Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Нәсіреддин Сералиев. «Аңсау»

Нәсіреддин Сералиев. «Аңсау»

Е.  Айшуақұлы  атындағы  орта  мектеп

Махамбетова  Б.

Сабақтың  тақырыбы: Нәсіреддин  Сералиев. «Аңсау»

Сабақтың  мақсаты:  Білімділік:  Н. Сералиннің  өмірі  мен  шығармашылығы  туралы  айту. «Аңсау»  әңгімесінің   мазмұны мен  тәрбиелік  мәнін   ашу;

Дамытушылық: Оқушыларды  көркем  әдеби   шығарманы   оқуға, көркем  тілмен   сөйлеуге   дағдыландыру;

Тәрбиелік: Баланы  адамгершілікке,  үлкенді  құрметтеуге, елге    деген   құрметті  ұмытпауға  тәрбиелеу;

Сабақтың  типі:  Жаңа  сабақ.

Сабақтың  көрнекілігі: слайдтар, тест  тапсырмалар, үлестірме карточкалар.

Сабақтың  барысы:

І. Ұйымдастыру   кезеңі

ІІ. Үй  тапсырмасын  тексеру. М.Шаханов «Отырар»

ІІІ. Жаңа  сабақ.  Нәсіреддин  Сералиев. «Аңсау»

 Жазушының  өмірбаяны.

  1. Н. Сералиев 1930 жылы 25 қазанда Қызылорда  облысында, Қармақшы  ауданы,  Қашқансу  деген  жерде  туған.
  2. 1944 жылы Абай  атындағы  жеті  жылдық   мектепті  бітіріп,  сол  жылы  Қызылорда педагогика  училищесіне  түседі.
  3. 1948 – 1952 жылдары Гогаль  атындағы  педагогикалық   институттың  Тіл   және   әдебиеті  факультетін  бітірген.

 

Жазушы             Әңгіме  жазудың шебері

Еңбекқор              Н. Сералиев                  Қызметкер

 

Білімді

Шығармалары.

Әңгімелері:  «Ұшталған  қарындаш»,  «Намыс»,  «Ақ  лақ  пен  қара  лақ»,  «Ақбөпе»,   «Ақ  қайық» т.б.

Повестері: «Ыстық  күлше»,  «Алтын  ғұмыр,алғашқы  махаббат», «Дәукен  атайдың  немерелері»,  «Қаңтар», т.б.

ІҮ.Әңгімені  баяндау.

І топ:  Қалымбет   қарияның  қалаға  келуі, базар  аралауы, далада қалуы.

ІІ  топ: Аулада  ойнап  жүрген  баланың ( Ермектің)  қарияға  жолығуы.

ІІІ топ:  Қарияны  қарсы  алған  Ермектің  анасы.Олардың  шәй  ішіп, әңгімелесуі.

ІҮ  топ: Даладан  Ермектің  үйге  келіп, атасымен  ойнауы, ұйықтауы.

Ү топ:  Қалымбет  қарттың  жолға  шығуы, Ермектің  анасының  ризашылықпен  шығарып  салуы.

Ү. Жаңа  тақырып бойынша топтарға  берілетін  тапсырмалар. (топ  мүшелері түстер  таңдап,   берілген  сұрақтарға  жауап  береді).

  1. Ақылды қария – ағып жатқан  дария.
  2. Кәріге құрмет – балаға  міндет.
  3. Үлкенді сен  сыйласаң,  кіші  сені  сыйлайды.

Кіші  сені  сыйласа, кісі  сені  сыйлайды.

ҮІ. Постер  қорғау.

ҮІІ. Сабақты  қорытындылау.

Жазушы   әңгімеде   қандай  қасиеттер  көрсетеді. Осы  әңгімені  оқи  отырып,  біз  қандай  болуымыз  керек?

Тақтаға:

  1. Сыйластық – ата мен  келіннің  арасындағы,
  2. Парасаттылық – құдайы қонақты  күту,
  3. Инабаттылық – Ермектің анасының  инабаттылығы,
  4. Сүйіспеншілік – атаға деген  сағыныш,
  5. Ата – анаға деген  баланың  махаббаты
  6. Жақсылық – қарияны үйге  қабылдау,
  7. Қайырымдылық – атаның балаға  өз  атасы  болуы,
  8. Адамгершілік – ізеттілік  көрсету,
  9. Кішіпейілділік – келіннің үлкеннің  алдында  кішілік  көрсетуі,
  10. Қарапайымдылық – ауылдың қариясы.

Қонақ  түрлері.

Олар: арнайы  қонақ, құдайы  қонақ, қыдырма  қонақ, қылқыма  қонақ, құтты  қонақ  және  ерулікті  қонақ.

Арнайы  қонақ: Ол – әдейі   шақырылған   ағайын – туыс,  дос —  жаран, көрші – көлем, құда – құдағи, сыйлы, құрметті  кісілер.
Құдайы  қонақ: Бұлар  алыс  жерден  жолаушылатып  келе  жатып  көлігі  бұзылып  қалып  немесе  жолдан  адасып, шаршап, тынығу  үшін  қонған  бейтаныс  қонақ.

Қыдырма  қонақ: Үйден – үйді,  ауылдан – ауылды  кезіп, ерігіп,  үлкенге  сәлемшіл, кішіге  баташыл, әжені  аялап, жеңгені  паналап, ағаға  жол, ініге  жел  бергіш «кіріп — шық» кезбе  қонақтарды  осылай  атайды.

Қылқыма  қонақ: Ол – ауыл  ішіндегі, үй  аралығындағы  түтіні  түзу  шыққан  үйді  торып, бір  ішіп – жеу  мақсатында  қолына  тигенін, аузына  түскенін  қылқытып  жалмай  беретін  ашқарақ,  ар  мен  ұятты  белге  буған  тойымсыз,  елеусіз  қонақ.

Құтты  қонақ: Қазақ  халқында: «Құтты  қонақ  келсе,  қой  егіз  табады»- деген  нақыл  бар.  Бұл  қонақ — келген  кезінде   түскен  отбасында  бір  жақсылық,  қуаныш  болатын  қонақ.

Ерулікті  қонақ: Қоныста  отырған  ауыл  үстіне көшіп  келген  отбасын  құрметтеп,  ерулік  асқа  шақырылған  қонақты  осылай  атаған.

ҮІІІ. Үйге  тапсырма. Әңгімені  баяндау, оқу,  талдау.

ІХ. Бағалау.

[bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *