Оңтүстік Қазақстан Облысы
Сарыағаш қаласы
ОҚ «Арыстанбаб» колледжі
педагог-психолог
Ильясова Лязиза Рустамовна
Нәрестелік кезең (Презентация)
Нәресте– бір жасқа дейінгі сәби. Нәрестенің алғашқы бір жылы дүниеге келу кезеңіне (алғашқы 4 апта) және емшектегі кезеңге (1 жас толғанға дейін) бөлінеді.
Мерзімінде туған сәбидің салмағы 3,0 – 3,7 кг, бойының ұзындығы 50 – 52 см, басының шеңбері 34 – 35 см, кеуде шеңбері 34 – 36 см болады. Жас Нәрестенің терісі үлбіреген жұмсақ келеді де дұрыс күтілмеген жағдайда тері қатпарлары базданып іріңдей бастайды. Сүйектерінде тұз аз болғандықтан, майысқақ келеді. Сәбидің күтімі дұрыс болмаса (мысалы, Нәрестені жастыққа отырғызса, аяғына ерте тұрғызса), сүйектері тез қисаяды
Бас сүйегі онша жетілмей туады, оның қосылған жігі жұмсақ, былқылдап тұрады, оны еңбегі (ол 9 – 14 айда қатаяды) деп атайды. Басында шашы (2 см-дей), тырнақтары қатты болады. Қасы, кірпігі көп білінбейді. Сәбилердің өкпесі мен тыныс алу органы, бұлшық еттері онша жетілмегендіктен, ересек адамдарға қарағанда ауаны көп қажет етеді
Олар тәуліктің көп уақытын ұйқымен өткізеді, тек тоңғанда, жаялығы су болғанда не іші кепсе ғана оянады. Дені сау бала 6 – 8 айлығында тіс жарады. Бұл кезде сәбилерде іштен туа біткен рефлекстер (сору, жұту, жан-жағына қарау, ұстау, т.б.) дамиды. Олар дәмді жақсы айырғанымен, иіс сезу, көру, есту қабілеттері өте төмен болады. Бірақ қатты жарыққа не айқайға сәбилер мазасызданып, жылап жауап қайтарады
Өмірге жаңа келген нәресте күн санап өсіп отырады.Мәселен, оның өсуі туған кезіндегісімен салыстырғанда бір жыл ішінде 25 процент өседі.Нәрестенің сүйегі бірте-бірте қатайып, бірақ ол әлде де жұмсақ шеміршек тәрізді майысқақ келеді
[bws_related_posts]