Басы » Бастауыш сыныптар » Ә. Нұрпейісов Кеш (Презентация)

Ә. Нұрпейісов Кеш (Презентация)

Жамбыл облысы

Шу ауданы, Далақайнар ауылы                                                                Т.Әшімбаев атындағы орта

мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Раушан Даденбаева

Сабақтың тақырыбы: Ә. Нұрпейісов.  Кеш

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға кештің батуындағы табиғаттағы құбылысты, сұлулықты, әдемілікті суреттеп, шығарманың көркемдік жағын ашу, түсінік қалыптастыру.

Сабақтың міндеті:

  1. Сөйлемді байланыстыра сөйлеуге үйрету.
  2. Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
  3. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабақтың типі:   Жаңа тақырыпты меңгерту.

Сабақтың түрі:   Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері. Диалог-сұхбат, топтық жұмыс, слаидпен жұмыс, тұжырымдамалық карта, бағалау әдістері.

Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер: Алтын ереже, слаид, үлестірмелі қағаз, стикер, бағдаршам, маркер, автор суреті, оқулық.

Күтілетін нәтиже: Табиғаттағы құбылысты, сұлулықты,әдемілікті суреттеу, шығарманың көркемдік жағын ашады.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңберін өткіземін.

2.Топқа бөлемін  (Суреттер құрастыру арқылы)

1-топ. «Таң»,

2-топ. «Түс»,

3-топ. «Кеш»,

Бағалау парағын таратамын

  1. Үй тапсырмасы: Слаидтан М.Әуезовтың суретін және өмірі мен шығармаларын көрсету. (топтастыру)

Әр топқа тапсырма беру.

1-топ. Жаздың жайлы кеші қандай?

-Қоңыр салқын леп еседі,

-Дымқыл, тұнық ауа,

— Ыстығы басылған күн,

-Шуақ күн.

2-топ. Күн батар кезде аспан қандай болады?

-Қара көк тұңғиық аспан сияқты,

— Қызыл торғындай,

-Қызыл өрттің жалынындай,

-Алтын шатырдай қызғылттанады.

3-топ. Дөң басы қандай?

-у-шу, азан-қазан,

-Биік, сары дөң,

-Бойың биікке тарта бергендей сезім туады.

-Көз ұшына аспан төніп, жерге қонып, жақындағандай болады.

-Биік таулар аспанға созылғандай болады.

(Бағдаршам арқылы бағалап отыру) 

Мұғалім сөзі: Үй тапсырмасын пысықтаймын.

  1. Жаңа сабақ.  Бейнеүзіктен «Күннің батуын» көрсетемін.

— Бейнеүзіктен нені байқадық?

(Оқушылардың жауабы)

  • Алдарыңдағы қима қағаздан ненің суретін құрастырдыңдар?
  • Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы болады деп ойлайсыңдар?
  • «Кеш» туралы.

Слаид арқылы  Ә.Нұрпейісовтың өмірі мен шығармаларын көрсету.

 

«Қан мен тер», «Соңғы парыз», «Күткен күн»,

«Толғау» кітабы,

1924ж.22қазан                                                     саяси қызметкер

Қызылорда обл.                                                      Соғыс ардагері

Арал ауд. Үшкөң ауыл.                                   Қоғам қайраткері

халық жазушысы

  1. Мәтінмен жұмыс.(постер арқылы)

Әр топқа азат жолдан бастап оқып, мазмұнына қарай сурет салу, оны қорғау беріледі. Әр бөлімге ат қояды.

1-топ. «Кешкі самал»,

2-топ. «Ауыл кеші»,

3-топ. «Күннің батуы».

Тұжырымдамалық карта жасату. (Топ бірін-бірі критерий арқылы  бағалайды)

 

  1. Слаид арқылы. Сөздікпен жұмыс

Самал жел,

Аузы-мұрнынан шығады,

Желіні жер сызған,

Хош иісті —  деген сөздің мағынасын айтқызу.

6.Слаид арқылы сұрақтар көрсету.

1.Бүгінгі тақырыбымыз қалай аталады?

2.Әңгіме жылдың қай мезгіліне жазылған?

3.Самал жел қайдан еседі?

4.Адамдар, жан-жануарлар туралы не айтады?

5.Кешкі самалға кімдер мән бермейді?

6.Бақташылар қалай келеді?

7.Малдар аяқ астындағы шөпке неге қарамайды?

8.Сиырлар неге асық?

9.Сауыншылар қалай дайындалады?

10.Ненің иісі мұрын жарады?

11.Күн адамға қандай болып көрінеді?

12.Ұясына жақындаған сайын күн қандай болады?

7.Бағалау. Оқушылар бірін-бірі бағалайды.

(Жалпы топ жеңімпаздары анықталады)

  1. Кері байланыс. «Екі жұлдыз, бір тілек». (стикер таратылады)
  2. Үйге тапсырма. «Кеш» тақырыбын оқып келу.Эссе жазу
  3. [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *