Қызылорда қаласы №261 орта мектебі
Химия және биология пәнінің мұғалімі
Алиасқарова Гүлнұр Бақбергенқызы
Сабақтың аты | Cілтілік металл—натрий | |||
Сілтеме | Жоспар | |||
Жалпы мақсаты | Cілтілік металл-натрийдің табиғатта таралуы туралы ақпарат беру. Натрийдің қасиеттерін үйрету. Өз еркімен жұмыс жасауға тәрбиелеу. | |||
Күтілетін нәтиже | Cілтілік металл-натрийдің табиғатта таралуы туралы білетін болады. Натрийдің қасиеттерін үйренеді. Өз еркімен жұмыс жасай алады. | |||
Негізгі идеялар | Теңіздің жағасында натрий хлориді галиттер түрінде жиналады. | |||
Тапсырмалар |
Жеке жұмыс «Жұмбақ хат»
|
Жеке жұмыс «Құпия сөздің құлпын аш» |
Топтық жұмыс «Кім жылдам?»
|
|
Тапсырмалар |
Жеке жұмыс «Кім білімпаз?»
|
Жеке жұмыс«Зерттеуші»
|
Топтық жұмыс «Химиялық саяхат» |
|
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, назарын сабаққа аудару, топқа бөлу (2-3 минут) Сынып оқушыларын І топта орналасқан элементтер бойынша 4 топқа бөліп топтастыру. 1- топ: “Литий” 2- топ: “Натрий” 3- топ: “Калий” 4— топ: “Рубидий”
ІІ.Талқылау үшін сұрақтар. 1.Сілтілік металдар тобын атаңдар? 2.Сілтілік металл дегеніміз не?
ІІІ. Жеке жұмыс «Жұмбақ хат» (5 минут) Теңіз суы арқылы құтыда хат келді. Хатта жұмбақ жазылған: Біз ағайынды 5 жігітпіз, бесеуіміз де өткір, кез келген адаммен оңай араласатын ашық-жарқын жігіттерміз. Кейбір көре алмаған жігіттер бізді жүрген жерін сілтейді, тындырады деп өсек айтады. Мінезі тастай онша маңызды жұмыс істемейтін латиф деген ағам азулы қызға үйленді. Ал ағам Нартай істемеген жұмысы жоқ: аспаз да болды, шыны да жасады, қазір тұрмыстық қызмет көрсету комбинатында директор. Менің өзім ауыл шаруашылығында, оның ішінде егін жағында істеймін. Екі інім Рәнтай мен Сартай «жігітім» дей берсең тұтана кетеді, қызбалы. Бағына қарай жақсы қыз кездессе, жақсы болар еді. өздері автоматты сигнал беру жағында жұмыс істейді. Мен және 5 ағайындыларым кім? Жауабы: Сілтілік металдар. Жұмбақты оқып талдайды.
ІV. Топтық жұмыс «Кім білімпаз?» Төрт топ сілтілік металдарға сипаттама береді V. Жеке жұмыс «Құпия сөздің құлпын аш» Су бетінде безектеп, Металл натрий жүзеді. Ең соңында жоқ болып, Қандай қосылыс түзеді?
VІ. Жеке жұмыс «Зерттеуші» Оқушылар натрийдың табиғатта таралуы, физикалық қасиеті туралы зерттеу жұмыстарын айтады. Тарихшы Физик Дәрігер Химик Геолог Географ Ғалым Металлург
VІІ. Жұптық жұмыс «Кім жылдам?» (5 минут) №1. Реакция теңдеулерін аяқтап, реакция нәтижесінде түзілген заттарды атаңдар. 1. Na + Cl2 = 2. Na + HCl= 3. Na +S = 4. NaOH + HCl = №2. Төмендегі айналуларды жүзегі асыруға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін жазыңдар. Na→ NaOH→ NaCl→Na2SO4 Топтар өзара бағаланады. VІІІ. Жеке жұмыс «Химиялық саяхат» (10 минут) Барлық топтар картадан Қазақстандағы тұзды көлдерді көрсетіп, Арал теңізінің экологиялық проблемасын талқылайды.
|
||||
Кейінгі тапсырмалар | Жаттығу №5,6 орындау 185-бет. | |||
Кейінгі оқу | «Cілтілік металл-натрий» параграфты оқу |