Басы » Бастауыш сыныптар » Не қайда қыстайды?

Не қайда қыстайды?

Оңтүстік Қазақстан облысы

Созақ ауданы

Жамбыл атындағы орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі:

Өтеулиева Хадиша
Сабақтың  тақырыбы: Не қайда қыстайды?

Сабақтың  мақсаты:

Білімділігі:  Қыс мезгіліндегі ауа райының қатал жағдайлары. Жануарлардың тіршілігіндегі елеулі өзгерістері туралы түсініктерді қалыптастыра   отырып, аңдар қайда қыстайтыны туралы мағлумат беру.

Дамытушылығы: Сауаттылығын, қызығушылығын ояту, танымдық қабілетін, сөздік қорларын дамыту.

Тәрбиелік мәні: Табиғатты қорғауға, аңдарға деген   сүйішпеншілігін арттыру,оларға қамқорлық жасауға,  мейірімділікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Аңдар суреттері.

Оқыту әдістері:   диалогтік әдіс, сұрақ-жауап, талдау, сын тұрғысынан ойлауын дамыту.

Күтілетін нәтиже: өз пікірлерін еркін айта алатын, дәлелдей білетін оқушы.

Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті

 

 

 

І

     Ұйымдастыру

Ынтымақтастық атмосферасын құру.

1.Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, сынып тазалығына мән беру. Зейіндерін сабаққа аудару. Бәріміз алақанымыздан жылу сезініп бір-бірімізге  жылы лебіз тілейік.

Психологиялық дайындық.  

1-топ-ақылды болайық.

2-топ-тәрбиелі болайық.

3-топ-білімді болайық.

4-топ-дарынды болайық.

Оқушылар бір-бірлеріне деген жылы лебіздерін айту.

Оқушыларды топқа бөлінеді.

 

 

 

ІІ

 

1.Үй тапсырмасын сұрау.

 

2.Тақырыпқа кіріспе.

 

 

Оқушылардан үй тапсырмасын сұрау.

1.Топ арқылы кезектесе жауап беру.

2.Постер құру арқылы қайталау.

Қызығушылықты ояту.

Жұмбақтар жасыру.

Қалқиып ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады.  (Қоян.)

     Ызыңдап ән салады,

     Лас жерге қонады.             (Шыбын.)

Балпаң балпаң басады,

Қыр жотадан асады

Паналайды үңгірді

Іздемейді тасаны.                   (Аю.) 

        Орманда жоғары,

        Ағашқа қонады.

        Тұмсығын балта етіп,

        Тоқ-тоқ соғады.           (Тоқылдақ.)

Ұшып жүрген гүл көрдім,

Қонғанда ұстап үлгердім.      (Көбелек.)

      Мысықтан бұл қорқады,

      Бұдан піл қорқады.               (Тышқан)

II. Балаларды, жаңа материалды қабылдауға дайындау.
   Жұмбақтарды шешу арқылы суреттер іліп жаңа сабақты бастаймыз.

 

Оқушылардың жауаптары

 

Оқушылар  жаңа тақырып туралы өз ойларын айтады.

 

Оқушылардың жұптық жұмыс жасауы.

 

 

 

ІІІ

 

 

 

3.Жаңа сабақ

 

 

 

 

4.Оқулықпен жұмыс

 

 

 

 

Оқулық бойынша жұмыс.

Мағынаны тану

1.Балалар мәтінді оқып,бөлімдерге бөледі және топтар ортаға ойларын салады.

а)Аю және тышқандар қалай қыстайды?

ә) Шыбын,құмырсқа,көбелектер жәнеқояндар қалай қыстайды?

б) Тоқылдақ қалай қыстайды?

в) Қоңыздар және олардың дернәсілдері ше?

2.Сөздік жұмыс.

Дернәсіл – көптеген омыртқасыз жәндіктер мен кейбір омыртқалы жануарлардың (балыққосмекенділер) ұрық қабығынан шыққаннан кейінгі жеке даму сатысы.

3.Пікірталас.

-Жануарлар зиянды ма,әлде пайдалы ма?

   1.Казір елімізде жабайы аңдар мен құстарды қорғау үшін қорықтар ашылған.

  2. «Қызыл кітап» туралы айтып өту.

 

Оқушылар топ бойынша тапсырма бойынша бірлесе отырып жұмыстар  жүргізе білуі керек.

Балалар өз пікірлерін білдіреді, қорытынды жасап, талдайды.

 

ІV Сергіту сәті Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым

Қуанамын мен де

Арайлап атқан күнге!

Оқушылар хормен,қимылмен айтады.
 

V

Қосымша тапсырмалар беру Сызбалар арқылы қайталау.  Мысалы:

Аю                                     ін

Қоян                                  апан

 Оқушылардың өз ой пікірлерін айтуы.

 

 

 

Тексеру

Бағалау

Үйге тапсырма

Рефлексия

Оқушылардың  тапсырмаларын тексеріп, талдау.

Формативті және сумативті бағалау

«Не қайда қыстайды?» мәтінін оқу.

Оқушылардың ой пікірлерін тыңдау.

Саған сабақ ұнады ма, несімен?… … …

Неге қызықтың?

Білім ағашына пікір жазып гүлдендіру.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін ортаға салады.

 

[bws_related_posts]

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *