Ералы Кайратов
Павлодар облысы
Май ауданы,Көктөбе ауылы
«Ақбота» бөбектер бақшасы
Тақырыбы:»Келді,келді Жаңа жыл»
Жаңа жыл
Мақсаты:Балаларға жаңа жыл мерекесі жайлы кеңінен мағұлымат беру.
Қатысатыңдар:
Аққала-үлкен адам
Тиындар-балалар
Клоундар-балалар
Ақ қарлар-қыздар
Музыка әуенімен балалар залға кіреді.
Жүргізуші:
Балалар,қарандаршы!
Біздің шырша қандай тамаша
Қандай сәнді, әдемі
Ойыншықтары жалынды
Амандасайық бәріміз!
Балалар.
Сәлеметсізбе,шырша!
1-бала
Төрле,төрле,жаңа жыл,
Құтты болсын қадамын
Тілекке елді жеткізіп
Есте қалсаң жардың
2-бала
Аппақ қардай ақ ұлпа
Армандарға қанат бер
Жас ұрпақты жарылқа
Таудай үлкен талап бер,
3-бала
Талаптының бақытын
Байлап жүрме,жаңа жыл
Қорлап алтын уақытын
Алдап жүрме,жаңа жыл
«Кішкентай шырша» әні орындалады.
Музыка ойнайды.Балалар «Көңілді клоун»биін билейді.
Қолында сыпырғышы бар Аққала кіріп,шыршаның жанын сыпырады.
Аққала:
-Даланы сыпырдым?
Сыпырдым.
-Үйді тазарттым?
Тазарттым
-Тамақ дайындадым?
Дайындадым
Мен ештене ұмытқан емеспін.
Ұмыттым,ұмыттым!/Ұзын тақтың үстінде жатқан қағазды алады./
Хабарландыру жазып, оны орындықта қалдырып кеттіппін/Хабарландыруды оқиды/
Қоныс тойды бастайық
Өнерні бар,достарым
Кімнің әні күйі бар?
Кімнің әсем биі бар?
Кімде жақсы тақпақ бар?
Жаңа жылды мақтап қал!/Хабарландыруды шыршаға іледі.Басы салбырап,ренішімен/
-Кім маған келеді?
-Кім менімен жаңа жылды өткізеді?
Жүргізуші:
-Балалар,Ақ қала жаңа хабарландыру берді.Енді оған ешкім келмеуі мүмкін.Қалай біз оған көмектесеміз?Егер біз оған барсақ,қарсы болмасыңдар ғой?Ақ қала қуанады.Барамыз ба қонаққа?
Балалар
—Ия,барамыз!
Жүргізуші:
-Балалар,қонаққа сыйлықсыз бармайды.Біз оған не сыйлаймыз?/Балалардың жауабы/
-Дұрыс,біз оған жаңа ән,көңілді би және ойын сыйлаймыз./Аққаланың үйіне жақындайды/
Жүргізуші:
Ақ қала,ақ қала
Шелек бар басында
Сыпырғышы қолында
Қонақ шақырды осында?
Ақ қала/үйден шығады/
-Мен мындамын
Кім келді маған?
Жүргізуші:-Балабақша балалары.
Ақ қала:
-Бәрекелді,балалар!
Тиындар,клоундар
Төрлетіңдер!
Бүгін қуаныш,бүгін той!
Жүргізуші:
Қонысың жайлы болсын
Шың жүректен құттықтаймыз!
Бізде ән мен күйде бар,
Бізде би мен ойын бар
Ақ қала:
Мен ойынды ұнатамын.Би билеуді,ән айтуды да жақсы көремін.
Мен көңілді және тентекпін.
—Япырмай,маған не болды?
Қонаққа шақырдым,
Ал ештеңе дәм татпадыңыздар.
Кәне тиындар жаңғақ алыңдар
Жүргізуші:
—Тиындар,жаңғақ алындар.Бізге би билеңдер.
«Тиындар»биі
Ойын «Кім мерген»
Ақ қала:
—Мен қазір келемін/үйіне барып келеді/
Музыка әуенімен аяз ата кіреді.
Аяз ата
-Амаңсың,қазақ елім!
Еңбек сүйгіш жарқын елім!
Сендерде мың жаңалық,
Сендерде шың даналық.
Егеменді шолып жұлдызы
Қуандырған ұл-қызы /жан-жаққа қарап аң-таң болады/
-Шыршаның жанында ешкім жоқ,шыршаның астында ешкім /ілулі тұрған қағазды көреді/
-бұл не?/оқиды/
Қоныс тойды бастайық
Өнері бар достарым
Кімнің әні күйі бар?
Кімнің әсем биі бар?
Кімде жақсы тақпақ бар?
Жаңа жылыды мақтап қал!
Енді маған бәрі түсінікті.Қоныс той!
Тамаша!
Мейірімді Ақ қала
Тентек Ақ қала
Қайдасың?
Ақ қала:
-Мен мындамын
Аяз ата:
—Қайдасың?
Ақ қала:
-Мындамын
Аяз ата:
—не сұмдық не масқара!
-Мен ақ қалаға сыйлық әкелдім,бірақ ол үйде жоқ,басқа жерден іздеп көрейік
Ақ қала артынан жүгіріп шығады
-Кетпеші мен мындамын.Мен Ақ қаламын.Кәне,берші сыйлықты
Аяз ата:
-Сыйлық?Жоқ,жоқ сен ақ қала емессіңең
Ақ қала:
—тоқта,тоқта қалай Ақ қала емеспің?Міне мен ақпын ғой!
Аяз ата:
-Аққоян да ақ
Ақ қала:
—міне менің суретім.Ұқсайсмың ба?
Аяз ата:
-Сол дәл өзі.Ақ қала,шелегі де,мұрны да.
Ақ қала:
-Әйтеуір ұқсаймын,әйтпесе қоян,қоян
Аяз ата:
-Сәлем,Ақ қала!
-Сәлем қымбаттым!
-Сені көруге қуаныштымын!
Ақ қала:
-Тоқта аяз ата мен қазір құшақтағаныннаіп кетемін
Аяз ата:
-Сен немене Ақ қала қоныс тойын тойлап жатырсың ба?
Ақ қала:
-Ия
Аяз ата:
-Қонақтарын қайда?
Ақ қала:
-ия!
Аяз ата:
-не ия, ия қонақтарын қайда?
Ақ қала:
—Міне қарасайшы!
Аяз ата:
-Бәрекелді қанша қонақ!
Аяз ата:
—Сәлеметсіңдер ме,балалар!
Сәлеметсіңдер ма қымбатты ата-аналар!
Жаңа жылдарыңызбен!
Кәне тойды бастайық
Өнері бар,достарым
Ортаға шық қасқайып!
«Аяз ата» әні
Аяз ата:
-Ох,кәрі қақбаспын!
Ақшақар менің сонымнан келе жатты,бала-бақшаны табалмады ма?
Бәріміз шақырайық
АҚ-ША-ҚАР /3 рет/
Ақшақар:
Далада қар борайды
Ақ мамыққа орайды
Мқз болады-қатады
Жып-жылтыр боп жатады
«Ақ қарлар биі»
Ақшақар:
Сақалы аппақ күмістей
Тістері аппақ күріштей
Қызыл ала шапаны
Сағындым аяз атаны
Дорбаны тез ашайый
Сыйлық,кәмпит таратайық!
Аяз ата:
-Таратайық!Бұл қиын емес
Барлықтарын отырыңдар
Дорбаны әкеліңдер!
Ақ қала:
-Сенің дорбаң тым кіші.Сыйлықтар бар ма өзі
Аяз ата:
-Кәне мында қарашы!
Ақ қала:
-Масқара, қандай үлкен сәбіз!Бұл маған ба?
Аяз ата:
-Ия саған
Ақ қала:
-Рахмет саған Аяз ата!
Ақ қала мен Аяз атаның сыйлықтарды таратуы
«Шырша жыры»әні
[bws_related_posts]