Маңғыстау ауданы
Е.Айшуақұлы атындағы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі: Сисенбаева Сара
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ана – өмірдің тірегі, отбасының жүрегі»
Тәрбие сағатының мақсаты: Адамзат баласын жарық дүниеге әкеліп, оны тәрбиелеп өсіретін ана екенін түсіндіру. Ана еңбегін еш нәрсемен өлшеуге болмайтынын, түн ұйқысын төрт бөліп, баласын азамат етіп тәрбиелейтінін,сондықтан да барлық ананы сыйлауға құрметтеуге тәрбиелеу. Өз аналары туралы шығармашылық әңгіме құрастыру.
Көрнекілігі: суреттер, плакаттар, музыка, шарлар, гүлдер
Жүрісі:
Мұғалім: Қайырлы күн, ақ жаулықты әжелер, аяулы аналар, ұстаздар! Баршаңызды көктемнің алғашқы күні, алғашқы мейрамы 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Хор: «Құттықтаймын, мама, туған күніңмен!»
(Ән аяқталған кезде есік қағылады.)
Мұғалім: Естідіңдер ме, балалар? Көрейік, кім келді екен?
«Көктем» кіреді
Көктем: Сәлеметсіздер ме, ұстаздар, аналар, балалар! Мен бүгінгі мерекені сендермен бірге тамашалауға келдім. Менімен бірге жылулық пен әсемділік те келеді, сендерге деген сыйлығым да бар. Бірақ алдымен сендердің білімдеріңді тексеремін.
Сұрақ-жауап
- Жыл мезгілдерін ата
- Көктемде қандай мерекелер болады?
- Бүгін қандай мереке?
- Аналарға арналған қандай өлеңдер білесіңдер?
1-оқушы:
Әлпештеген, аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамыңмен құттықтаймын.
2-оқушы:
Ана – өмір шырағы,
Ана – өмір бұлағы.
Бесігімнің жыр-әні,
Жүрегімде тұрады.
3-оқушы:
Ана – біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Бар баланы қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз!
Ән: «Қошақаным қайда екен?»
Мұғалім: Балалар, көктем сендерге сыйлыққа көп гүлдер әкеліпті. Қазір біз «Гүл теру» ойынын ойнаймыз.
Сұрақ-жауап
- Үйде аналарыңа қалай көмектесесіңдер?
- Өзің білетін дауысты дыбыстарды ата.
«А» дыбысы туралы жаттаған өлеңіңді айтып бер.
- Жеті қазынаны ата.
- Ана туралы жаттаған өлеңіңді оқып бер.
(Оқушылар ана туралы өлеңдер оқиды)
Би: «Ақ жайнақ»
(Ана туралы өлеңдер тобы)
Ән: «Ақ әжем», «Ертегілер әлемі»
«Көктем» қоштасып, басқа балалардың мерекелерін тамашалауға кетеді.
Мұғалім: Даярлық тобы дайындаған көрініс: «Не сыйлау керек?»
Оқушылар:
Көктемде көңілді,
Құстар кеп жатқанда.
Құлпыртып өңірді,
Гүл ектік бақтарға.
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір-бірлеп,
Анаға сыйлаймыз.
(Балалар аналарға дайындаған сыйлықтарын апарып береді)
Мұғалім: Құрметті әжелер, аяулы аналар! Сіздерді тағы да көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтаймыз. Осымен даярлық тобының оқушылары дайындаған ертеңгілік аяқталды. Көңіл бөліп тыңдағандарыңыз үшін көп рахмет!
[bws_related_posts]