Басы » География » «Үздік географтар» сайысы

«Үздік географтар» сайысы

Батыс Қазақстан облысы

Ақжайық ауданы

Харькин орта жалпы білім беретін мектебі

география пәнінің мұғалімі

Байғазиев Жеңіс Қанатұлы

«Үздік географтар» сайысы

Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен ізденімпаздылығын, ойлау қабілеттерін дамыту негізінде шығармашылық қабілеттері мен топта жұмыс істеу дағдыларын дамыту арқылы сыни көзқарастарын дамыту,  білім алуға деген ынтасының өсуіне ықпал ету. Пәнге деген қызығушылықтарын, танымдылық қызығушылықтарын арттыру.

 

Сайысқа 8-9-сынып оқушылары қатысады.Сайыс шарттары: Оң жақта тақырыптар беріледі, әр тақырыпта 5 ұяшықтан бар. Әр ұяшықтың сұрақтарына дұрыс жауап берілсе, сонша ұпай қосылады.

фы

              І. ЖҰМБАҚТАР.   

  1. Салынған көпір керемет,

Қызығушы өте көп

Ал бірақ та не керек,

Кісі өтетін жолы жоқ     /кемпірқосақ/

  1. 2.Жарқ етсе сабау қамшы,

Нөсерлетіпжауар тамшы./найзағай/

  1. 3.Әуеде ақ мамық,

Қалбақтап ұшады.

        Қанаты талып,

      Жерді барып құшады./қар/

  1. 4.Қанатсыз құс маңып барады,

Көзінен жас тамып барады  /бұлт/

  1. 5.Жүйрік өзі тұлпардан,

Ұшқыр өзі сұңқардан.

Күні түні жүйткиді.

Кең далада бір тарлан/жел/

 

ІІ.Литосфера.

1.Темір мен никельден тұратын, Жердің ең орталық өзегі/ядро/

2.Жер бетіндегі таулардың орташа қалыңдығы      /70-80-км/

3.Қазақстанның ең биік тау жүйесі /Хан-Тәңірі/

4.Жер сілкінісі жиі болатын аймақты қалай атайды?  /сейсмикалық  аймақ/

5.Жапон аралдарының ең биік нүктесі?  /Фудзияма/

ІІІ.Гидросфера.

  1. Жер асты жер сілкінунен, жанартаудың атқылауынан пайда болатын толқын? /цунами/

2.Дүниежүзінің <түсті>   теңіздерін ата  ./Сары,Қызыл,Ақ/

3.Ең биік сарқырама?  /Анхель/

4.Дүние жүзіндегі ең қуатты жылы ағыс?

5.Жер шарында бір теңіз бар, мұхиттың ортасында орналасқан,

Шекарасы мен  жағалауы жоқ. Атлант мұхитта орналасқан теңіз

ІV.Атмосфера.

1.Ауаның горизонталь бағытта бір жерден екінші жерге ауысуын не дейміз?

2.Әрбір 1000 м сайын температура қанша градусқа төмендейді?

  1. Екі жарты шардың қоңыржай белдеулері бойымен соғатын желдер қалай аталады?

4.Барометр, флюгер

5.Әлемдегі ең ылғалды және құрғақ жер.

V.Флора.

1.Бұл қандай ағаш?

2.Австралияның эндемик өсімдіктері.

 

3.Канаданың туында не бейнеленген?

4.Австралияның символы?

 

 

 

 

 

 

5.Дүниежүзінің “великан ағашы” ең биік ағаш. Ол қандай ағаш?

 

VI.Фауна.

1.Мұхит гиганты, сүтқоректі.

2.Ең кішкентай құс.

3.Әлемдегі ең кішкентай маймылдар  тіршілік ететін арал.

4.Сіздер бейтаныс жерге кемемен жүзіп келіп, жергілікті адамдармен тіл

табыспақшы болып, оларға әртүрлі сұрақтар қоя бастадыңыздар. Ал олар сіздерге

«Кенгуру» деген сөзден басқа сөз айтқан жоқ. Сіздер қай жерге келдіңіздер және

адамдар не деп жауап берді?

5.Қанатын жайғанда 3 метрге дейін жететін бүркітке ұқсас құс .Қай материкте тіршілік етеді?

VIІ.»Ең,Ең..»

  1. Ең баяу жануар
  2. Ең кіші мұхит
  3. Ең үлкен арал
  4. Ең тұзды теңіз

Қорытынды.

[bws_related_posts]

       

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *