Шылау

Жамбыл облысы

Шу ауданы,  Далақайнар ауылы   

  Т.Әшімбаев атындағы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Раушан Даденбаева

Сабақтың тақырыбы: Шылау

Сабақтың мақсаты: Жаттығулар мен тапсырмалар орындаулар арқылы оқушыларға шылау туралы түсініктерін қалыптастыру.

Міндеті: Сөздік қорын байыту, сөйлемді байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.

Өз ойын жеткізе білуге, шешендік тілін қалыптастыруға жаттықтыру.

Шапшаң ойлау қабілетін, белсенділігін арттыра отырып, пәнге деген қызығушылығын  арттыру.

Сауатты,көркем жазуға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

1.Берілген тапсырма бойынша білімдері кеңейеді.

  1. Жаттығуды өз бетінше орындап, талдайды.
  2. Өзін-өзі бағалайды, өз жұмысын салыстырады.

Түрі: Жаңа материалды игеру.

Әдістері: сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.

Қолданылатын құрал-жабдықтар: Плакат, тілме қағаздар, интерактивті тақта, слайдтар,суреттер, стикер, оқулық т. б.

Сабақтың өтілу барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

I.Қызығушылығын ояту.

1.Оқушылар назарын сабаққа аудару.

  1. Қол ұстасып өзіне, достарына, сабаққа сәттілік тілеу.
  2. Топ құру, топ лидерін сайлау.

-Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Сабаққа жұмыла, белсенді қатысуларыңды сұраймын.

Қазақ тіліне байланысты бір шумақ өлеңді кім оқып береді?

-Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім,

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым, бақытым, дара тілім.

-Міне балалар, ақын-жазушылардың тілі- туған тіліміз қазақ тілі сабағы екен.

Үй тапсырмасын сұраймын.-Осы туған тіліміз қазақ тілін кім қалай білетінін байқап көрейік.

Стикер арқылы оқушыларды топқа бөлемін.

Топқа тілме қағаз таратамын. (слайд арқылы)

I-топ. Үстеу дегеніміз не? Мысал келтір.

II-топ. Мезгіл үстеулер дегеніміз не?

III-топ. Мекен үстеулер дегеніміз не?

IV-топ. Сын-қимыл үстеулер дегеніміз не?

(оқушылар жауабы тыңдалады)

Үй тапсырмасын пысықтап жіберейік.

 

Сын-қимыл                       мезгіл үстеулер

(тез оқиды)                         (ерте тұрды)

 

 

 

 

Мекен үстеулер          үстеу                бүгін-ертең

(жоғары көтерілді)                              қашан? қайда? қалай?

 

  1. Сурет бойынша  сөйлем құрату. (слайдтан)

1.Шылау ережесін пысықтап, құраған сөйлемнен шылауды тапқызамын.

Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу. Мәтінді түсініп оқу

-Жеке тұрғанда мағынасы бар ма? (талдау )

2-тапсырма. Жұмбақ оқыту,шешуін тауып, шылауды анықтату.

Топпен жұмыс: Тілме қағаз таратамын.

I-топ. Мен (бен,пен)шылауларын қатыстырып сөйлем құра.

II-топ. Сөздерді оқып, шылауды тап:  ақ пен қара, ұзын мен қысқа.

-Қай сөз табына жатады?    (сын есім)

III-топ. Сөйлемді оқып, шылаудың астын сыз.

Кешікпей-ақ, Болатбек пен Айша да барды.

IV-топ. Шылауға байланысты мақал-мәтел айтыңдар.

Сергіту сәті:  (бейне үзік арқылы)

Шығармашылық диктант жаздыру.

Ышқына соққан  желден ағаш бұтақтары (да) шілікше майысады. Кейде сынып (та) түседі.

Ұжымдық тапсырма.

2-жаттығу.Өлеңді оқып, жатқа жаз. Шылаулардың астын сыз.Олардың сөйлемге қандай мағына үстеп тұрғанын айт. (әр топтың жауабын салыстыру).

Топтық жұмыс.  Сөйлемде қандай қызмет атқарып тұрғанын айт.(Слайд)

I-топ. Мен,

II-топ. Туралы,

III-топ. Дейін,

IV-топ. Шейін,

Жаңа сабақты пысықтау. (Желпуіш әдісі арқылы)

Бүгінгі сабақ қалай өтті? Қандай жұмыстар орындадық?

— нені  біліп, нені  үйрендіңдер?

— Сөйлемнен шылауды анықтауды,

— сұраққа толық жауап беруді,

— топтастыруды,

Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек» Стикер арқылы жазғандарын тақтаға іледі.

Бағалау. Топ лидері  «Өзін-өзі бағалау парағы»  арқылы әр оқушының   ұпайларын айтады. Жеңген топ анықталады.

Үйге тапсырма.  «Туған жердің ауасы да шипа» тақырыбында әңгіме құрап келу.

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *