Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Е.Айшуақұлы атындағы орта мектебі
Өзін-өзі тану мұғалімі
Қоштаева Гүлмира Майлыбайқызы
Тақырыбы:Құдіретті Жер-Ана
Мақсаты:Оқушылардың жер құндылығы туралы білімдерін кеңейту
Міндеттері:
Білімділік:Жердің адам өміріндегі мәні, оның адамға тигізетін әсері туралы білім беру;
Дамутушылық:Жердің құндылық ретіндегі мәнін түсініп,сезіне білулерін дамуыту;
Тәрбиелілік:Жерді сүюге,қадірлеп қастерлеуге тәрбиелеу;
Жоспары:
I.Ұйымдастыру,амандасу
Кіріспе
Адамның тағдыры жермен тығыз байланысты.Қасиетті жер ананың бойындағы табиғат байлықтары жер бетіндегі бүкіл адамға ортақ казына. Жер,Табиғат,Отан,Атамекен деген ұғымдар бір бірімен үндес әрі мағыналас.Жерден қасиетті,жерден киелі дүние жоқ.Жер бар жерде ел бар.Ел-Ер-азаматтың думанды ортасы. Жер жарық дүниеге көзін ашқаннан терббеткен бесігі.Табиғатағы апатты шығу тегіне қарай эндогренді(ішкі)және экзогенді(сыртқы)деп бөлуге болады.Эндогенді құбылыстар жер қыртысындағы өзгерістерден жер сілкіну туады. Экзогенді апаттарға көбінесе адам әрекетті себепші болады.Мысалы оларға қар көшкіні,сел,өттерді жатқыззуға болады.Қар көшкіні тау беткейінің төмен қарай жылжыуы,әр түрлі көшкіндер орта есеппен алғанда 100-ші адамның өмірін қиюда.Сел ұзақ нөсерлеп жауған жауының салдарынан мұз бен қардың еруінен және жер сілкінісі әсеріне болатын құбылыс. Жер сілкінісі кенеттен, ойламаған жерден пайда болатын және ең қауіпті табиғи апаттың бірі.
III. Ой қозғау
- Неліктен адамдар жерді анаға теңейді?
- Ана мен жердің қандай ұқсастықтары бар?
- <<Жер>> деген сөзді естігенде көз алдарыңа не келеді?
(Жер-ғаламшар, жер-шөп, өсімдік, ағаш өетін топырақ, зәулім үйлер салынатын жерлер)
Жердің де Ана сияқты адамдарды қамқорлап, бойындағы нәрін беріп, мәпелеп өсіретіндігіне назар аударту.
/V. Мәтінмен жұмыс
Қытай философы Конфуцийдың Атамекен туралы аңызымен таныстыру,сұрақтар арқылы пысықтау; Өз елін,жерін қорғап қалған ерлер туралы қандай аңыз-әңгімелер білеміз?
V.Дәйексөз
Ж.Айматовтың нақыл сөзі
«Адамның су мен жер туралы ойлағаны-өзі туралы ойлағаны»
VI.Шығармашылық жұмыс
Әр топқа тапсырма беру
Мақал-мәтелдер айту
Ырым-тыйым сөздер
Шағын әңгіме жазу,өлең шығару,сурет салу.
VII. Топпен ән айту
8.Сахналық көрініс «Асанқайғының жерұйықты іздеуі»
VIII.Видео-ролик. Жер-Ана туралы мысал
Қорытындылау
Адам үшін тыныс алуға таза ауа,ішуге мөлдір су,тіпті, өмір сүру үшін бүкіл табиғат қажет.Табиғат әрқашан да адамның күшті және солай бола бермек те,өйткені адам оның бір ғана сәті,шынашақтай бөлшегі.Табиғат адамға қажет баға жетпес байлық.Сондықтан халқымыз «Табиғат-адамзаттың өмір нәрі,қажеттінің табылар содан бәрі» деген.Табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға,табиғатқа сүйіспеншілікпен қарау қоғамның да алға қарай дамуына негіз мболады.Қоршаған ортаны қолайлы болуына адамның дұрыс білім алып,еңбек етуіне,материалдық жағынан қамтамасыз етуіне ықпал етеді.Сондықтан әр бір адам Жер-Ананы аялап сақтауға өз үлесін қосуы тиіс.Әрбір отырғызылған ағаш,тазаланған бұлақ сол табиғаттың бір бөлшегі екендігін ұмытпаған жөн.Жер-Ананы аялауға үлес қосуға шақырамын.
[bws_related_posts]