Басы » Tәрбие сағаттары » Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды

Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды

му Маңғыстау ауданы

Маңғыстау облысы

Е.Айшуақұлы атындағы орта мектебі

Тәрбие сағаты (Отбасы тәрбиесі, адамгершілік  тәрбиесі)

Жазгуль Сабытаева 

Тәрбие сағатының тақырыбы:  Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды

Мақсаты:

Оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа, жақсы үлгі-өнегеге, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор, болу қасиеттеріне, мейірімділікке, қарияларды құрметтеуге тәрбиелеу, ұнамды-ұнамсыз, әдепті-әдепсіз қылықтарды ажырата білуге үйрету

Оқушылардың бойында ата-анаға деген ерекше жылы сезім қалыптастыру, ата-ананың бала өміріндегі ролін түсіндіру, ата-ананы құрметтей, сыйлай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:

            Слайдтар, «Ана жүрегі» бейнеклипі, нақыл сөздер, шарлар, гүлдер, оқушылардың ата-анасымен түскен суреттерінен слайдтар, әке, ана туралы мақал-мәтелдер, цитаталар: «Адам жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды», «Ата-ананың қадірін білмеген –халық қадірін білмес».
Тәрбие сағатының жоспары:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ.  Оқушыларға сұрақтар

ІІІ. Өнер көрсету.

ІҮ. «Ана жүрегі» бейнеклипі

Ү. Ата-ана, отбасы туралы көріністер

ҮІ. Шығармашылық жұмыс

ҮІІ. Ой түйідеу

ҮІІІ. Қорытындылау

Тәрбие сағатының барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылар 2 топқа бөлініп отырады:

1-топ – «Қайырымдылық» тобы

2-топ  – «Мейірімділік» тобы

 

 Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Ата-ана — әрбір адамның қайтып соғар қазығы. Оған деген сүйіспеншілік тек жүректен шығу қажет. Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде ештеңе жоқ. Халқымыздың байырғы ұғымында баланың ата-ана алдындағы парызын өтеуі «Ана сүтін ақтау» деп аталады.
«Әкеге бағыну – тәңірге бағыну» деп әкені одан бетер дәріптеген. Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымызда адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік парызын бір сәтке де есінен шығармауына арналады.
ІІ.  Оқушыларға сұрақтар:

  1. Отбасын кімдер құрайды? ( Ата, апа, ана, әке, аға, қарындас, әпке, сіңілі, іні.)
    2. Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды? ( қарындас, әпке, сіңілі, аға, іні)
    3. Отбасының әдет – ғұрпы туралы түсініктеме беру ( Үлкенді сыйлау, айтқан ақылдарын тыңдау, үлкендер – кішіге ақылшы, кішіге – қамқоршы).
    4. Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген?( Ата – анасына)
    5. « Үлкенге көмек» дегенді қалай түсінесің? ( Үлкендердің заттарын көтеріп, айтқандарын істеу керек.)
    6. Конституцияда отбасына қамқорлық туралы не айтылған? ( 27 – бабында «Неке мен отбасы, әке мен ана және бала мемлекеттің қарауында болады деп көрсетілген»).
    7. Отбасының ұйтқысы кім? ( Ана)
    8. Отбасының басшысы кім? ( Әке)

(Сұраққа жауап бергендерге мақтау парақшалары таратылады)

 

ІІІ. Өнер көрсету.

Топтар  өнер дайындап келеді.

1-топ – «Қайырымдылық» тобы  ……………………………………………………………………….

2-топ – «Мейірімділік» тобы …………………………………………………………………………….

 

(Өнер көрсеткендерге мақтау парақшалары таратылады)

 

ІҮ. «Ана жүрегі» бейнеклипі

«Ана жүрегі» бейеклипін оқушыларға көрсетіп, талдау жасау. Әр топ 2-2-ден сұрақ дайындайды, келесі топтар жауап береді.

Сұрақтар қойып, сұраққа жауап берген, талдауға қатысқан оқушыларға мақтау парақшалары таратылады.

 

Ү. Ата-ана, отбасы туралы көріністер

 

Барлық топтар көріністерін дайындап келеді.

1-топ – «Қайырымдылық» тобы  ……………………………………………………………………….

2-топ – «Мейірімділік» тобы …………………………………………………………………………….

 

(Көрініс көрсеткендерге мақтау парақшалары таратылады)

 

ҮІ. Шығармашылық жұмыс

Отбасыда ең сыйлы ______________________________________
Ең қымбатты _____________________________________________
Ең ақылды _______________________________________________
Ең сүйкімді ______________________________________________
Ең құрметті ______________________________________________
Ең құнды ________________________________________________
Ең бағалы ________________________________________________
Ең қажетті _______________________________________________

Белсенді оқушылар мақтау парақшалары таратылады

 

ҮІІ. Ой түйіндеу

Мұғалім сөзі:

Сонымен бүгінгі тәрбие сағатымызды қорытындылай келе, қандай ой түйіндедік? Мына тақтадағы нақыл сөздерге назар аударалық.

Қайқаус. «Қабуснамадан» үзінді.

 «Ата-ананы құрметеу туралы»

Ей, перзентім, ата-ананы құрметтеуің қажет екенін ақыл-ой, парасат тұрғысынан байқап білгейсің. Өйткені әрбір пензенттің тегі ата-ана ғой. Не үшін ата-анамды құрмет жасаймын деп ойыңа алма. Олар сен үшін өздерін өлімге де қиятыны белгілі.

Ей, перзентім, ата-анаңды ешқашан ренжітуші болма… Олардың көңіл күйіне қаяу салып, қапаландырмағын.

Сені жан-тәнімен жақсы көріп, тәрбиелеп жүрген ата-анаңның көңілін қалдыратын құрттай іс жасасаң, сен ешқандай да жақсылыққа лайықты жан емессің. Өйткені кім-де-кім ата-ананың жақсылығын білмесе, басқа біреудің жақсылығын да бағаламайды. Егер сен өз перзентім құрметтесін десең, сен де ата-анаңды құрметте. Сен ата—анаңа не жасасаң, перзентің де саған соны жасайды. Перзент жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы күтсең, жемісі де дәмді, жақсы болады. Сол сияқты ата-анаға деген ізет-құрметіңді аямасаң, саған деген олардың ізгі тілегі қабыл болғаны.

 

ҮІІІ. Қорытындылау

(«Қайырымдылық»  және «Мейірімділік» топтары өздернің жинаған мақтау парақшаларын санайды)

Мұғалім:

  1. Қане, қай топ ең көп мараптаттау алған екен. Сол бойынша бүгінгі белсенді топты анықтап алайық.
  2. Тақтадағы Қайқаустың соңғы нақыл сөздеріне назар аударалық:

«Перзент жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы күтсең, жемісі де дәмді, жақсы болады. Сол сияқты ата-анаға деген ізет-құрметіңді аямасаң, саған деген олардың ізгі тілегі қабыл болғаны»

Олай болса, тақтадағы жеміс ағашына назар аударалық. Бұл жеміс ағашын сендердің ата-аналарың деп алдым, ал, жемістері — сендер.  Енді қолдарыңдағы мадақтау парақшаларына назар аударыңаршы, онда не жазылған?

(Оқушылар қолдарындағы парақшалардағы «ұқыпты оқушы», «үлгілі оқушы», «шыншыл оқушы» деген мінездемелерді тақтадағы өздері таңдаған оқушының суретінің жанына жапсырады. «Жеміс ағашы» толған кезде оқушылардың өздеріне берілген сипаттамасы шығады. Мыс: Ақкүміс – «Үлгілі оқушы», Ринат – «Талапты оқушы»)

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *