Басы » Блог » 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні!

7 мамыр — Отан қорғаушылар күні!

Құрметті әріптестер, отандастар сіздерді 7 Мамыр — Қазақстан Қарулы күштері күнімен құттықтаймыз. Ер азамат ағалалрымызға  амандық, денсаулық тілейміз. Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын.

Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Еңбекте табыс, тілейміз.

Таусылмайтын дәулет, арылмайтын бақыт тілейміз. Шаңырақтарыңыз биік, керегелеріңіз берік болсын. Елге, отанға деген адал сезімдеріміңізбен жасаған еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер.Қазақстанның барлық халқына ашык аспан, өсіп-еркендеу мен бақ-береке, Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі үшін жаңа жетістіктер тілеймін.

 

Отан-Ана

Сөзін жазған: Тұманбай Молдағалиев

Әнін жазған: Қуат Шілдебаев

Орындайтын: Батырхан Шүкенов

Қиын жылдардан аман келеміз,

Асыл заман, саған сенеміз.
Жарқын өмір, жақсы күндер,
Арнап сәлем береміз.

Жерім құлпырды, барын берем деп,
Елім жасап-ау жатыр ер еңбек.
Ырысымыз тасып жатыр,
Алға бастық жеделдеп.

 

Қайырмасы:
Жайнап өмір,

Жұлдыз көгімде,

Тұр ғой жарқырап,
Көңіл көзді көп арбайды,
Қиялыңды түгел тартып ап.

Отан-Анадан қуат аламыз,
Алға жеңіспен біз барамыз.
Бақта бұлбұл сайрайды ұзақ,

Жайнайды кең даламыз.   (әннің сөзі : http://massaget.kz алынды)
Ибрагим Ескендiр «Аманат»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *