Басы » Cыныптан тыс » Күз ханшайымы

Күз ханшайымы

Жүргізуші:Құрметті ата-аналар, балабақша апайлары,қонақтар!

Сіздерге балабақша бүлдіршіндерінің қатысуымен өтетін

«Күз ханшайымы» байқауын ұсынамыз.

Ата-ананың аялы алақанындағы балалық шақ, балабақшадағы бал дәурен баланың ең бір бақытты, алаңсыз кезі. Біз балабақшамыздағы тәрбиеленуші ұлдармен бірге бірге қыздарымыздың да ақылды да,парасатты, тәрбиелі де инабатты ару қыз болып өскенін қалаймыз. Сондықтан бүгін балауса қыздарымыздың балабақшада қандай тәрбие алып жүргенін көріп, бәріміз куә болайық.

Әділқазы береді,

Өздеріңе билікті.

Өнерде кім жеңеді,

Алады сол сыйлықты,- деп еңалдымен сіздерді әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейік:

Жүргізуші: Уа, халайық,халайық,

Бәріміз назар салайық.

Мерекесі бақшаның,

Сайысын біз бастайық.

(Ортаға бүгінгі сайысқа қатысушы аруларды шақырамын)

Жүргізуші: Мың бұралған арулар аңдап басып,

Келді міне ортаға толқып-тасып.

Аруларын сыйлаған халқым менің,

Көңілді қошаметпен қарсы алайық.

( Сайысымызда арулардың реттік белгілерін анықтау үшін, сұлтандарымыз мойындарындағы алқаларын аруларға ұсынады.)Сайысқа қатысушы аруларды реттік белгілері бойынша таныстыру, орындарына отырғызу.

Сайысты бастамас бұрын, сайыстың шарттарымен таныстырып өтейін:

Сайыс шарттары:

1.Менің ата-тегім . (Өзін-өзі таныстыру.)

2.Дәрумендер денсаулық сақтаушысы.(Күзгі байлықтардан жарнама)

  1. «Өнерлі өрге жүзер» (Өз өнерлерін көрсету)
  2. «Әсем біздің арулар» (Сән үлгісін көрсету)

«Менің ата-тегім»

1.Өзін-өзі таныстыру (реттік санымен аруларды шақыру)

1.Нузар: Бүр жарған бүршігіндей лала гүлдің,

Жастайымнан жалындап жана білдім.

Өнерменен білімге жаны құштар,

Сәдуақас Назерке мен боламын.

Құрбыммен бұл сайыста тең боламын,

Қызымын өсіп- өнген кең даланың.

Бүгінгі ханшайымдар сайысында,

Деп ойлаймын жеңімпаз мен боламын.

 

2.Сания: Тең түсіп өзгелермен терезесі,

Дарыған ата-баба өнегесі.

Айда атым Мейрамбектің қызымын мен,

Дүйсекен тегі, Мизам немересі.

3Наздана: Руым Қожа , мен қазақ,

Мақсоттың немересі .

Тақпақ-өлең айтамын

Апайлардың берген өнегесі.

Жансая

Алғаш аштым балабақша есігін,

Қуатқызы Ақтыныс менің есімім,

Туып өстім Елтайда,

Алтын ұя –бесігім .

 

Құлкеш маған нағашы,

Қызыл тонның жағасы.

Мен үшін өте қымбат қой,

Нағашының бағасы.

 

5.Радима: Айдосқызы Зылиха атым менің,

Мақтан етер жанұя еркесімін.

Әкем Айдос, анам бар Алтынгүл атты,

Үлгі тұтар ағам бар Астанәлі.

6.Дильназ: Әке-шешем мақтаған,

Дильназ қызың мен болам.

Осы күнге сақтаған,

Тақпағым бар жаттаған.

Элнара

Сайыс десе жайнаймыз,

Намысымды қайраймын.

Тоты құстай құлпырып,

Сандуғаштай сайраймын.

Сайыстың «Өзін-өзі таныстыру» бөлімі бойынша әділ-қазылардан берген бағаларын көтерулерін сұраймын.

  1. « Дәрумендер денсаулық сақтаушысы»

(күзгі байлықтардан жарнама жасау)

  1. «Өнерлі өрге жүзер» (өнерлерін көрсету)

Арулар дайындаған өнерлерін ортаға салады.

Әділ-қазылардың берген бағасы.

Ән: Айгөлек

Әділ-қазылардың берген бағасы.

  1. «Әсем біздің арулар» (Сән үлгісін көрсету )

Әділ-қазылардың берген бағалары.

Жүргізуші: Білім,ғылым,өнерге,

Қанат қағар кездерің.

Еліміздің ертеңі ,

Үміт етер өздерің.

-дей отырып, бүгінгі «Күз ханшайымы» сайысын аяқтаймыз.

Әділ-қазылар қорытынды шығарғанға дейін балаларға ән кезегін береміз.

Ән: «Айналайын» Мағжан,Нұрхат.

«Күз ханшайымы» сайысы бойынша аруларға берілген атақтар беріліп кеуделеріне лента тағылды.

[bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *