Сөз мерген

харИбрашева Гулжамал Нығметқызы                                                           Бастауыш  сынып   мұғалімі                                                                     Харькин   орта жалпы білім беретін  мектебі

Тақырыбы:  Сөз мерген

Мақсаты: 1. Сөз тіркесімен, мақал-мәтелдермен, көне сөздермен таныстыру, мағыналарын аша білу.

2..Оқушылардың өз ұлтына, тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, жас ұрпаққа ана тіліміздің қадір-қасиетін дарыту. Ойын арқылы оқушылардың  тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйелі айтуға, топ алдында еркін сөйлеуге баулу.

3.Тапқырлыққа,шапшаңдыққа тәрбиелеу

Көрнекілігі:  интерактивті  тақта

Әдісі:  Сұрақ-жауап,ой-қозғау

I.Ұйымдастыру  бөлімі

  1. Таныстыру / әр топ өздерін таныстырып  өтеді /

III. Сайыстың  кезеңдері:

  1. Ұшақ сұрақтары
  2. Жүйрік болсаң,шауып көр
  3. Ойлы болсаң, озып көр
  4. Кім жүйрік?
  5. Сөз ойла ,тез ойла

 

I  кезең. 1.  Ұшақ  сұрақтары

  1. Сөйлеу тілінде дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, естілетін тілдік құбылысты не деп атаймыз?  / дыбыс /
  2. Мағыналары бір – біріне қарама — қарсы сөздер / антоним сөздер /

3Айтылуы,жазылуы бөлек мағынасы бірдей сөздер  / синоним сөздер /

  1. Сөйлем туралы не білеміз?

*Сөйлем тиянақталған  ойды  білдіреді.Сөйлемнің 3 түрі  бар.

*Бірдененің жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем д/з

*Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз.

*Адамның көңіл күйін,сезімн  білдіретін  сөйлемді  лепті  сөйлем  дейміз.

  1. Сөз таптары туралы не білеміз ?
  2. Сөйлем мүшелері дегеніміз не?

* Сөйлем құрамында нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздерді

сөйлем мүшелері  дейміз.

  1. Бастауыш дегеніміз не ?

9.Мәтін  дегеніміз не?

  1. Буын дегеніміз не?

 

1.Айы оңынан  туды – жолы болды

2.Ала көзімен  атты-  жек көріп отыр

3.Екі езуі екі құлағына  жету- қуану

4.Ат ізін  салмау- хабарласпау

5.Бармағын  тістеді- өкіну

  1. Ыбырай Алтынсариннің бір өлеңін жатқа айт
  2. Абай қай жерде дүниеге келді? Бір өлеңін жатқа айт

*1845 жылы  қазіргі  Семей  облысының  Абай  ауданында дүниеге келген.

  1. Ертегі дегеніміз не ? Ертегінің түрлерін ата

* Ертегі- қызық, ғажайып оқиғаларды ойдан шығарып, өсіре  әңгімелейтін

көркем шығарма

Ертегілердің түрлері:

 

  1. Батырлар жырындағы қазақ халқының жеріне басып

кіретін жаулар кімдер?

10.Ребусты  шеш.Бұл сөздер қай  ақынның  өлеңінде кездесті?

Жауабы: халық, тіл, отан

Үш  бақытым   Мұқағали  Мақатаев.

 

II кезең.Жүйрік болсаң,шауып көр

Сөздердің  байланысын тауып  мақал-мәтел  құрастыру

 

1.оқыған

2.талап

3.білімді

4.саналы

 

 

Жауар                                  Талаптыдан нұр жауар

 

1.күшті

2.білімді

3.айлалы

4.өнерлі

 

Жығар

Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар

 

1.жалғыз

2.аз

3.көп

4.мол

 

 

Шықпас

 

 

Жалғыздың үні шықпас

 

1.ер

2.батыр

3.дос

4.сұлтан

 

 

 

алмайды

 

 

Досы көпті жау алмайды

Ақылы көпті дау алмайды

 

1.ақыл

2.білім

3.өнер

4.өлең

 

 

тозбайды

 

 

Ақыл азбайды

Білім тозбайды

 

1.жаңбыр

2.қар

3.күн

4.бұлт

 

ырысы

 

Жаңбыр жауса -жер ырысы

Батыр туса- ел ырысы

1.жұрт

2.қонақ

3.халық

4.ел

ұялады Келгенше қонақ  ұялады,

Келген  соң үй иесі  ұялады.

1.ел

2.жер

3.отан

4.халық

 

күймейсің

Отан  үшін  отқа түс күймейсің

Арың үшін алыссаң,өлмейсің

 

III  кезең.    Ойлы болсаң, озып көр . Үй  тапсырмасы

Шарты: Күнделікті өмірде қолданылып жүрген тыйым сөздерді айту

 

IV кезең   Кім жүйрік?

Шарты: Жұмбақтың жауабын тауып, дыбыстық талдау жасау қажет

 

1.Әкесі баласын көтеріп тұр ,

Баласы  бөркін көтеріп тұр.   /ағаш /

 

2.Қар астында жасырған,

Жап-жаңа бөркі жасылдан.

Келтірген  сәнін даланың,

Сен соған ұзақ қарадың.   /көктем   6әріп, 6 дыбыс /

 

  1. Жез күркенің ішінде

Қара құлын кісінер.   /қоңырау / 7 әріп, 7 дыбыс

 

4.Асты тас,

Үсті тас,

Ортасында жанды бас.      /тасбақа /  7 әріп,  7дыбыс

 

5.Жайған жастық сөгілді,

Аппақ мамық төгілді.    /қар /

 

  1. Ақыл-ойдың шырағы,

Зәулім көктей шынары.

Биігіне  бойлаған

Қанбайды адам құмары. / кітап /

 

V  кезең . Сөз ойла ,тез ойла

Шарты: Ұяшықтарды таңдап, шыққан әріптерден басталатын сөздер құраңдар.

 

  А,б, қ, р     В,о, ч, ө  Г, ғ, п, ұ
Н,ы,ү, т    І,ә,д,с Й,ш,л,б

 

VI.Қорытындылау

 

Абай                                                           Үш бақытым

Ғылым таппай  мақтанба

Мұқағали  Мақатаев

Өнер,білім бар жұрттар                            Ең бірінші бақытым-Халқым менің

Тастан сарай салғызды                             Соған берем ойымның алтын кенін

Айшылық алыс жерлерден                       Ол бар болса,мен бармын,қор болмаймын

Көзіңді ашып-жұмғанша                           Қымбаттырақ алтыннан нарқым   менің         Жылдам  хабар  алғызды.

Аты жоқ құр арбаны                                   Ал екінші бақытым- Тілім менің,

Мың шақырым жерлерге                            Тас жүректі  тіліммен   тілімдедім.

Күн жарымда  барғызды                             Кей-кейде дүниеден  түңілсем де,

Қасиетті тілімнен   түңілмедім .

Адамды құстай ұшырды,

Мал әстейтін жұмысты                               Бақытым бар үшінші-Отан  деген,

От пен суға түсірді.                                     «Кім мықты?»-десе біреу,-«Отан» дер  ем.

Отынсыз тамақ  пісірді                                Оты сөнген  жалғанда  жан барсың ба?

Сусыздан сусын  ішірді                               Ойланбай-ақ  кел дағы  от  ал  менен

 

Орын таппай баптанба                                            Кел,балалар, оқылық!

Құмарланып шаттанба

Ойнап босқа күлуге

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз

Тілеуің,өмірің  алдында,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек,өтірік,мақтаншақ,

Еріншек,бекер  мал шашпақ-

Бес дұшпанын білсеңіз.

Талап,еңбек,терең ой,

Қанағат,рақым ойлап қой-

Бес асыл іс, көнсеңіз…

 

 

 

1.оқыған

2.талап

3.білімді

4.саналы

 

 

 

Жауар

 

1.күшті

2.білімді

3.айлалы

4.өнерлі

 

 

Жығар

 

1.жалғыз

2.аз

3.көп

4.мол

 

 

 

Шықпас

 

1.ер

2.батыр

3.дос

4.сұлтан

 

 

 

 

алмайды

 

1.ақыл

2.білім

3.өнер

4.өлең

 

 

 

тозбайды

 

1.жаңбыр

2.қар

3.күн

4.бұлт

 

 

ырысы

1.жұрт

2.қонақ

3.халық

4.ел

 

ұялады
1.ел

2.жер

3.отан

4.халық

 

 

күймейсің

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *