлiк массасы ядрода шоғырланған. Ядроның диаметрі 10-12 – 10-13 см, ал атомның диаметрі 10-8 см шамасында.
Егер атомның көлемін футбол алаңының аумағына дейін үлкейтетін болсақ, атом ядросының көлемі футбол алаңында түсіп қалған шие дәніндей ғана болар еді.
Ғалымдардың зерттеуі бойынша атом ядроларының заряды
Мұндағы Z – элементтің Менделеев Кестесіндегі реттік саны;
e – элементар заряд .
Бұл теңдіктен мынадай қорытынды шығаруға болады:
— әрбір электронның немесе протонның заряды бір элементар зарядқа (e = 1,6*10-19 Кл) тең;
— кез-келген элемент атомының ядросындағы протондар саны сол элементтің менделеев кестесіндегі Z реттік санына тең.
Реттік нөмірдің физикалық мәні осында.Элементтердің реттік нөмірі – оның атом ядросының заряды. Атомның ядро заряды химиялық элементтердің қасиеттерін сипаттайтын маңызды шама. Атом құрылысын одан әрі зерттеу кезінде құрамына протондар мен нейтрондар деп аталатын бөлшектер кіретіні анықталды.
- Элемент атомының массасы протон мен нейтрон массасының қосындысына тең.
- Ядродағы протон саны элементтің реттік нөміріне тең.
А = Z + N; A – атомдық масса; Z – протон; N – нейтрон
Мысалы, гелий атомы ядросының () заряды , ал заряд саны Z1 = 2.
Кез-келген элемент атомының ядросындағы протон мен электронды жалпылап нуклондар деп атайды, ал тұтас ядроны нуклид дейді.
Бір- бірінен тек ядросындағы нейтрондар санына қарай ажыратылатын элемент түрлерін изотоптар деп атайды. — жеңіл сутегі өте көп; — ауыр сутегі дейтерий сирек кездеседі; — тритий кездеспейді.
Элемент изотоптарының химиялық қасиеттері бірдей, сондықтан оларды химиялық амалдармен ажыратуға болмайды. Изотоптарды тек массалық сандарына қарай ажыратып, сезімтал құралдардың жәрдемімен бөліп алады.
- Кесте толтыру
- Атомның элементар бөлшектері:
Бөлшектер | Белгісі | Салыстырмалы заряды | Салыстырмалы массасы |
Протон | Р | + | 1 |
Нейтрон | П | 0 | 1 |
Электрон | Е | − | 0 |
ІҮ. Бекіту.
Оқушылар енді осы алған білімімізді есептер шығарып тексеріп көрейік.
1) Күміс ядроларының құрамы қандай?
2) Хром атомындағы электрондардың толық заряды неге тең?
3) Атом ядросының толық заряды 2,08*10-18 Кл . Бұл қай элемент?
4) Химиялық элементтің Менделеев кестесін пайдалана отырып мына ядролардың қандай элементке жататынын анықта?
5) 42-жаттығу №1,2 есебі
Ү) Осы сұрақтар бойынша білімдеріңді толықтыру үшін «Үйрендім» бағанын толтырайық. (топтастыру стратегиясы)
ҮІ. Бағалау. (Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау)
ҮІІ. Үйге тапсырма. 1) § 54.
2) 42- жаттығу.
Бағалау парағы
№ | Оқушы аты-жөні | Өзін-өзі бағалауы | Топ жетекшісінің бағасы | Мұғалімнің бағасы | Қорытынды баға |
1 | Ақзанова Мөлдір | ||||
2 | Қалымбекова Дария | ||||
3 | Әбдешова Айгерім | ||||
4 | Зейноллаева Сабина | ||||
5 | Башенов Жандос | ||||
6 | Картаев Рүстем [bws_related_posts] |