Павлодар облысы
Май ауданы, Көктөбе ауылы
«Ақбота» бөбектер бақшасы
Шарипбекова Жадыра Манатқызы
Тақырыбы:»Балабақшамен қоштасу»
Айналайын балалар
Алда мектеп Ана бар
Өздеріңнен өседі
Өнерпаздар,даналар
Өткізіп қызық күндерді
Алты жасқа жеттіңдер
Алуға терең білімді
Мектепке бағыт алдыңдар
Жүргізуші:Құрметті ата-аналар,қонақтар бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып,мектепке шығару кешіне жиналып отырмыз.Балалар сендерге дендерің сау,өздеріңді тәрбиелеген балабақшаларыңды,тәрбиешілерінді ұмытпаңдар.Оқуда алда болыңдар-деген тілек білдіреміз. алдыңдар
Жүргізуші:Ортаға 2013 жылғы «Ақбота» балабақшасының түленктерін шақырамыз.
Балалардың тақпақтары:
Айгерім
Балабақшам бесігім
Қайсысын айта берейін
Қабыл алшы гүлімді
Сіздерге сыйлап кетейін
Данель
Балабақшам бесігім
Тағы бір той жасайын
Ашып мектеп есігін
Өзіңмен қоштасайын
Айзара
Мектепке енді барамыз
Үлгілі оқушы боламыз
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік аламыз
Жар-птица: Тілекті мен орындаймын.Осымен мен әрдайым шұғылданамын.Сендерге тек еске алу керек Балаларға ең маңызды не?
Жүргізуші: Сәлеметсің бе Жар-птица!
Жар-птица: Менде бір сиқырлы кітап бар. Ол кітап мен үшін өте қымбат. Бұл кітап менің сиқырлы күшіммен, әуенмен ғана оянады. Сол кезде ғана сендер бұл кітаптың сиқырын көре аласыңдар.
Барлық бала әлемде
Ертегіні жақсы көреді
Барлық бала әлемде
Ертегіні тосады
Ал,егер осы сиқырлы кітапқа сенетін болсақ,Ертегі бізге қонаққа келеді.
Қанатымды мен қағамын
Ақырын ғана кітабымды ашамын
Сиқыр…………………….
Бірінші ертегі бастал
/Жар-птица келіп кітаптың қасына қонады/
/Кітаптың ішінен қолына қармақ пен шелек ұстаған аю мен орамал және фартук киген Маша жүгіріп шығады/
Маша:Аю,аю! Сен қайда жиналдың?
Аю:Балық аулауға !Маша біз екеуміз қайда келіп қалдық?
Жүргізуші:Сәлеметсіңдер ме Аю Маша!Сендер біздің балабақшамыздың ертеңгілігіне келдіңдер.Бүгін біз балаларымызды мектепке шығарғалы жатырмыз.
Маша:Мектепке?Ал мектеп дегеніміз не?
Жүргізуші: Кәне, балалар Машаға мектеп жайлы түсіндрейікші! (балалардың жауабы)
1 бала: Мектеп дегеніміз- бұл балалардың таңертең асығып баратын жері.
2 бала: Мектеп дегеніміз- бұл барлық нәрселерді үйренетін жер.
3 бала: Мектеп дегеніміз- бұл алғашқы қоңырау, күнделіктегі бірінші тапсырмалар. Осының барлығын мектептен үйренеміз.
Маша: Менде, менде мектепке барғым келеді. Менің мектепке арналған сумкамда бар. <сумканың ішінен ойыншықтарды алып шығады>.
Жүргізуші: Балалар мектепке ойыншықтар керек пе ? <балалардың жауабы>
Ойын: портвельді жина
Жүргізуші:Балалардың тақпақтары:Айсана,Сәния,Дана.
Өтті қызық көп күндер
Алты жасқа жеттіңдер
Мектепке бағыт алдыңдар
Айналайын,балалар
Алда мектеп ана бар
Өздерінен өседі
Өнерпаздар,даналар
Жүргізуші:Қыздардың орындауында «Барбарики» биі
Маша: Менің мектепке баратын сумкам дайын. <фортук пен орамалын шешеді> Мен қандай әдемімін.
Жүргізуші: Маша сен мектепте оқығын келе ме ?
Маша: Иә!
Миша: Маша көлдегі балықтар жай балық емес. Кәне жүр екеуміз балалардың өскенде қандай мамандық иесі болатынын аулап білейік!
Ойын: « Балықты ұстап ал»
Маша: Менің қатты мектепке барғым келіп тұр. Алақай! Ертең мектепке барамыз.Миша кеттік. Сау болыңдар .
/Маша мен аю қол ұстасып жүгіріп кетеді/
Жүргізуші:2012 жылғы «Бүлдіршін» фестивальінің лауреаты Маженов Мұсаның орындауында «Тұлпарым» әнің қабыл алыңыздар
Жар-птица:Қанатымды мен тағы қағаайын
Кітабымның келесі бетін ашайын
Не тосып тұр екен бізід алда
Сиқыр…………………….
Жаңа ертегі кел бастал
«Ергежейлер мен Ақ қыздың» биі
Ақ қыз: Ергежилер, седердің мектепте оқымаймыз дегендерін мен үшін ұят.
1 гном: Менің мектепке барғым келмейді. Мектепке бару үшін таңертен ерте тұру керек,көп кітап оқу керек, ал біздің көңіл көтергіміз келеді.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме ? Ергежейлер мен Ақ қыз сендерге не болды?
Ақ қыз: Мына Ергежейлер өте жалқау мектепке барғылары келмейді. Біз олармен дос бола алмаймыз!
2 гном: Мен оқу да, жазу да білмеймін.Әріпті де танымаймын.Ертегінің мазмұнын түсінбеймін.
Ақ қыз: Сендер олай бекер айтасындар, сауатсыз болу өте қауыпты. Әлемдәр түрлі ертегілер бар соларды оқу өте қызық емес пе?
<Ертегі кітаптарды көрсету, балалар ертегі кітаптарды айту>
3 гном: Бұл ертегі кітаптары маған өте ұнап қалды.
Ақ қыз: Сен бұл ертегілерді қалай оқисын? Ол үшін әліппені білуін керек.
Жүргізуші: Ергежилер сендер мектепке барған соң осынын барлығын үйренесіңдер. Сол кезде Ақ қыз апайларын сендерді мақтан етеді.
Ергежилер: Рахмет сендерге балалар, біз енді мектепке бару үшін ерінбейміз. Сау болыңдар!
Жүргізуші:Балалардың тақпақтары
Нузар
Ұстаздардың ұстазы
Тәрбиенің ұстасы
Меңгеруші Бану Ізбасарқызына
Ырза шеше, әке де
Аркен Дильназ
Біздің апай Айгерім
Маманы оның әдіскер
Бұл апайға қарасақ
Ақылына көркі сай
Мақтан етем әрдайым
Аман болшы апатай
Тамерлан
Күннен-күнге біздер өсіп барамыз
Үлкен болып қиындықты жеңеміз
Сіздердің біздер үшін сіңірген
«Еңбектеріңіз еш болмайды» деп сенеміз
Жадыра,Асемгүл апайларға мың алғыс
Қуат
Баулып,баптап өсірген
Балалық істі кешірген
Гүлжанат, Айгерім апайлар
Тәрбиелік сөздеріңді
Ұмытпаймыз өздеріңді
Аяжан
Талай-талай баспалдақты аттармыз
Ата-ананың үмітінде ақтармыз
Гуля,Нұрғайша апайлар сіздерден алған ақылды
Есімізде мәңгі бақи сақтармыз
Аяулым
Тіс ауырса,іш ауырса
Бізге дәрі береді
Бақшамызда барлық бала
Жамал апайды жақсы көреді
Мұса
Ерекше бізде бір апай
Біз қараймыз таңырқай
Ән үйрендік апайдан
Ешқашанда жалықпай
Жазира апайға мың алғыс
Ерали
Әр күніміз той-думан
Рахатқа батып ек
Асқа бізді тойдырған
Аспазшы Раушания,Севара апайлараға көп рахмет
Жансая
Бақшадағы күндерді
Есімізде сақтаймыз
Тәрбиеші Эрика,Гүлзира,Қарлығаш апайлардың
Еңбегіңізді ақтаймыз
Іңкәр
Бізде бәрі әрдайым
Бәрі-бәрі дпа-дайын
Қамымызды ойлаған
Динара,Лариса апайларға мың алғыс
Жүргізуші:Балабақша түлектерінің орындауында «Соңғы вальс»