Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданы
Харькин орта жалпы білім беретін мектебі
Атқаратын қызметі: математика пәнінің мұғалімі
Ажгереева Жамила Тасқалиқызы
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді натурал санға көбейтуге есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың ондық бөлшектерді натурал санға көбейту
тақырыбы бойынша есептер шығару дағдыларын бекіту
Дамытушылығы:Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын
жетілдіру, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызығушылығын
ояту, оқушылардың құзыреттерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың типі: білік пен дағдыны қалыптастыру
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Оқытудың әдісі: практикалық
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу
ә) Оқушыларды түгендеу
б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
в) Сабақтың мақсатымен таныстыру
Үй тапсырмасын тексеру:№ 772, № 774
- Ондық бөлшектерді натурал санға қалай көбейтеді?
- Ондық бөлшекті разряд бірліктеріне көбейтуді түсіндір
- Егер көбейтіндідегі цифрлар саны үтірмен ажыратуға тиісті цифрлар санынан аз болса, көбейтіндідегі үтірді қалай қоямыз?
№ 772
1)1,2*6=7,2 2) 2,4*5=12 3) 5,02*7=35,14
4) 4,13*5=20,65 5) 8,101*3=24,303 6) 9,04*5=45,2
№ 774
а = 8,8 cм в= 7 cм S= aв= 8,8*7=61,6 (см2)
Дамыту кезеңі. Есептер шығару.
«Қазынаға саяхат»
Ертеде бір бай баласына мұра қалдырғанын және оны тауып алу үшін карта керек екенін, ол картаның үйдің шатырында жатқанын өсиет етіп кеткен екен. Енді біз сол картаны тауып беру үшін мына сұрақтарға жауап береміз.
- Ондық бөлшекті натурал санға көбейтеміз. Үтірге назар аудармай, натурал сандарды көбейтуді орындау керек.
Ондық бөлшекте үтірден кейін неше цифр тұрса, шыққан нәтижеде сонша цифрды оң жақтан үтірмен айырып бөлу керек.
- Ондық бөлшектерді қосу немесе азайту қалай орды.
1) бөлшектердегі үтірден кейінгі цифрлар санын теңестіру;
2) үтір үтірдің астына келетіндей етіп бір бағанға жазу;
3) үтірге мән бермей қосу (азайту) керек;
4) шыққан қосыдының (айырманың) мәніндегі үтірді үтір астына қою керек;
Сонымен баласы картаны тауып алып кемемен көрсетілген бағыт бойынша саяхатқа шығуы керек. Енді ол қай бағытқа жүретінін № 773 есепті шығара отырып анықтаймыз.
1) 20 * 6,8 = 136 2) 31 * 4,8 = 148,8
4) 123 * 0,15 = 18,45 5) 425 * 1,62 = 688,5
7) 18,016 * 26 = 468,416 9) 0,925 * 48 = 44,4
10) 3,46 * 150 = 519 92,05 * 280 = 25774
Б А Т Ы С
Кемемен батысқа қарай жүзе отырып бір аралға тап болады. Сол жерде ағашта жазулы тұрған бағыт бойынша жүруі керек. Ол бағытты жазбалы есептер шығара отырып қай бағытқа жүретінін анықтайды.
№ 780
1 жәшікте- 5,5 (кг)
9 жәшік- ? (кг)
Шешуі: 5,5 * 9 = 49,5 (кг)
№ 781
а = 4,6 см Р = 4 * 4,6 = 18,4 (см)
а = 6,5 см Р = 4 * 6,5 = 26,0 (см)
а = 7,9 см Р = 7,9 * 4 = 31,6 (см)
а 13,7 см Р = 13,7 * 4 = 54,8 (см)
№ 782
1) 1 бөлшек- 1,25 метр 2) 1 жәшік- 25,5 кг
7 бөлшек- ? метр 27 жәшік- ? кг
Шешуі: 1,25 * 7 = 8,75 метр Шешуі: 25,5 * 27 = 688,5 (кг)
№ 784
1 қ. печенье- 3,35 кг 1 қ. вафли- 0,25 кг
28 қ. печенье- ? кг 36 қ. вафли- ? кг
28 * 3,35 = 93,8 36 * 0,25 = 9
93,8 + 9 = 102,8
Ш Ы Ғ Ы С Қ А
102,8 метр жол жүріп көпірге келді. Енді көпірден өту тапсырмаларын орындайық.
«Жоғалған үтірлер» ойыны. Логикалық есептер беріледі.
Көпірден өткеннен кейін үнгірге тап болады. Оның кіре берісінде алып тасты көреді. Сол таста былай жазылған осы тасты қозғасаң үңгірден қазынасы бар сандықты табасын. Баласы сандықты алса жабық екен. Сандықтың қақпағында «Сіздердің білімдерің- ол …» деген сөз жазылған. Көп жылдар бойы сақталған жазудың жартысы кетіп қалған сол табуға көмектерің керек. Ол үшін тест орындаймыз.
1-нұсқа
1) 0,3*8
2) 1,4*2
3) 1,7*3
4) 0,13*4
5) 22*0,6
2-нұсқа
1) 0,7*9
2) 0,14*5
3) 1,3*6
4) 0,17*4
5) 11*0,6
Баласы әкесінің мұра етіп қалдырған қазынасына қол жеткізіп, бейбіт өмір сүріпті. Сіздер бүгінгі сабақ арқылы «Сіздердің білімдеріңіз- ол қазына» екеніне көз жеткіздіңіздер.
Әрқашан ең бастысы- байлық іздемей, білім қазынасын іздеңіздер. Сонда көптеген нәрсеге қол жеткізесіздер дегім келеді.
Рефлексия не білдің?
Білдім | Білемін | Білгім келеді? |
Тақтада есептер шығару: №1087, №1088, №1089
Өздіктерінен есептер шығару: №1090, №1091, №1092
Сабақты бекіту кезеңі:
Ондық бөлшектерді натурал санға қалай көбейтеді?
Ондық бөлшекті разряд бірліктеріне көбейтуді түсіндір
Қорытынды:
Баласы әкесінің мұра етіп қалдырған қазынасына қол жеткізіп, бейбіт өмір сүріпті. Сіздер бүгінгі сабақ арқылы «Сіздердің білімдеріңіз- ол қазына» екеніне көз жеткіздіңіздер.
Әрқашан ең бастысы- байлық іздемей, білім қазынасын іздеңіздер. Сонда көптеген нәрсеге қол жеткізесіздер дегім келеді.
Бағалау
Сыныпта белсенді қатысып отырған оқушылар бағаланады
Үйге тапсырма: № 773 /3-бағаны/, 783 /4,6- бағаны/
[bws_related_posts]