Қазақ тілі
Тақырыбы: Қыстырма сөздер
Мақсаты: Білімділігі:Қыстырма сөздердің сөйлем ішіндегі атқаратын рөлін, жалпы ойға қосатын әртүрлі мағыналық реңтерін байқату, сөйлем ішінен қыстырма сөздерді таба білуге, қыстырма сөздердің тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге үйрету
2.Дамытушылығы: Сын тұрғысынан ойлауын, оқу мен жазу арқылы таным белсенділігін арттыру , тілін дамыту.Өз ойын нақты, дәл жеткізе білкге үйрету.
- Тәрбиелілігі: Шығармашылыққа, адамгеошілікке баулу. Көркем таза жазуға тәрбиелеу.
Міндеттері:
- Жаттығу жұмыстарын орындата отырып, қыстырма сөздің сөйлемдегі ойға қосатын мағыналық реңктерін ажырата білуге үйрету ;
- Оқушылардың сөйлеу мәдениетін арттыру, ой қорыту, пікір айту дағдыларын жетілдіру.
Күтілетін нәтиже:
- топтық жұмыс арқылы оқушылар өзіндік ізденіске бағыттап, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдылары артады;
- жаттығу жұмыстарын талдау арқылы еркін ойлау, өз көзқарасын жеткізу, дәлелдей білу, өзгені тыңдау, тұжырым жасай білу қабілеттері жетіледі;
- әр оқушы өз-өзіне баға береді, өзіндік пайымын жасайды, тәрбиелік, тағылымдық мәнін ұғынады.
Сабақтың барысы
Психологиялқ тренинг.
-Әрбір адам? -Досым, сыныптасым.
-Әрбір сабақ? -Үйрену, оқу, іздену.
— Әрбір сөзің? — Шындық, бірлік, адалдық.
Олай болса, оқушылар бүінгі сабағымызда әрбір ісімізге мұқият болайық.
«Жақсы мінез бітпес байлығың, жаман мінез — өмірлік азабың»
Бір жылда он екі ай бар болса, олардың әрқайсы көктем, жаз, күз, қыс мезгілін білдіреді. Соған сәйкес ол кездегі ауа — райы қалай әр — түрлі болса, сол айларда туылғандардың да мінез — құлқы әрқилы. Әр айға тән мінез құлыққа тоқталып өтемін. Қонақтарда бізбен бірге Аталған айда туғандар қол шапалақтап отырайық.
Біз енді сол айларда туған балалармен топқа бөліндік.
1-топ
Қаңтар айында туылғандар Олар – шыдамды да жігерлі.
Ақпан айында туылғандар Олар – тік мінезді, ұстамсыздық танытатын кездері көп. Мінезі көңіл күйіне байланысты өзгеріп отырады.
Наурыз айында туылғандар Олар – өте сезімтал және әсершіл.
Сәуірде туылғандар мінезі – қатал. Олар өз мақсатына жету үшін батылдық, табандылық танытады, шешімді тез қабылдайды.
2- топ
Мамырда дүниеге келгендер кекшіл, өзіне жамандық жасағандарды оңайлықпен кешіре алмайды.
Маусым айында туылғандар Олар – уайымшыл, жаны тез жараланғыш, өз істеріне байыппен, сергектікпен қарайтындар. Дарындылық пен алғырлық, мейірімділік мінез-құлқына, бойына тән қасиеттер.
Шілде айында туылғандар Олар — өзімшіл, ұстамсыз, шыдамсыз болып келеді. Тәкаппар, өзін өзгелерге тәуелді етпейді.
Тамыз айында туылғандар Олар – бірбеткей, қуатты, әсершіл. Жемісті еңбек етеді, кейде аңғал.
3-топ
Қыркүйек айында туылғандар Олар – қызуқанды, әсершіл, мақсат қойғыш, жанжалқой, ақшаны үнемдеп жұмсайтын, өзін — өзі жақсы көретін, есепке өте жүйрік жандар
Қазан айында туылғандар Олар – қарапайым.
Қараша айында туылғандар Бұлар – есепке жүйрік,
Желтоқсан айында туылғандар Олар – сезімтал және көңілшек.
Үй тапсырмасын тексеру:
Көшеде бір журналист сені тоқтатып, Қазақтың салт-дәстүрі туралы не білесің? Деп тосыннан сұрақ қойса қалай жауап берер едіңдер?
І топ: 54-жаттығу « Қазақтың салт-дәстүрі туралы не білесің?
«Тұсау кесер»тақырыбына әңгіме құру
Топта талдап, жақсы шыққан әңгімені оқу.
ІІ топ: Жалғасын тап? Ойыны ( жалғасын табамыз, дәлелде)
1.Жаз ыстық болса,…
2.Күшіңе сенбе,………
3.Ақыл жастан шығады,…
4.Оқу-білім бұлағы,…..
ІІІ топ: Жай сөйлеммен құрмалас сөйлем ?
Мысалдар беру
1.Лезде күн бұлттанып, сәлден соң жаңбыр жауа бастады.
2.Қарлығаш төмен ұшса, күн жауады.
3.Оқушылар күзгі каникулда жиналып, саяхатқа шықты Дәлелде.
Ережесіне тоқталу.
Ауызша Осы құраған құрмалас сөйледерге сөз қоссақ қалай болады.
- таң қалу мағынасындасөйлемді өзгетіп көрелік. Мәссаған
2.Жорамалдау мағынасына айналдырсақ Бәлкім
- Армандау мағынасына аайналдырып Шіркін
- Біз кімбіз? Сөйлеуші
Жаңа сабақ:
«Бәріміз бірге» кезеңі, 57-жаттығу жаңа сабақты түсінуге дайындық жұмысы ретінде орындалады.
Сөйлемге қандай мағына беріп тұрғанын байқау.
Қарамен жазылған сөздерсіз айтып көру. Не байқадың?
Сөйлем мүшесі бола ма?
Ой тұжырым (Ереже шығару).
Сөйлемдегі ойға сөйлеушінің қалай қарайтынын білдіретін бірақ өздері сөйлем мүшесі болмайтын сөздер бар. Ондай сөздерді қыстырма сөздер деп атайды.
Топтық жұмыс, тапсырма арқауы бойынша:
-Бірінші бағандағы қарамен жазылған
сөз сөйлемде қандай мағына үстеп тұр?
І топ:
Меніңше,бұл – өте мықты адам. | Бұл – өте мықты адам. |
Бірінші сөйлемдегі қарамен жазылған меніңше сөзі арқылы сөйлеуші өзінің сенімін білдіріп тұр.
ІІ топ:
Біз бүгін, әрине, күндегіден ертерек шығамыз. | Біз бүгін күндегіден ертерек шығамыз. |
Екінші сөйлемдегі қарамен жазылған әрине сөзі арқылы сөйлеушінің қолдауын білдіріп тұр.
ІІІ топ:
Болашақта мен ғарышкер болармын,бәлкім. | Болашақта мен ғарышкер болармын. |
Үшінші сөйлемдегі қарамен жазылған бәлкім сөзі арқылы сөйлеушінің жорамалын білдіріп тұр.
«Сауаттылық хатын» орындату.
Қыстырма сөздердің тыныс белгісіне назар аударту.
Жеке жұмыс
57-жаттығуды дәптерге диктант түрде жазады. Сөйлемдердің ішінен қыстырма сөзді тап.тынысбелгісіне зер сал.
- Топ Тақтамен жұмыс
59-жаттығу. Сөйлемдерді оқу, қыстырма сөздерді теріп жазу.
Қыстырма сөздердің құрамы жағынан бір сөзден ғана емес, бірнеше сөзден де жасалатындығы туралы көзін жеткізу.
Сергіту сәті:
- Топ Оқулықпен жұмыс:
60-жаттығу Қыстырма сөздерді пайдаланып, суретпен әңгіме құра.
- Топ Берілген сөздер бойынша сөйлем құрастырады.
Рас, оның айтуынша, сірә, меніңше
Сабақты қорытындылау:- Не байқадың?
9 төл дыбыстар
Әр дыбысқа дыбыстық талдау жасау
Сұрақ таңдау
-Қыстырма сөз дегеніміз не?
-Қыстырма сөз сөйлемнің қай жерінде кездеседі?
-Таң қалу мағынасын білдіретін қыстырма сөз? Мәссаған
-Жорамалдау мағынасын білдіретін қыстырма сөз? бәлкім
-Сенімділік мағынасын білдіретін қыстырма сөз? әрине Рас ,сөз жоқ
-Өз ойын айту мағынасын білдіретін қыстырма сөз сонымен сөйтіп
-Армандау мағынасын білдіретін қыстырма сөз шіркін
-Күмәндану мағынасын білдіретін қыстырма сөз мүмкін
-Қыстырма сөз қандай сөйлем мүшесін атқарады?
Бағалу: топ жетекшілеріне сөз беріледі.
Үйге тапсырма:63- жаттығу бет-78