Басы » Бастауыш сыныптар » Аңыздар.Қожанасыр мен ашқарақ

Аңыздар.Қожанасыр мен ашқарақ

Т.Жүргенов атындағы мектеп-лицей мұғалімі

Жақыпова Ұлжалғас Әділханқызы

Күні:  21 .10                         

Пәні : Әдебиеттік  оқу .    Ашық сабақ                            

Сабақтың тақырыбы: Аңыздар.    Қожанасыр мен ашқарақ (Аңыз)                                 

Сабақтың мақсаты: 1.  Аңыз туралы түсінік беру, мәтінді мәнерлеп түсініп оқуға,                                   Аңыздардың мазмұнын салыстыру . Негізгі ойды анықтату  мазмұнын айта білуге                           дағдыландыру

  1. Тілін,сөздік қорын дамыту
  2. Әдепті болуға тәрбиелеу

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі:  Оқу құралдары, кестелер, суреттер.

                                                  Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу   ә) дайындығын қадағалау  б) Психологиялық дайындық

Мейірімді жүрекпен ,

Ақпейілді тілекпен,

Амандасып  алайық,

Бір жадырап қалайық!

  1. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

а) Әңгімені оқыту ә)  Мазмұнын айтқызу ,рөлге бөліп диалог жүргізу.

б) Үй тапсырмасын қорытындылау.

III.  Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

 Сұрақтарға  жауап  алу.

  1.  Қазақтың ұлы ақыны
  2. «Уф» десе ұшасың,«Суф» десе қонасың – деген өлең жолдары қай кейіпкерге қатысты     айтылған?
  3. Қазақ балаларына арнап алғаш мектеп ашқан ұстаз
  4. Шоқан Уалиханов туралы жазылған әңгіме қалай айтылады?
  5. Жиғанымыз дән,Айналамыз толған ән – деген кейіпкерді ата
  6. Жұмыртқадай жұқа басын жарып, жан тапсырған ертегі кейіпкері
  7. — Ертегілер неше топқа бөлінеді? (3 ке)  (жануарлар туралы, қиял – ғажайып, шыншыл    ертегілерімен таныстық)

8.- Төрт түлік туралы қандай жырлар оқыдыңдар? (Сиыр, Торы құлын, Қой, Түйе)

9.- Атадан қалған асыл мұра бойынша біз қандай әлеммен  таныстық? (ертегілер әлемі)

10.- Атадан қалған асыл мұраның келесі саласы аңыздар мен танысамыз.

  1. Мақсат қою

Бүгінгі сабақтың  мақсаты– аңыз туралы түсінік алу, мәтінді мәнерлеп түсініп оқуға мазмұнын айта білуге дағдылану

  1. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
  2. Мұғалімнің түсіндірмесі.

   Өмірде болған адам басынан құрылған әңгімені аңыз дейді. Аңыз халық ауыз әдебиетінің бір түрі.Аңыздар тарихта болған адамдардың іс-әрекетіне байланысты оқиғалар әңгімеленеді. Аңыз әңгімеде шындық оқиға мен қиял-ғажайып оқиға аралас келеді.                       Олардың кейіпкерлері : Жиренше, Алдар көсе

Алдаркөсемен  бірге  аты  аталған  шындық үшін ,әдептілік үшін күресіп жүретін  халыққа жағымды  кейіпкер бар .Ол кім ? (Қожанасыр )

Олай болса мен  сендерге  Қожанасыр жайлы қысқаша  мәлемет  берейін.

Қожанасыр  қазіргі Тұркияның  Ескішехир қаласының Севрихисар бөлігіндегі Хорту деген ауылда  туған.Қожа  алғашқы сабақтарын ауыл  ишамы  болған өз  әкесінен  алған екен.

Қожанасыр көпшілік қауымға тура жолды нұсқап, жақсылыққа шақырып, жаманшылықтан тыйған әулие адам болған. Ақиқатты паш ету үшін, сондай-ақ, қоғамды

бұзық әрекеттерден арашалау мақсатында  халыққа ең жақын тілді және тапқыр сөздерді қолданып, ащы мысқылға толы, адамды еріксіз күлдіретін, күлдіре отырып жылататын өнегелі сөздерді айтатын.

Қажа  Насреддин  адамдарға тура жолды көрсетумен  өмірін өткізген ,нақыл мен  даналыққа толы насихаттар  жүргізген адам .Оның сөздері  ауыздан –ауызға өтіп қазірге дейін сақталған.

Әңгімелерде Қожанасыр бірде қу, бірде аңқау ,бірде өткір тілді  қалжыңбас  бейнесінде сипатталады .Қазақстанда «Қожанасыр » деген атпен танымал болған бұл кісі жай ғана ойдан шығарылған кейіпкер емес.

Қожанасыр  туралы әңгімелер  бүкіл Орта,Кіші Азия,Арабия,Грекия,Кавказ,Еділ бойындағы елдерде  Қожа  Насреддин атымен кең таралған .

Сондай аңыз  әңгімелердің бірі « Қожанасыр мен ашқарақ» аңызымен  танысамыз.

  1. Оқып, талдау.

Мәтінді түсініп оқу, талдау.

Сұрақтарға жауап алу.(суретпен жұмыс)

Рөлге бөліп ойнату

— Мәтінге сүйеніп, суреттен кімдерді көріп тұрғандарыныңды айт.

— Қонақтың қалтасына шай құйып отырған кім деп ойлайсың? Неліктен?

— Ашқарақ не себептен өз-өзін қонақта дұрыс ұстамады?

— Мәтін неге аңызға жатады деп ойлайсың?

  1. Сергіту сәті. Орнымыздан тұрамыз

Мойнымызды  бұрамыз .

Қолымызды көтеріп,

Саусақты ашып жұмамыз .

Сонан сон төмен түсіріп ,

Алақанды соғамыз.

Қайтып орнымызға отырамыз.

  1. Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:

Балалар енді біз сабағымызды қаншалықты меңгергенімізді көреміз.Мынау құпия суреттерді ашып суретін көріп оқуымыз керек,ол үшін топтық тапсырмаларды  орындаймыз (ауызша ).

1.Қожағанасырға  сипаттама беріндер.

2.Ашқараққа  мінездеме  беріндер.

3.Аңыз деген не?

4.Бұл аңызды өз ойларымен қалай  жалғастырар едіңдер.

  1. «Қонақ туралы не білеміз»

1-топ «Қонақ күту» ережесін құру

2-топ «Қонақта өзіңді қалай ұстайсың» сол туралы ереже құру

 3-топ «Келген қонақты қалай қарсы аласың» сол туралы ойыңды жаз

 

  1. Қорыту.

— Сабақта не жайлы әңгімеледік?

Мақал – мәтелдер :

  1. Әдептілік , ар-ұят,

Адамдықтың белгісі .

  1. Есіктен орын тапсаң төрге озба
  2. Жат үйінде жатық бол

!   Білемін : (Қожанасыр туралы әңгімелерді)

?! Нені  білдім : (Аңыз туралы)

!! Таңқалдым : (Қожанасырдың шынымен өмірде болғанына)

?   Білгім келеді : (Бұдан да қызықты аңыздар)

Оқушының «білгім келеді»деген  тапсырманы келесі сабақта  талқыланады.

Тілек  ағашына  аналар өз тілектерін жазады.

VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды смайлик арқылы бағаланады: 3смайлик-5, 2смайлик-4

VIII. Үйге тапсырма беру: Аңызды оқып мазмұндап келу.

 «Қонаққа бару» деген тақырыпта  оқушылар тақырыпты таңдап алып әңгіме құрап жазып келеді.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *