Басы » Бастауыш сыныптар » Жауын-шашын.Суды қорғау

Жауын-шашын.Суды қорғау

Есір Айшуақұлы атындағы орта мектеп

Бастауыш сынып мүғалімі:

Мәмбетәлі Нұржамал Кенжебекқызы

Сабақтың тақырыбы:  Жауын-шашын.Суды қорғау.

Сабақтың мақсаты:  Бұлт,жауын-шашын және оның түрлері туралы түсініктерін қалыптастыру;бұлтың түзілу себептері,жауын-шашынның пайда болуы туралы білімдерін шыңдау.

Күтілетін нәтиже:         Судың қасиеті, бұлт, жауын-шашынның пайда болуын; суды қорғаудағы адамның әрекетін түсінеді. Денелер және заттардың қасиеттерін анықтайтын тәжірибелер жасайды.

Әдіс-тәсілдер:     АКТ-ны пайдалану, СТО, диалог,жеке жұмыс, топтық жұмыс

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (3 мин)

Қоршаған орта табиғат,

Жануар, өсімдік, адамзат.

Сүю,  қорғау-парасат

Білейік мұны жамағат.

Көңіл-күйлерін көтеріп,зейіндерін сабаққа аударады.

Топқа бөлу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау           Табиғаттағы су. Табиғаттағы су туралы  түсінгендерін айту.

ІІІ. Жаңа тақырып

Оқулықпен жұмыс

1.Мәтінді оқы

2.Жұптық жұмыс.

3.Өзін-өзі тексеру.

-ауа райын қалай болжайды?

-Су тамшылары ауырлаған кезде оны ауа ұстап тұра алмайды да, олар жерге не болып түседі? /жауын/

-жер бетіне 2-6 км биіктікте қандай бұлттар құрылады? / будақ/

-ең төменде жер бетінен 2 км биіктікте қандай бұлттыр құрылады?  /қат-қабат

Ең негізгі,қажетті мәліметтерді дәптерге жазып алады.

Оқушылар бір-бірімен ең негізгі деп санаған мәліметтермен бөліседі, сұрақтар қояды, қажет кезде өз жазбаларын толықтыра

ды. Балалар сұрақтарға жауап береді. Өз көргендерін, білетіндерін ортаға салады. Жұп болып талқылайды. Ойларын ортаға салады,қорытынды жасайды.

Ү.Сергіту сәті

Музыка ырғағына көңіл күйлерін көтереді.

Ү. Дәптермен жұмыс

—  Су қоймалары туралы не білдіңдер?

— Сөзжұмбақты дәптерге жазу

Қазақстан картасына қарап Әртүрлі су қоймаларының аттарын жазып ал. (өзен,көл, мұхит, теңіз)

Топ ішінде талқылап,  сөзжұмбақты шешеді.

  1. Қорытындылау

(10 мин)

Ауа райының болжамы қалай

жасалады?Ауа райының болжамын  білу неге керек? Қандай мамандарға бұл өте қажет?

Топпен талдап,

сұрақтарға жауап беру

  1. Үйге тапсырмасын беру (2мин)       54-57 беттер.  Ауа райын бақылау.        Үй тапсырмасын білу, түртіп алу
  2. Бағалау
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *