Маңғыстау ауданы, Маңғыстау облысы
Е.Айшуақұлы атындағы мектеп
Мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары
Шалбарбаева Лиза
Ауған соғысы ардагерімен кездесу
Жастардың тәрбие мәселесі қоғам үшін әр уақытта өзекті болып келген. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу міндетін мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды істердің бірі ретінде бүгін ұғыну қажет. Қазір қарқынды түрде өзгеріске ұшырап отырған қоғамда Қазақстанның білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды міндеттерінің бірі – өкілдері жоғары азаматтық және адамгершілік қағидаларға ие, патриоттық және әлеуметтік жауапкершілікті сезінетін зияткер ұлт қалыптастыру болып табылады.
Осы міндеттерді шешу барысында Е.Айшуақұлы атындағы орта мектебі тәрбие жұмысында түрлі шараларды ұдайы өткізіп отырады. Сондай шаралардың бірі – ауылымыздағы ауған соғысының ардагері Шамығұлов Ғылманмен кездесуге арналған тәрбие сағаты болды.
Әр азаматтың Отанын қорғауы – қасиетті борыш екендігін ұғындырған бұл шара дене тәрбиесі пәні мұғалімі Сатыбалдиева Қамар жетекшілік ететін 8-сыныпта өтті.
Тәрбиелік шара сынып жетекшісінің «Тарих толқынында» атты ауған соғысы және оның қасіреті туралы қысқаша кіріспе әңгімесімен басталып, осы соғысты баяндайтын деректі фильмнен үзінді көрсетілді. Оқушылар ауған соғысының ақиқаты мен шындығы туралы пікірлерін айтып, ауған соғысында қаза болған жерлесіміз «Қызыл жұлдыз» ордені иегері Қуатбай Бектұров туралы білетіндерін ортаға салды. Одан әрі шара қонағы – Ғылман Шамығұлов ағаларымен сыр-сұхбат жүргізіп, ардагердің балалық шағынан, әскердегі өмірінен біраз жайларға қанықты. Оқушылар өздері дайындаған патриоттық шығармалары мен өлеңдерін оқып, ардагерден қонақкәде сұрады. Ғ.Шамығұлов балаларды асық көздеуге шақырып, өзінің көзсіз мергендігін таңқалдыра дәлелдеді.
Тәрбие сағатының соңында оқушылар «Сарбаздар» әнін биімен орындап шараға қатысушыларға әдемі көңіл-күй сыйлады. Ал ардагер кештегі көңіл-күйін смайлигтер арқылы өз жүзімен көрсетіп, ең үздік сұрақ қойған оқушы Бектемісов Алмасқа қолтаңбасын қалдырып, сыйлық сыйлады.
Бұл тәрбиелік шаражас ұрпақты Отанды сүюге тәрбиелеуге үлесі зор, жастарға ой тастар, үлкен мағыналы патриоттық шара болды.
[bws_related_posts]