Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы
Ақши орта мектебі
Омаркулова Аида Абиметалипқызы
Сабақ | Мерзімі | |||||
Қазақ тілі | 3 сынып | |||||
Сабақтың тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік | ||||||
Мақсаты: Болымды және болымсыз етістіктердің ережелерін пайдалана
отырып, сөйлемді жүйелі құруға, өздігінен қорытынды шығара білуге жағдай туғызу; |
||||||
Күтілетін нәтиже: — Болымды және болымсыз етістіктерді ажырата
алады,ережесін меңгереді; — Жаттығуларды өз бетінше орындайды — Оқушылар топтағы диалог арқылы қарым- қатынасқа түсе алады; |
||||||
Сабақтың әдіс-тәсілдері: диалогтық оқыту, топтық жұмыс, сыныппен жұмыс, жеке жұмыс | ||||||
Ақпарат көздері: интерактивті тақта, слайдтар, оқулық, қағаз, маркер | ||||||
Сабақтың кезеңдері | Уақыт
|
Мұғалімнің іс — әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды топқа бөлу |
2 | 1.Оқушыларға психологиялық ахуал туғызамын.
Ынтымақтастық атмосферасын құру Жемістердің суреттерін ала отырып, топтарға бөлу І т Алма ІІ т Алмұрт ІІІт Өріктер ІҮ т Жүзімдер |
Бәрі орындарынан тұрып өлеңді оқып, бір –біріне сәттілік тілейді.
Оқушылар топқа бөлініп отырады |
|||
Бағалау критерийлері |
|
Сабақ басталмас бұрын бағалау критерийлерімен оқушыларды таныстыру. | Оқушылар бағалау парақтарын алады | |||
Білу
|
5
|
Үй тапсырмасын тексеру
СТО Қызығушылығын ояту |
Топтар тізбектеле отырып, орындаған тапсырманы оқиды.
Өтілген тақырыптар бойынша топтар бір -біріне сұрақтар қойып, жауап береді 1-2-3-4-1 |
|||
Түсіну | 3
|
Ой шақыру
|
Шешуіндегі болымсыз етістік болатын ребустарды шешу. | |||
Қолдану
|
10
|
Мағынаны тану
Оқулықтағы жаттығуларды орындату (жеке, жұппен)
|
Оқушылар оқулықта берілген жаттығуларды топпен орындайды
35 – жаттығу берілген сөздерді қатыстыра отырып, диалог құрастыру, болымсыз етістіктердің мағанысын түсіндіру 36 –жаттығу болымсыз етістіктерді табу І, ІІ топ өлеңнің авторы туралы мәлімет беру ІІІ, ІҮ топ өлеңді жалғастыру |
|||
Сергіту сәті | 1
|
Интерактивті тақтадан суреттер көрсетіледі | Суретте көрсетілген мамандықтарға сәйкес қимыл, іс-әрекеттерді жасайды | |||
Талдау | 10
|
Интерактивті тақтамен жұмыс | Сурет бойынша шағын мәтін құрату | |||
Жинақтау | 10 | Оқулықпен жұмыс | Әр топ өздеріне берілген тапсырмалар бойынша постерге сызбалар түсіріп, қорғайды
(Әр топқа қолдау көрсетіп отыру) Оқушылар нені білетінін, білгісі келетінін, білгенін бірлесе отырып толтырады |
|||
Бағалау | 2 | Ой-түйін, формативті бағалау
2. Мұғалімнің бағалауы. (критерийлер арқылы) |
Критерийлер бойынша бағалау | |||
Рефлексия | 2 | Сабақ барысында оқушы көзқарасы | Бағдаршам көздері арқылы өз көзқарастарын білдіреді | |||
Келесі оқылым | Үйге тапсырма беру | Тыйым сөздер жазып келу; Сурет бойынша әңгіме | ||||