Басы » Баяндамалар » Қазақ елім-мақтанышым

Қазақ елім-мақтанышым

№121 Құсмұрын орта  мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі

Қойшыбаева Ғалия Төкенқызы.

Қазақ елім-мақтанышым!

Өз тарихын дұрыс білмеген ұлт толыққанды мемлекет болып қалыптасуы екі талай,соған орай өткен жылы Қазақ хандығының 550 жылдығының аталып өтуі өте бір дұрыс және дер кезінде орындалған іс-шара деп айтуға болады.

Тәуелсіздікпен бірге қазақ халқы өзінің тілін,дәстүрін, дінін қайтарды-бұл ең басты жетістік.Қазақ тілінің қолдану аясы әлдеқайда кеңейді.Еліміздегі тұрып жатқан басқа  да ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге деген оң қозқарасы қалыптасты.

Мақсатымыз Мәңгілік ел құру және бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына ену болса,осы жолда Елбасының  жүз нақты қадамы,оның ішінде білім саласына байланысты тараулары жас ұрпақты білімді де,білікті етіп тәрбиелеудің айқын жолы деп білеміз.

Осы ретте айтар болсақ мектебімізде де көптеген іс-шаралар өткізілді.  Әрбір қазақстан азаматы Тәуелсіздіктің қадірін түсініп,бағалай және оның баянды болуына өз үлесін қоса білсе,біздің болашағымыздың жарқын болары сөзсіз.Ол тек өз қолымызда.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *