Басы » Информатика » Word бағдрламасында кестемен жұмыс, формуланы енгізу

Word бағдрламасында кестемен жұмыс, формуланы енгізу

Жаңаөзен политехникалық колледжі

Оқытушы: Суюндыкова Гулнар Муналбаевна

Сабақтың тақырыбы: Word бағдрламасында кестемен жұмыс, формуланы енгізу

Сабақтың түрі: Лекция-дәріс

Сабақты оқыту әдістері:

Интерактивті технологиялық әдістерді (аннимациялық слайдтар мен презентация жасау) лекция сабағында қолдану

Мақсаты: Мәтіндік редакторда жұмыс істеу, кесте құруды диаграммаларды қолдануды формулалар енгізу тәсіліндерін меңгерту, сабақ барысында  тұрмыста қолдануға дағдыландыру.

Танымдылық: 

  • Кестені құруды үйрету. Формуланы енгізіп, әртүрлі кестеге сурет салуды үйрту.

Дамытушылық:

  • Оқушылардың Word программасы мүмкіндіктерін пайдалана отырып кесте қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және олардың компьютерлік сауаттылықтарын даыту ;

Тәрбиелілік:

  • Оқушыларды адмагершілікке,  имандылыққа, азаматтық пен жауапкершілікке тәрбиелеу және ұқыптылық пен тиянақтылыққа баулу.

Көрнекілігі:

  • электрондық оқулық, интерактивті тақта

Теориядан қысқаша түсініктеме: Кесте – бағандар мен жолдарда реттелген информация. Кесте жолдар мен бағандардың қандай бір санынан тұрады.  Жолдар мен бағандар қиылысып ұяшық құрайды.

Жұмыстың орындалу әдістемесі:

Word процессорында кестені екі түрлі әдіспен қоюға болады.

Бірінші: Таблица-Добавить таблицу командасы көмегімен

Екінші: аспаптар тақтасындағы Добавить таблицу батырмасын пайдаланып.

Бірінші жолмен кесте қою үшін Таблица-Добавить таблицу командасын орындаған соң экранға Вставка таблицы терезесі шығады. Число столбцов өрісінде баған санын, число строк өрісінде жол санын енгізіп, ОК батырмасын шертеді. Сонымен қатар оңай жолын таңдасақ төменгі командаларды орындаймыз.

 Вставка—— Таблица—— керектіні белгілеу;

 Вставка——-Вставить таблицу——баған немесе жол ——-ОК батырмасы;

 Вставка—-Таблица——Нарисовать таблицу;

 Таблица Excel түрінде енгізуге болады

Диаграммалар деректерді графикалық түрде көрсетуге арналған. Диаграмманың бірнеше түрлері бар. Диаграмма элементтері: Тор, Тақырып, Аңыздан тұрады. Тақырып- диаграмманың жеке элементтерін түсіндіру үшін қолданылады. Аңыз- диаграммаларда берілген деректердің қатарын ажыратуға көмектеседі. Диаграмма қою үшін Вставка-Рисунок-Диаграмма командасын орындау керек. Алдымен берілгендер кестесін толтырсақ, соған сәйкес диаграмма пайда болады. Содан соң қосымша безендірулерді орындаймыз. Қосымша өзгертулер орында үшін диаграмма белгіленген соң Word-тың меню командалары  диаграммамен жұмыс жасауға арнайы өзгертіледі.

Тапсырма№1:

WORD  мәтіндік редакторында кесте құру үшін Таблица→Добавить таблицу немесе Вставка-Таблица-Вставить таблица командасын орындаймыз.. Экранда  Вставка таблицы диолгтік  терезесі пайда болады. Оған қажетті қатар мен бағандарды енгіземіз. WORD үнсіз келісім  бойынша  2 баған  ұсынады, бірақ қашан болса да еңгізуге болады.

Таблица→Добавить столбцы командасын орындап кестеге баған қосуға болады.

Число строк операциясының өрісінде кесте жолдарының саны еңгізіледі. Кейін Таблица→Добавить строки командасын орындап, жол санын көбейтуге болады.

Ширина столбца өрісінде үнсіз келісім бойынша орнатылған AUTO  параметрін қолдануға болады, не баған екенін мәнін еңгізуге болады. Егер AUTO параметрі қолданылса, онда барлық бағандардың ені бірдей болады.

Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру.   Ұяшық немесе ұяшықтар тобын қосу үшін, алдына жанына жаңа ұяшық немесе ұяшықтар тобы орналасатын ұяшықты белгілеңдер. Содан кейін Таблица → Добавить ячейки командасын орындаңдар. Добавление ячеек диалокты терезесінде жаңа ұяшық қосылғаннан кейін не істейтінін: жол, баған қосу, ұяшықтарды жылжыту керек екенін көрсетіндер. Дайын кестеге жеке ұяшықтарды қосу іс жұзінде қолданылмайды.

Ұяшықтарды біріктіру үшін: Біріктіру қажет ұяшықтарды белгілеп алып:

          Контекстік  менюден Объединить ячейки командасын орындаймыз.

—          Макет- Объединить ячейки.

Тапсырма№2:

  1. Microsoft Word 2007 бағдарламасын іске қосыңыз.
  2. Парақ бетіне келесі параметрлерді орнату қажет: жоғарғы және төменгі жиегі- 2,5 см;

беттің оң жақ жигеі-2 см; сол жақ жиегі – 2,5 см.

  1. Құжатқа үлгіге сәйкес кесте құрыңыз.
  2. Берілген кесте бойынша сурет енгіземіз. Ол үшін Заливканы пайдаланамыз.
  3. Курсорды керек ұяшыққа орналастырып Главная панелінде саймандар тақтасынан Заливка батырмасын басып қажет түсті таңдаймыз.

Бағалау

1 662

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *