Басы » Cыныптан тыс » Жыңғылдым — жыр мекенім

Жыңғылдым — жыр мекенім

денеМаңғыстау облысы

Маңғыстау ауданы

Жыңғылды ауылы

Есір Айшуақұлы атындағы орта мектебінің

Дене тәрбиесі пәні мұғалімі: Сатыбалдиева Камар Шалкаровна

Тақырыбы:     Жыңғылдым  —  жыр  мекенім

Мақсаты:       —  Ауыл  тарихымен  және ауылдан шыққан  танымал  тұлғалар туралы мәлімет  беру                                            — Оқушыларды елін, жерін сүюге,тарихын  танып білуге,адамгершілікке, ұлтжандылыққа  тәрбиелеу;

-Оқушыларға тапсырмалар беру арқылы ауыл тарихы мен танымал тұлғалар  туралы мәліметтер жинастыра  білуге,іздемпаздық  білімін дамыту;

Әдісі:               Таныстыру,сұрақ – жауап,әңгімелеу,баяндау.

Көрнекілігі:         Тақырып,шар,қанатты  сөздер,кітаптар,буклеттер,слайдтар.

Барысы:

Жоспары:

  1. Таныстыру.
  2. Туған жерім – түп қазығым,айбыным.
  3. Туған тарих еске алатын қаншама.
  4. Сергіту сәті.
  5. Туған өлке тұңған шежіре.
  6. Пікірталас.
  7. Ауылыма ақ тілек.
  8. Қорытынды

Мұғалімнің  кіріспе  сөзі:

Кіндік қаның тамып, туп-өскен мекеніңді, табаның тиіп тұрған топырақты бәрінен артық көруге хақылысың. Туған жердің бір түйір тасы жаттың ат басындай алтынынан қымбат емес пе? Дулығалы ата-бабаларымыз кең даласын, асқар тауын, сарқырап аққан көк өзенін қорғап, мақтан еткен, бізге мұраға қалдырған. Қазіргі тарихи шақта, тәуелсіздік кеңістігінде күндей жарқырап отаншылдық рух пен туған жерге деген махаббат сәуле шашып тұруы керек. Әр қазақстандық өз елінің картасына көз салып, байтақ өлкесін, туған жерін мақтан тұтуға тиісті.
Туған жер жайлы жыр да, қара сөзбен жазылған шығармалар да әрбір халықтың әдебиетінде молынан кездеседі. Бұдан біз әр халықтың туған жерін ардақ тұтып, анасындай қастерлейтінін байқағандаймыз.

Біздің қазақ халқы да туған жер қадірін жас ұрпақ бойына, санасына бала кезінен-ақ сіңіруге ұмтылатындығын туған жер жайлы мақал-мәтелдерден, аңыз әңгімелерден, батырлар жырынан көреміз. «Ит тойған жеріне, ер – туған жеріне» немесе «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деп ерекшелеп көрсетеді. Бұлардың бәрінен шығатын қорытынды әркімге туған жері, туған елі қымбат екендігі деп ойлаймын.
Егеулі найза қолға алып, еңку-еңку жер шалып, ел қорғаған батыр бабаларымыз бен аналарымыздың бізге қалдырған аманатындай туған елімізді қорғау, нығайту – бәрімізге парыз.
-Айпырай! Туған жер-ай!
Теңдесер кім
Бұл жерге сен болмасаң келмес едім.
Кіндігімді байлаған қазығым –ай
Сен болмасаң бұл маңды көрмес едім, — деп ақиық ақын М.Мақатаев жырлағандай, оқушылар өздерінің кіндік кескен, туып-өскен мекенін қастерлей, оның тыныс-тіршілігін, тарихын, мәдениетін, экономикалық хал –ахуалын, зиялы қауымын, еңбек ерлерін, асқар таудай ақсақалдарын, абзал аналарын мақтан ете отырып, туған жердің болашағы жөнінде нақты деректермен ой толғамақшы.
Сұлу дала!Менің сүйген еркемсің
Жаным сенен жаратылған өлкемсің
Қандай жақсы, қазақ болып туғаным
О, туған жер! Тамашасың, көркемсің, — дей келе тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Сынып  оқушылары 3 топқа  бөлінеді.

1 – топ «Ауыл мақтаныштары.»

2 – топ  «Тарих тарландары.»

3 – топ  «Жыңғылды жыр- жауһарлары.»

  1. Таныстыру.

3 – топ өз топ аттарын қара сөзбен,өлең жолдарымен таныстырады.

  1. Туған жерім – түп қазығым,айбыным.

Оқушылар  туған жер туралы дайындап келген шығармаларын,өлеңдерін оқиды.

  3     Туған тарих еске алатын қаншама.

Әр топ өз аттарына қарай тұлғалармен таныстырады.

1 – топ «Ауыл мақтаныштары»

Жыңғылдыдан  шыққан танымал тұлғаларды (Ванов Қ,Сүйеуов Б,Қоразов Б.Тілегенов А )

2 – топ «Тарих тарландары.»

Ауылдағы тарихи тұлғаларды,яғни сыныбымызда немерелері бар Ұлы Отан соғысы  ардагерлерін (Сағындықов Төлеубай,Таңбаев Молдабек,Олжабаев Хамит)таныстырады

3 – топ  «Жыңғылды жыр-жауһарлары»

Жыңғылды ақын-жырауларын,күйшілерін(Е Айшуақұлы,Ш Ыбырайымұлы,

І Шыртанов,Г Науырша ) таныстырады.

4   Сергіту  сәті.

Әр топ өз аттарына қарай өлең шығарады.

1 – топ  ауыл туралы;

2 – топ тарих туралы;

3 – топ ақындық туралы;

5      Туған өлке тұңған шежіре.

Ауылдағы қасиетті орындар мен қасиетті адамдар Бекбаулы ата,Қараман ата және  Шайхы Ахун туралы   таныстырады.

  1. Пікірталас.

«Ауыл мен қала өміріндегі айырмашылықтар »тақырыбында пікір таластырып,өз ойларын ортаға салды.

7  Ауылыма ақ тілек.(Оқушылар ауылға арнап тілектерін жазады.)

Т —

У —

Ғ —

А —

Н —

 Ж —

Е —

Р –

8.Қорытынды.

Ә Кекілбаевтың: «Өз жақсыларымызды өзіміз ұлықтамасақ,өз жайсаңдарымызды өзіміз қызықтамасақ,ол-өз ырысымызды өзіміз тепкендік қана емес,өз тілеуімізді өзіміз кескендік болар еді»,-деп айтқанындай өз жақсыларымыз бен жайсаңдарымызды әруақытта ұлықтап жүрейік және де

Ұлтарақтай  болса да,

Ата  қоныс жер қымбат.

Ат төбеліндей болса да,

Туып өскен ел қымбат.

Туған жерімізді аялай,қорғай,қасиетін қадірлей білейік!  Хормен  Қ Вановтың «Қайнары білімнің» әнін орындады.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *