Басы » Бастауыш сыныптар » А дыбысы мен әрпі

А дыбысы мен әрпі

Ақтөбе облысы
Шалқар ауданы
Ақтоғай орта мектебі
Акерке Сексенбаева Құлдықбиқызы

Сабақтың тақырыбы: А дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: А дыбысы мен әрпімен таныстыру. А дыбысы бар сөздерге дыбыстық таладай жасай білуге үйрету.

Міндеттері:

—  А дыбысын сөздің кез-келген жерінен (сөздің басында, ортасында, аяғында) тауып көрсете білуге үйрету. Дыбыс туралы  ұғымды еске түсіру.

 Оқушыларға сөйлеу мен қарым –қатынас мәдениетін үйрету. Баланың рухани өсуіне басшылық жасау. Ұқыптылыққа баулу.

—  Баланың ойлай білу және өзіндік пікір айту қабілетін дамыту. Белсенді қызығушылығын ояту.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік, сөздік

Көрнекілігі: А әрпінің баспа және жазба түрі, суреттер, слайдтар

Сабақтың барысы: І. Мотивациялық-бағдарлау  кезеңі.

  1. Психологиялық дайындық.

Біздер тату баламыз,

Өсіп алға барамыз.

Әріптерді үйреніп,

Білімді шәкірт боламыз.

  1. Сұрақ-жауап.
  • Балалар, далаға қараңдаршы, қазір жылдың қай мезгілі?
  • Күзде табиғатта, адамдарда қандай өзгерістер болады?
  • Дұрыс айтасыңдар, күзде жемістер піседі, адамдар жылы киінеді, үйлеріне отын, малдарға жем-шөп дайындайды. Ағаштардың жапырағы сарғайып жерге түседі. Бау-бақша, егін піседі. Диқаншылар егін орады. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Аналарымыз жеміс-жидектерден консервілеп банка жабады. Олай болса, мен осы жеміс-жидектерге байланысты бір жұмбақ жасырамын.

Көктемде ақ гүлге оранады,

Күзде қолға доп болып оралады.  (алма)

ІІ. Операциялық-орындаушылық кезең.

  • Енді осы алма сөзі қандай дыбыстан басталады?
  • А дыбысынан.
  • Ендеше, бүгін осы а дыбысымен танысамыз.
  • Қане, а-а-а деп айтып көрейікші.
  • А-а-а.
  • Қалай айтылады?
  • Созылып айтылады.
  • А – дауысты дыбыс. Алфавитте қызыл түспен жазылады.
  • Бүгінігі а дыбысына байланысты сабағымыз саяхат түрінде өтеді. Балалар, саяхатқа шыққымыз келе ме? Олай болса, біз тек қана Қазақстанның а дыбысынан басталатын қалаларына саяхатқа шығамыз. А дыбысынан басталатын қандай қалаларды білеміз?
  • Астана, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Алматы.
  • Өте дұрыс. Біз әр қалаға барған сайын әр түрлі тапсырмалар орындаймыз. Әр тапсырманы орындаған сайын мен сендерге мынадай ұпай беріп отырамын. Сабақтың соңында біз кімнің көп ұпай жинағанын санаймыз. Қане, дайынбыз ба? Олай болса, пойызға отырайық.
  1. Балалар, біз Ақтөбе қаласына келдік. Ақтөбеге бәріміз барып көріп жүрміз, өте әдемі қала.

Ақтөбе – біздің облыс орталығымыз. Бұл жақта бізге мынадай тапсырма дайындап қойыпты.

Мына өлеңді жаттап ал:

Абай, Ахмет аталар,

Ата-ана, ақыл, ар,

А-мен айы, аспаны.

А-дан оқу басталды.

Жатқа айтқан оқушыларға ұпай беріледі.

  1. Енді біз Ақтау қаласына келдік. Ақтау қаласы Каспий теңізінің жағасында орналасқан, Маңғыстау облысының орталығы. Бұл қала бізге қандай тапсырма дайындап қойған екен? Қане, көрейік.

Оқулықпен жұмыс.

Суреттегі заттардың аттарын атау.  А дыбысының  қай жерде келіп тұрғанын анықтау. А дыбысы бар сөздерге сөйлем құрау.

  1. Атырау облысының орталығы Атырау қаласына келдік. Атырау, Ақтау, Ақтөбе облыстары – мұнайлы өлкелер. Балалар, біздер Атырауда дәптермен жұмыс жасаймыз.

Дәптермен жұмыс.

Балалар, мынау а әрпінің жазба түрі. Осындай әдемі етіп жазайық.

А әрпін ауада, сулы шүберекпен тақтада жазып көрсету. Дәптерлеріндегі а әрпін бастыру, жалғастырып жазу.

Партада отыру, жазу ережелерін еске түсіру.

  1. Балалар, біздер Қазақстанның бұрынғы астанасы, жасыл қала – Алматыға келдік. Алматы деп аты айтып тұрғандай бұл қалада алма көп. Сондықтан қазір «Алма теру» ойынын ойнаймыз.

Ойын: «Алма теру». Ағаштағы алманың артында жасырынып тұрған тапсырмаларды орындаймыз.

1-тапсырма: А дыбысынан басталатын қыз баланың аттарын ата.

2-тапсырма: А дыбысынан басталатын ер баланың аттарын ата.

3-тапсырма: А дыбысынан басталатын жануарлардың аттарын ата.

4-тапсырма: А дыбысынан басталатын құстардың аттарын ата.

5-тапсырма: А дыбысынан басталатын жеміс-жидектердің аттарын ата.

6-тапсырма: Алма сөзін буынға бөл.

  1. Сергіту минуты.

Алма кетті домалап,

Көше бойын жағалап.

Кім алманы табады,

Сол ойыннан шығады.

ІІІ. Рефлекциялық-бағалау кезеңі

  1. Астана қаласына келдік. Астана — өте әдемі қала, Қазақстанның астанасы. Енді бәріміз Бәйтерекке барамыз. Бәйтеректің жоғарысында президентіміз

Н. Ә. Назарбаевтың  алақаны бар екенін білеміз. Біз қазір алақанға өз алақанымызды қойып, тілек айтамыз. Айтылған тілектердің ішінен а дыбысынан басталатын тілектерді атап айту.

— Аспанымыз ашық болсын!

— Ауылымыз көркейе берсін, т.б.

  1. Сабақты қорытындылау.

— Балалар, бүгін біз қанадай әріп өттік?

— А қандай дыбыс?

— Адыбысы қандай сөздерде, қай жерінде келеді екен?

  1. Оқушыларды мадақтау.

Оқушылардың қолындағы фигураларды санап, сабақққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау.

[bws_related_posts]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *