Басы » Кембридж бағдарламасы » Қашаған Күржіманұлы (1841-1929 жж) «Есқали сұпыға айтқаны» өлеңі

Қашаған Күржіманұлы (1841-1929 жж) «Есқали сұпыға айтқаны» өлеңі

Қарағанды облысы

Шет ауданы Ақсу – Аюлы мекені Ы.Алтынсарин атындағы мектеп – гимназия базасындағы тірек мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сағындықова Гүлмира Аманқұлқызы

10 сынып ЖМ бағыт
Сабақтың
тақырыбы:
Қашаған Күржіманұлы (1841-1929 жж.) «Есқали сұпыға айтқаны» өлеңі
Жалпымақсаты:
  1. Қашаған Күржіманұлы, оның «Есқали сұпыға айтқаны» өлеңітуралы толық мағлұмат ала алады.
  2. Қашаған Күржіманұлы шығармаларының тақырыбын ашады.
  3. Әдеби теориялық тұрғыдан  талдау жасай  алады.
Оқу нәтижелері: Қашаған Күржіманұлының  ақындық, адамдық болмысы, шығармаларының ерекшелігі туралы білді.(барлығы) Заман талабына сай құрал-жабдықтарды қолдана алды.(кейбіреуі)
Әдіс – тәсілдер: Топқа бөліну, «Зерттеуші шеберханасы», сұрақ – рефлексия.
Түйінді идеялар: «Қашаған ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанның батыс аймағында өзінен бұрынғы Абыл мен Махамбет қалыптастырған ақындық, жыраулық дәстүрден өнеге алып, оны ілгері дамытқан әйгілі ақындарының бірі.»  Ғалым Қабиболла Сыдиықұлы.
Сабақ кезеңдері: Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Кіріспе

Уақыты:

5-7  минут

 

 

 

Топқа бөлу

 

Қатысушылар бір – бірімен танысып,өзі туралы сипаттайды.

 

Жұлдыздардың түстеріне қарай топқа бөлу

 

Шеңберде тұрған қатысушы  қасындағы көршісіне өзін таныстырады.
Мысалы, «Ақылды Аққу», т.б.

Оқушылар түрлі – түсті арқылы 3 топқа бөлінеді.

Үй тапсырмасын пысықтау

Тұсаукесер

Уақыты:

8-10 минут

 

 

 

 


Негізгі бөлім

Уақыты:

20 минут

 

 

 

 

 

 

 


Оқулықпен жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Уақыты:

5-8 минут

Рефлексия


«Ыстық орындық» әдісі арқылы үй тапсырмасы сұралады.

—          

—          

—          «Ақын»  деген кім?
«Жырау» деген кім?
«Жыршы» деген кім?

—          

—        

Презентация «Қашаған Күржіманұлы»

—          

—         Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Қашаған Күржіманұлы (1841-1929 жж.) «Есқали сұпыға айтқаны» өлеңі. Ендеше барлығымыз бірлесе отырып сабағымыздың мақсатын анықтайық. Ал осы мақсатқа жету үшін қандай сұрақ туындайды?

—          

—          

—         Жаңа тақырыпты түсіну:

 

І топ «Есқали сұпыға айтқаны» өлеңіне жоспар құру

ІІ топ Өлең мәтіні бойынша постер қорғау

ІІІ топ Өлең мәтіні бойынша сурет салу

Жоспар 1.Кіріспе бөлім мазмұны.
2.Келіннің әдепсіздігін жерлеу (оқушы Кете аулы,халықтың қонақ күту дәстүрі туралы өз пікірін айтады).
3.Ақынның сұпыға тиісуі
4.Сұпының домбыраға тіл тигізуі.
5.Қашағанның сұпыға айтқан сөзі:

Әр топқа түрткі болу сұрақтары:
І топ.
Осы өлеңнің қай жерінде тірі ағаш сипатталады?

Жауабы:     Жаның сая табатын,

Орман болған бұл ағаш.

Қорыққанда жалғызға,

Қорған болған бұл ағаш.

Бұтақтары бүгіліп,

Көктен төмен үңіліп,

Қарның ашып келгенде

Жүрегіңді жалғауға

Нәсіп болған бұл ағаш.
ІІ топ.

Оқушылардан жеке – жеке ағаштардың қасиеттерін қай шумақтардан табуға болады?

1.Аруақты ерлердің

Қолындағы қу ағаш.

(Ту,жалау,байрақтың үлгісін көрсетіп,сабы ағаштан екендігін айту)

2.Жаның сая табатын

Орман болған бұл ағаш.

(Өсімдік,ағаш,тоғай,орманның адамға,жануарға т.б пайдасы)

3.Қорыққанда жалғызға,

Қорған болған бұл ағаш

(Жалғыз жаяу жолға шыққан адам сақтану,қорғану үшін ағаш паналайды)

4.Бұтақтарыбүгіліп,

Көктен төмен үңіліп,

Қарның ашып келгенде,

Жүрегіңді жалғауға

Нәсіп болған бұл ағаш

(Ағашқа өсетін алуан түрлі жеміс-жидектің адамға тигізетін зор пайдасы)

5.Пайғамбарлар туғанда

Бесік болған бұл ағаш

(Қазақтың ұлттық бұйымы бесіктің жас нәрестенің тазалығына, денсаулығына, тыныштығына, жинақылығына, ұйқысына өте қажет екендігі)

6.Ибраһим Қағба салғанда

Есік болған бұл ағаш

(Ибрахим пайғамбар Меккедегі мұсылмандардың ғибадат ету орнын салғанда, жалпы адам баласы баспанасына есікті ағаш жасайтыны туралы)

7. Мұнаралы әр жерде

Мешіт болған бұл ағаш

(Ағаштан салынған мешітке Қарқаралыдағы Құнанбай салдырған мешітті айту)

8. Шеберлердің қолында

Кәсіп болған бұл ағаш

(Қол өнер шеберлерінің ағаштан алуан түрлі әсем бұйымдар жасайтыны туралы)

9. Дариядан өткенде

Пырақ болған бұл ағаш

(Су көліктері: кеме, қайық, сал сияқты бұйымдардың ағаштан жасалғандығы)

 

ІІІ топ.Төменгі сыныптарда ағаштың қасиетіне, киесіне байланысты оқыған қандай шығармаларды білесіңдер?

(Шерхан Мұртаза. «Жүз жылдық жара»)

Әлдеқайда жолың түсіп Молдавияға бара қалсаң, Кишинев деген

астанасының дәл ортасындағы бауда Пушкин көрді бір ағаш тұр. Оның паспорты да бар…
Дәл осындай Байшынар біздің Шыңбұлақтың Шоқыбас сайының өңірінде де бар. Ал бұл ағаштың паспорты өзгеше. Бұл шынардың ен – таңбасын тарих қамын ойлап салған жоқ.

2 – үзінді. Ш.Мұртаза. «Қызыл Жебе»

Рысқұлов қарағай төсекке етпетінен түсіп, төсекті алақанымен сипалап,

осылай күбірледі: — Ей, қасиетті қарағай! Адамдар сенен салтанатты сарай да

салады, адамды қамайтын абақты  да салады.Адамдар сенен нәрестеге арнап

бесік те соғады, өлікке арнап табыт та соғады. Ас ішетін қасық та, адам

өлтіретін найзаның сабы да жасалады. Жақсылығың мен жамандығың – егіз.

Жамандыққа сенің жазығың жоқ. Адамдар ойлап тапқан. Енді менің тұтқындық

төсегім болдың. Табытым болар ма екенсің?

Ақын өлеңдеріндегі әдеби-теориялық ұғымдарды анықтаңыз:

Өлеңнен үзінді әдеби-теориялық ұғымдар
Қолымдағы қу ағаш,

Сайрап отыр бұл ағаш.

Асылы емен, қарағай,

Шыққан жері су ағаш

Қу ағаш – домбыра –метонимия.(Өзара байланысты ұғымдарды бірінің орнына бірін қолдану)
Сыртымнан естіген жұрт әуес еді,

Тұлпардай шығып жүрген дабылымнан,

Жас жігіт қонам десе, қон дер едің,

Көрем де сақалымның буырылынан.

Тұлпардай –теңеу

Жас –эпитет

 

3.Блум деңгейіндегі сұрақтар:(«Есқали сұпыға айтқаны»)

1.     Есқали кім? Білу

2.     Өлең мазмұнымен танысу барысында Қашаған бейнесі көзіңізге қандай боп елестейді?Түсіну

3.     Неге Қашаған қарапайым кедейлердің үйіне қонбай, Есқали сұпының үйін таңдады?Қолдану

4.     Бұл шығарманың маңыздылығы неде?Талдау

5.     Ақынның уытты өлеңінен соң Есқали сұпы не істеді деп ойлайсың?Жинақтау

6.     Осы оқиғадағы ең жағымсыз жан кім, Есқали сұпы ма, әлде оның келіні ме?Бағалау

 

5.Ақын шығармашылығын заманындағы өзге ақындармен салыстырыңыз.
Бүгін сабақта мақсатымызға жеттік пе? Оны қалай дәлелдейміз? Сұрақтарымыз шешімін тапты ма?

Кесте толтыру

Не білдім? Не үйрендім? Не білгім келеді?
     

 

Оқушылар үш түрлі сурет бейнесі арқылы ой түйінін жасау ұсынылады.

 

 

Әр топтан 3 оқушы сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар жауабы тыңдалып, талқыланады.

 

 

 

Барлығы бірлесе отырып сабақтың мақсатын анықтайды және сол мақсатқа жету үшін қандай сұрақтың шешімін табулары керектігін анықтайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Берілген кестенің әдеби-теориялық ұғымдар бөлігін толтырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
Оқушылар кестені толтырады.

Оқушылар үш түрлі сурет бейнесі арқылы сабақтың түйінін жасайды.

Дереккөздер:             Қазақ әдебиеті пәні оқулығы. Мектеп баспасы 2014 Сілтемелер, қосымша материалдар
[bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *