Ибрашева Гулжамал Нығметқызы
Бастауыш сынып мұғалімі Харькин орта жалпы білім беретін мектебі
Ана тілі 3-сынып.
Сабақтың тақырыбы: Батырдың ұрпағы. А.жақсыбаев.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды мәтіннің мазмұнымен таныстыра отырып, халқымыздың тарихынан тағылым беру, кейіпкерлер жөнінде
мағлұмат беру.
- Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын
жетілдіру, тапсырмалар беру арқылы ойлау қабілеттерінің
дамуына ықпал жасау, қызығушылығы мен белсенділіктерін
дамыту.
- Оқушылардың елжандылық сезімін ояту; Отанын, елін
қорғаған ерлерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, карта,оқулық.
Сабақтың әдісі: ой қозғау, топтастыру, әңгімелеу,сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
а) Сәлемдесу.
ә) Оқу құралдарын тексеру.
б) – Бүгінгі күн ерекше болып отыр. Себебі, бізге қонақтар келіп сабағымызға қатысқалы отыр. Олар – ұстаздар. Ендеше, сәрсенбінің сәтті күнінде сабақты көңілді, қызықты өткізуге тырысайық. Тек қана сәттілік тілеймін!
ІІ. Үй тапсырмасы.
1.Бұқар жыраудың (1668-1781) «Бөгенбай», «Қабанбай», «Наурызбай» атты жырларын жатқа айту.
2.Бекіту: Кубизм стратегиясы бойынша сұрақ-жауап.
а) «Өткен өмір» тарауы бойынша Жоңғар шапқыншыларын талқандаған қаһарман батырлар кімдер?
ә) Батырлар жаумен не үшін шайқасты?
б) Ой түйіндеу.Шайқаста кім жеңді деп ойлайсыңдар?
в) Топтастыру әдісі. Батыр бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыңдар?
батыл
ер жүрек ойлы
Батыр |
ақылды елін, жерін сенімді серігі —
сүйетін жүйрік аты
Сергәту сәті.
Аспанға қарап ай көрдім,
Төменге қарап жер көрдім.
Егеменді ел көрдім.
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Кіріспе бөлім.
1723-1725 жылдар қазақ халқының есінде ең ауыр кезең болып саналады. Жоңғар хандығы қаннен-қаперсіз жатқан қазақ елін қорғануға мұршасын келтірмей, қырғын шектірді. Осындай жағдайда үщ жүздің басшылары даналық танытып, ішкі күштерді біріктіруге күш салды.
- Олар кімдер еді?
Ұлы жүз – Төле би
Орта жүз – Қазбек би
Кіші жүз – Әйтеке би.
(Үш биді Тәуке хан тағайындаған)
- Енді балалар, кітаптағы 93 беттегі Қоңырауды ашайық.
- Бүгінгі сабақ тақырыбын хабарлау.
- Мұғалімнің түсіндіруі.
а) Автордың өмірбаяны.
Жақсыбаев Ахат Имантайұлы 1940 жылы 5 шілдеде Павлодар қаласында дүниеге келген.
- А.Жақсыбаевтың «Батырдың ұрпағы» атты әңгімесін түсіндіру.
- Мәтінді бірнеше бөлімге бөліп оқып, әр бөлімге жеке-жеке тұжырымдау.
- Әр бөлімді оқушыларға оқытып, мазмұнын мұғалім өзі түсіндіреді.
ІV. Оқулықпен жұмыс
1.Сұрақ-жауап.
- Әлкейдің атасы кім деген батырлар туралы
әңгімелейді?
- Олжабай, Жақсыбай кімдерге қарсы соғысты?
- Не себепті мәтіннің аты «Батырдың ұрпағы» деп алынған?
- Әлкей туралы бұрын оқығандарды естеріңе түсіріңдер? 2-сыныпта
А.Жақсыбаевтың «Кішкентай Әлкей» атты әңгімесін оқыдық. Ол атақты ғалым
Әлкей Марғұлан туралы еді.
- Оқулықтағы «Батырдың ұрпағы» атты әңгімедегі Олжабай батырдың ұрпағы
Әлкей Марғұлан екен. Ол – Әлкейдің бесінші ұрпағы.
- Дәптермен жұмыс.
Сандықшаны ашайық. Сөздік жұмысын жүргізу.
Қисса – жыр-дастан.
Шүркіт – ерте кезде қытайлар осылай аталған.
VІ. Ой қозғау. Кілт (шартты белгісі)
- Туған жердің тарихын білу үшін картаны ғана білу жеткілікті ме?
- Өз өлкеңдегі жер-су аттары туралы қандай аңыздар естідіңдер?
- Олжабай атасының естелік заттарын ұрпақтары музейге неге тапсырды деп ойлайсың?
Өз өлкеңдегі жер-су аттары.
«Жайық» өзенінің бойы.
Өтебай суаты.
Өтебай атай Мақсот ағайдың әкесі. Немерелері: Сағындық, Мағжан, Ақмаржан.
Жалаңашар.
Тік жар, ағаш ештеңе жоқ болғандықтан «Жалаңашар» деп аталады.
Шәкен суаты.
Жиенбетов Қайрош ағайдың әкесі, Нұрбергеннің атасы. Колхоз кезінде сиыршы болған. Өте еңбекқор болған адам. Сол тұстан малын суарған. Айсиев Ерлан отырған үйдің орнында, малдың қорасы болған.
Саға.
Саға терең емес, жақсы балық ұстаған.
- Шартты белгі: Перде.
1.Батыр есімімен аталатын жер-су аттары.
- Алматы облысында Райымбек ауылы.
- Атырау облысында Махамбет ауданы
- Атырау облысында Исатай ауданы
- Орал облысында Сырым ауданы
- Торғай облысында Амангелді ауданы.
- Қарасай ауданы.
Әскери бөлімше бар Қарасай батырдың атында. Әйгілі қолбасшы есімі ру
ұранына айналған көрнекті тарихи тұлға. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев оның тікелей ұрпағы болып келеді. Руы – Шапырашты.
VІІ. Шығармашылық тапсырма.
1.Мақал-мәтелдер айту.
- «Жалғасын тап» ойыны.
VІІІ. Үйге тапсырма.
1.93-96 бетті оқу.
- «Шабдаржап ауылы» деп неге олай аталды? «Жер шежіресі – ел шежіресі» дегендей, ауылдың тарихын біліп келу.
ІХ.Сабақты бекіту.
- Сонымен, «Батры өлсе де, аты өлмейді» дегендей сабағымызды
қорытындылай келе «Төрт жолды» өлең құрайық.
- Батырдың ұрпағы кім? Әлкей
- Ол не істеді? тыңдады, жолықпады
- Ол қандай бала? тыңдауға жаны құмар
- Сөйлем. Әлкей Марғұлан – Олжабай батырдың
ұрпағы.
Х.Сабақты қорытындылау.
ХІ.Бағалау.
[bws_related_posts]