Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Жыңғылды ауылы
Есір Айшуақұлы атындағы орта мектебінің
Дене тәрбиесі пәні мұғалімі:
Сатыбалдиева Камар Шалкаровна
Тақырыбы: Ауған соғысының қасіреті
Мақсаты : — Ауған соғысының тарихи мағынасын ашып , оқушыларға түсіндіру;
- Оқушылардың бойынан адамгершілік, еңбек сүйгіштік, әдептілік тәрбие көрсету;
- Отан қорғау әр азаматтың қасиетті борышы екендігін оқушылар түсінігіне жеткізу.
Әдісі: Сыр – сұхбат,сұрақ – жауап, кездесу кеші.
Көрнекілігі: Слайттар, буклеттер, шар, қанатты сөздер.
Жоспары: І. Кіріспе «Тарих толқынында»
ІІ. Ауғанстан – жүректегі жара.
А ) Аумалы төкпелі Ауғанстан.
Ә ) Ауғанстан ақиқаты.
ІІІ. Сыр – сұхбат. А) Бала Ғылман
Ә ) Әскердегі шаққа шолу
Б ) Шаңырақ ұйытқысы.
ІҮ. Қонақ кәде.
Ү. Сергіту сәті.
ҮІ. Шығармашылық жұмыс.
ҮІІ Кейіпкердің кештен алған әсері
ҮІІІ. Қорытынды.
Биылғы ақпан айында Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 25 жыл толды. 1979 жылы 25 желтоқсанда Кеңес өкіметі басқарушыларының қарымсыз, дарынсыз саясаткерлігінің кесірінен Ауғанстанға әскер енгізіліп, 10 жыл бойы ешкімге пайдасыз соғыс жүргізді.Осы уақыт аралығында Ауғанстан территориясында 600 мыңнан артық кеңестік әскерилер болды.Оның 15 мыңнан артығы қаза болып., 54 мыңға жуығы жараланып , 417-сі хабарсыз кетті . Соның ішінде соғысқа қатысқан 22 мыңнан астам қазақстандықтың 1 мыңға жуығы қаза болып, 2 мыңнан астамы мүгедек болып қалды. Ал 21 қазақстандық із-түзсіз кетті. Бұл айтуға оңай сандар. Он сегізге жаңа толып , өмірді енді ғана бастаған боздақтың мәйітін жерлеудің қаншалықты қиын екендігін бастан кешіргендер біледі. Ұзақ , 10 жыл бойы жасы балиғатқа толып , әскерге алынуға тиісті балалардың бәрінің де ата-аналары «Ауғанстанға жібермесе екен» деп қыл үстінде жүргендей күй кешетін…. Мұның да жүйкеге қаншалық салмақ түсіргенін бастан кешкендер біледі. Сайып келгенде бұл соғыс Ауғанстанға барғандар мен онда қаза болғандар үшін ғана емес, сол жылдарда 300 млн-ға жуық халқы болған барлық КСРО халқы үшін үлкен трагедия болғанын ұмытпайық.
Кеш көріп ек жетпейтін армандай ,
Арзандатып бүгін сыйға алғандай.
Үлесіңе тиді сенің тер төгу,
Даңқың қалсын ұрпақ еске алғандай
Армысыңдар, ауғандық жауынгерлер,
Жырым бар жараланған жаныңды емдер.
Өлгендердің жәннатта болсын жаны,
Тірілерің мың жаса, дәуірлеңдер.
Осы қан майданнан оралған , бүгінгі кешіміздің қонағы ауылымыздағы ауған соғысының ардагері Шамығұлов Ғылман ағамызды қошаметпен ортамызға шақырайық.
Ауған соғысы туралы бейне фильмнен үзінді көрсету.
Ауған соғысына қатысып , ерлікпен қаза тапқан, мектеп – интернат түлегі Бектұров Қуатбай Қызылұлы туралы айта кетейік.
1 — оқушы. ( Алмаз )
Бектұров Қуатбай Қызылұлы -1960 жылы Маңғышлақ облысы, Маңғыстау ауданындағы Тұщыбек поселкесінде дүниеге келген. 1968-1969 оқу жылында Т.Г.Шевченко атындағы мектеп-интернатқа 1-сыныпқа оқуға келді.
1970-1973 жылдары В.И.Ленин атындағы пионер ұйымында тәрбиеленіп, 1974 жылы комсомол қатарына мүшелікке қабылданған.
Мектепте оқып жүрген кезінде интернат советінің мүшесі, бригадирі, жатақхана советінің председателі болып өоғамдық жұмыстар атқарған. Осы мектептен 1976 жылы 8 сыныпты бітіріп шыққан. Сол жылы Таушықтағы №82 кәсіптік-техникалық училищесіне оқуға кіріп , оны бітіргеннен кейін Шетпеге құрлыс-жөндеу басқармасына жұмысқа орналасқан.
1980 жылы Совет Армиясы қатарына шақырылған. Калининград облысында әскерей міндетін өтеп жүргенде Ауғаныстан Демократиялық Республикасына жіберілген. 1981 жылы 29 қазанда өзінің интернационалдық борышын өтеу жолында Ауғаныстан Демократиялық Республикасында қаза тапты. СССР Жоғары Советі Президиумының 1982 жылғы 22 қыркүйектегі Указы бойынша қаза болғаннан кейін «Қызыл Жұлдыз» орденімен наградталған.
1984 жылдың қаңтар айынан бастап мектеп пионер дружинасы Қуатбайдың есімімен аталды.
Сонымен қатар мектебіміздегі Амалхан апайларыңның папасы Әуезалиев Алымжан ағайда ауған соғысының ардагері.
ІІ. Ауғанстан – жүректегі жара.
А ) Аумалы төкпелі Ауғанстан.
2 – оқушы (Алтын )
1979 жылы Ауғанстандағы 20 млн жуық халықтың 40 пайызға жуығы пуштун, қалғаны тәжік , өзбек, хазар , түркімен, аймақ және т.б 20 шақты халық құрады. Ішінде қазақ, қарақалпақ, қырғыз да бар. Әрқайсысы өзінің қалың шоғырланған аймақтарында қоныстанған.
Ауғанстан аумағында неше түрлі соғыстар болды. Соңғы уақыттағысы айтар болсақ , ХҮІІІ ғасырдың басында Ауғанстанды Иранның түркі нәсілдес шахы Нәдір басып алды. 1747 жылы Ахмедшах Дуррани көтеріліс ашып ,Нәдірді құлатып, алғаш рет Кандагарда қазіргі Ауғанстанды түгел қамтыған империя құрды.Тарихта «Дуррани державасы» деп аталған бұл мемлекетті оның ұрпақтары тұтас ұстай алмай, 1818 жылы Пешавар,Кабул,Кандагар және Герат княздігіне бөліп жіберді. Бұл кезде Үндістанды басып алған ағылшындар Ауғанстанға жиі көз алартып тұрған. Ресей империясы бұл елдің ағылшындардың ықпалында кеткенін қаламай, ауғандықтарды қолдап отырған.
3 – оқушы. (Альбина)
1919 жылы Аманулла хан Ауғанстанның ағылшындарға ішінара бағыныштылығынан арылып тәуелсіз корольдік жариялады. 1928 жылы Ауғанстанда мемлекеттік төңкеріс болып, өкімет басына Бачаи Сакао келді. 1929 жылы Аманулла ханның жақын туысы генерал Мұхаммед Нәдір хан Үндістандағы ағылшын өкіметінің қолдауымен төңкеріс жасап, Бачаиді тұтқындап, басын алады. Нәдірден кейін баласы Мұхаммед Захир шах король болады. Осы, 1929 жылдан 1973 жылға дейін болған корольдіктің кезінде ғана 44 жыл бұл мемлекеттің іргесі біршама нығайған.1973 жылы Захир шахты немере інісі Мұхаммад Дәуіт құлатып Ауғанстан Республикасын жариялады.
4 – оқушы. ( )
1978 жылы кезекті мемлекеттік төңкеріс болып Тараки президенттікке сайланды. Тараки алғашқы күннен бастап КСРО – ға бүйрегі бұрып ,онымен достық , татулық , және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.Өкінішке орай , тақ үшін таласқан Таракидің оң қолы , сенімді орынбасары болған Хафизулла Амин бастаған топ Таракидің де түбіне жетеді. Сөйтіп, Х Амин ел басқаруды жеке дара қолына алып ,КСРО – мен біржолата ат құйрығын үзісті. Ауғанстанда өкіметтің жиі – жиі төңкеріліп, азаматтық соғыстың тынбай жүргізіліп тұрған себебі, сыртқы күштердің ықпалы көп болып, олар өздері қолдаған басшыны үнемі қаруландырып , қаржыландырып отырған.
Ә ) Ауғанстан ақиқаты.
5 – оқушы. (Елдана)
Ауғанстанға басып кіру туралы шешімді Саяси Бюроның өте шағын құрамдағы мүшелері 1979 жылдың 12 желтоқсанында қабылдады.Премьер – министр А.Косыгин ғана қарсы болған бұл шешімді артынан басқа мүшелер де қолдап, қол қойған.
2013 жылы 12 – санындағы «Совершенно секретнно» газетінде Ауғанстанға Кеңес әскерлерін кіргізудің көп адам біле бермейтін бір шындығын жазыпты. Алдымен онда 1979 жылы наурыз айының басында Саяси Бюро отырысының Ауғанстан мәселесіне байланысты стенограммасы келтірілген. Онда Брежнев,Андропов,Кириленко, т. б Ауғанстанға қандайда бір көмек беруден тоқтала тұру қажеттілігін айтқан. Бюро мүшелерінің осындай пікіріне қарамай Қорғаныс министрі Устинов Ауғанстанға әскер енгізудің екі нұсқасын жасап, оны 17 наурызда отырысқа қарауға ұсынады. Осының өзінен қолжетімді стенограммасының қолдан жасалғанын, ал шын мәнінде Бюрода не айтылғаны жасырын қалғанын көрсетеді.
6 – оқушы.(Назерке)
Осы ұсыныстардың бірі қабылданып, алдымен , 1979 жылдың 7-9 шілдесінде Баграм қаласына аса құпия жағдайда, ауған әскерінің киімі киіндірілген «мұсылман батальоны» енгізілді. Осы уақытта КГБ – ның арнаулы топтары да Ауғанстанға аяқ басады.Бұл күш Тараки бастаған ауған режиміне көмек беру үшін ғана кіргізілген болса, енді, қыркүйек айында Амин оны биліктен тайдырып, өлтіргеннен кейін Тәуелсіз елді басып алып, «өзінің» адамын таққа отырғызу туралы радикалды ұсыныс қолға алынды.
7 – оқушы. ( Лаура)
КСРО басшылығының Ауғанстанға әскер енгізуге сонша құмар болғаны несі деген сұрақ туады. Ең негізгі себеп АҚШ – тың Орталық барлау басқармасында (ОББ) болып шығады. Осы қызметтің құпия қоржынында КСРО – ны ауған «батпағына» батырып, «өздерінің Вьетнамдарын» жасау туралы идея қолға алынып, оны іске асыру басталған екен. Ол үшін АҚШ, Англия және Германия Ауғаныстанның солтүстігіне көз тігіп , онда шағын және орта қашықтықтағы «Першинг» зымырандарын орналастыруды көздеп отыр, сөйтіп Ауғанстанды өз ықпалында ұстайды.
Ұзын сөздің қысқасы, АҚШ КСРО – ны Ауғанстан аумағына әскерімен кіруге арандату арқылы экономикалық, әскери тұрғыдан әлсіретуді көздеген екен.
Ең қиыны бұл соғыс ешқандай нәтижесіз аяқталды.Кеңес жағы қолдаған Кабул өкіметіне қарсылар азаюдың орнына күн санап өсе түсті. Кеңес экономикасын тығырыққа тіреп, дағдарысқа ұшыратқан факторлардың бірі осы — Ауған соғысы екені әбден дәлелденген.
ІІІ . Сыр – сұхбат. ( Кешіміздің қонағы оқушылардың сұрақтарына жауап береді.)
А ) Бала Ғылман.
- Қандай отбасында дүниеге келдіңіз ?
- Ата – анаңыз туралы айта кетсеңіз ?
- Отбасында неше тумаластысыз ?
- Мектепте қандай оқушы болдыңыз ?
- Бала кезіңіздегі ең қызықты сәтіңізді айта кетсеңіз ?
- Мектептегі сүйікті пәніңіз және сабақ үлгеріміңіз қандай болды ?
Ә ) Әскердегі шаққа шолу.
- Әскер қатарына неше жасыңызда алындыңыз ?
- Маңғыстаудан неше адам болды ?
- Соғыс Ауғанстанның қай жерінде болды ?
- Ауған соғысына біздің ауылдан сізден басқа кім барды ?
- Майдан даласына алғаш барған кездегі жай – күйіңіз туралы айтсаңыз ?
- Ауған соғысында достарыңыз болды ма және қазірде сол достарыңызбен араласып тұрасыз ба ?
- Соғыс даласында неше жыл болдыңыз ?
- Бектұров Қуатбаймен таныссыз ба және соғыста араласып тұрдыңыз ба ?
- Ауғанстанмен соғыс қандай мақсатта болды ?
- Қандай медалдармен наградталдыңыз ?
- Соғыста жарақат алдыңыз ба ?
Б ) Шаңырақ ұйытқысы.
- Қазір ұлдардың көбі әскерге барудан қашады, соларға қандай ақыл – кеңес айтасыз ?
- Ұлдарыңызды әскерге жіберер ме едіңіз ?
- Қазір қандай қызметтесіз ?
- Қазіргі сәттегі Қазақстан аумағындағы армияларға көңіліңіз тола ма ?
ІҮ. Қонақ кәде. ( Қораптағы тапсырмаларды орындау. )
- Қандай өнеріңіз бар ?
- Балалардың сүйікті ойыны асық пен ләңгіні ойнай аласыз ба және ойнап көрсетіңіз ?
Ү. Сергіту сәті.
Хормен «Сарбаздар » әнін орындайды.
ҮІ. Шығармашылық жұмыс.
Оқушылар дайындаған шығармалары мен өлеңдерін таныстырады.
ҮІІ Кейіпкердің кештен алған әсері.
Кештегі көңіл – күйін смайлигтер арқылы өз жүзімен көрсетеді және үздік сұрақ қойған оқушыға қолтаңбасын қалдырып сыйлық сыйлайды.
ҮІІІ. Қорытынды.
Өтер жылдап , уақыт тағы алыстап
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
Ауғандағы азап шеккен арыстар , — деп ақын жырлағандай , сіздердің отты жылдардағы ерліктеріңіз ешқашан ұмытылмайды. Отанды қорғау, Отанға деген махаббат, патриоттық сезімнің шынайы үлгісін көрсете білдіңіздер. Келешек ұрпақ сіздердің ерліктеріңізді үлгі тұтады. Жас ұрпақты тәрбиелеу барысындағы игі істеріңіз жоғарыдан көріне берсін ! Уақытыңызды бөліп келгеніңізге көп – көп рахмет. Деніңізге саулық отбасыңызға амандық тілейміз !
[bws_related_posts]