Басы » Информатика » Бүйір тігістерін және рельеф тігістерін өңдеу»

Бүйір тігістерін және рельеф тігістерін өңдеу»

Оңтүстік Қазақстан облысы

Шымкент қаласы

№5 колледж

Өндірістік оқыту шебері:

Битемирова Меруерт Қалқаманқызы

Бағдарлама тақырыбы: «Күрделі модельді әйел көйлегін дайындау».

Сабактың тақырыбы: «Бүйір тігістерін және рельеф тігістерін өңдеу».

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік:Бүйір тігістерін және рельеф тігістерін өңдеуді, техникалық

    шарттарын сақтап орындауын. Бүйір және рельеф тігістерін өңдеуге

теориялық және өндірістік оқыту сабағында алған білімдерін интерактивті

тактаны колдана отырып ойын арқылы бекіту.

  1. Тәрбиелік: Оқушыларды ұкыптылыққа, тазалыққа, жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыруға, еңбек кауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу.
  2. Дамытушылық: Технологиялык нұскау картасының көмегімен оқушылардың білімін  тереңдету, ойлау есте сақтау кабілеттерін    дамыту, оны қайта жаңғыртуа машықтандыру.

Сабақ түрі:

Пән аралық байланыс: Киімді дайындау технологиясы. Киімді құрастыру. Мататану. Жабдықтау. Тарих.

 Сабақтың көрнекілігі:

1.Интерактивті тақта

2.Бұйым — эталон (негізгі бүйым үлгісі)

3.Бүйір жэне рельеф тігістерінің өңделу түрлері

4.Рельеф тігістерінің өңделу түрлері

5.Плакат: «Рельеф тігістерінің өңделу түрлері»

6.Бейімдеу құралдары

7.Тігін машиналары

8.Үтік.

 Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі (3 — 5мин)

  1. Сәлемдесу. ҚР — ның Ән — ұранын орындау.
  2. Окушыларды түгелдеу сырт көрінісін тексеру.
  3. Окушылардың жұмыс   орындарын   ұйымдастыруын   тексеру (құрал саймандарын тесеру).
  1. II. Кіріспе нұсқама шаралары (30 – 45 мин)

1.Бағдарлама такырыбын хабарлау

2.Сабақтың такырыбын хабарлау

З.Алдыңғы   сабақтарда   өтілген   материалдар   бойынша   сүхбат өткізу.

Окушылардың өткен сабақтағы білімін  «Менің стилім»  ойыны  аркылы  бекітеміз.

 Ойынның  шарты:

Тақташада тұрған әр-түрлі стилдегі (классикалық, кешкі сән-салтанат, спорттық) киімдердің суреттері бейнеленген. Оқушылар ретімен өзіне ұнаған стилдегі киімді таңдап суреттің арқасына жасырылған сандар арқылы интерактивтік тақташағы ұяшықтағы сұрақтарға жауап беруге ие балады. Жауап берген жағдайда суреттегі стилге сай келесі тақташада тұрған плакатқа өз стиліне сай орнына жабыстырады.

Ойын мақсаты:

Оқушылардың сұраққа жауап беру арқылы стилді ажырату ды анықтау.

«Менің стилім» ойыны

1.    Типтік емес фигураны атаңыз?

ж/ы: (қалыпты, еңкіш, шалқайған)

2.    Желімді маталарды жапсыру әдісі?

ж/ы: (Негзгі бөлшектен 0,1-0,2 мм кем пішіледі, Н.Ж.Б сақталады)

3.    Бұйымның балансын калай анықтаймыз?

ж/ы: (Өлшеу кезіндегі иық, бүйір сызықтарының бір сызық бойында жатуын айтамыз)

 

4.     Жеңнің түрлерін атаңыз?

ж/ы: (Тұтас, қондырма, реглан, құрастырмалы)

 

 

5.      Көкірек қымтымасының бұйымда орналасу тәтібін ата?

  ж/ы: (мойын, иық, қолтық, бүйір, бел қиықтарының дөңгелегінің бойында орналысады)

6.    Бедерлі тігіс дегеніміз не?

ж/ы: (Көкірек, бел қымтымаларын модельдеу барысындағы қосылуы)

7.    Карсетке алынатын өлшемдер?

ж/ы: (Сг2, СГ1, Шг, Шсп, Дтп, Дтс, Цг, Вг, Сш, Впк, Впрз, Дизд, Ст, Сб)

 

8.     Жағалардың тұрлері?

ж/ы:(Шаль тәрізді, пиджак тәрізді, қайырма жаға, тік жаға, фантазиялық жаға)

9.    Кеудешені пішу кезіндегі техналогиялық шарттары?

ж/ы: (Мата бетіне негізгі жіп бағыттарының бақылау белгілерінің бір сызықта орталасуын қадағалау)

10.Кеудешеге қолданылатын мата түріне қойылатын талап?

ж/ы:(Формасын ұстайтын, созылмайтын мата түрінен болуы керек)

11.              Кеудешенің конструкциялық сызбасын тұрғызу кезіндегі ерекшелігін анықтау?

ж/ы: (Конструкция барысында қосымша берілмейді)

12.     Желімдік маталардың қандай түрлерін білесің?

ж/ы:(Флезилин, дублерин, трикотажды дублирин, бандо)

 Жаңа сабақты түсіндіру.

Ежелгі заманда кеудешені әйелдер және ерлер де киген. Кожадан және темірден дайындалған кеудешелерді соғыс кезінде қолданған.

Киімнің бір бөлігі ретінде XIV ғасырдан бастап Бургундияда пайда болған. Ол уақытта әйелдер көкіректі жоғары көтеріп белді жіңішке етіп көрсету үшін қолданды. Сөйтіп келе біздің жылдарымызға дейін кеудешенің түрлері және өңдеу тәсілдері пайда болды.

Кеудешені атлас, шелк, сатин, т.б маталардан өңдеп, кружевамен, сәнді ленталармен, кестелермен сәнделіп өңдеуге болады.

Рельеф дегеніміз не? Егер көкірек қымтымасымен бел сызығындағы қымтыманы конструкциялық сызықпен қосылуы оны рельеф сызық деп атайды. Өте қатты қыналған бұйымда тігіс көкіректің ең жоғарғы нүктесінен және кабырғадан өтеді. Рельеф тігіс модельге байланысты түзу немесе әр түрлі болып көрерменге көз бояушылық әсер туғызады. Яғни біздің кеудешемізде рельефті тігістер қаншалықты көп болса соншалықты тұлғаны арық қылып көрсетеді.

Рельеф қиықтарын қайып тігу алдыңғы бойдың ортаңғы бөлшегіне бүйір бөліктің оң бетімен беттестіріп қиықтарын теңестіріп, көкірек, бел жырмаларын сәйкестендіре ағылшын түйрегіштерімен қыстыра бүйір бөлшек жағын (төменнен жоғары, ал екінші жағы жоғарыдан төмен қарата) көктеледі 0,9 см-де. Бүйымды стол үстінде көктейді. Көктелген кеудешені машинада алдыңғы бойдың ортаңғы бөлік жағынан қайып тігеміз тігіс ені 1 см. Уақытша қол тігістерін сөгіп, қиықтарды айыра үтіктеу. Формасын шығару үшін, арнайы жастықшаларды қолданып дәкенің көмегімен д.ж.ө.

Бұйымды жоғары сапада шығару үшін технологиялық реттілікті қолдану мен қатар бұйымның формасы тұлға үстінде әдемі және киген кезде ыңғайлы қонымды болуы үшін сүйек койылады. Яғни осы кезде сіздерде сұрақ туындайды, сүйек дегеніміз не? Онда сүйектің шығу тарихына тоқталайық.

Ол киттің жақ түсындағы мұртшасы. Китовый уст ол ұзын мүйіз кейпіне ұқсайтын талшықты тілмешелерден тұрады, ал мұртша негізінде сүзгіш ролін атқарады. Китовый ус қаншалықты мықты болсада соншалықты майысқақ болып келеді. Кит теңіздегі ең ірі сүтқоректі жануар, ал теңіздің әртүрлі тереңдіктерінде жүретін жануар. Бір киттің мұртшалары 50-60 кеудешеге жеткен.

ХҮІІІ-ХІХғ.ғ китовый ус модаға айналғаны соншалықты киттердің кейбір түрлері мүлде жойылып кетті. Китовый ус қымбат болғандықтан оның орнына талдың талшықтарын, мүйіз, шалғын шөп, жұқа темір таяқшаларын қолдана білген. Ал қазіргі заманда 4-түрі бар. Олар:

  1. Лескадан тоқылған
  2. Пластмасса өзекті
  3. Болат өзекті
  4. Болат серіппелі

Бұл китовый ус пластмассадан және темірден жасалғанымен ежелгі аты (китовый ус) жоғалмаған.

Кеудешенің нақты формасы шығу үшін пластмасса китовый ус қолданылады. Ал күнделікті киюге арналған киімдерге серіппелі китовый ус қолданған ыңғайлы. Олар іс-қимыл кезінде дәл фигураның формасын қайталап іс қимылдауға еш кедергі тудырмайды. Китовый устың 3 тігілу әдісі бар, ол біздің моделімізге байланысты.

  1. Кеудешенің теріс бетіне китовый усты рельеф тігіс үстіне қойып жоғары және төменгі қиығына 1 см. Жеткізбей орналастыра кеудешенің оң бетінен рельеф тігіс үстінен бастыра тігеміз.
  2. Көркем-сәндік тігіс кеудешенің оң бетінен рельеф тігістің қасынан көркем-сәндік тігіс жүргіземіз. Тігіс ені китовый устың еніне байланысты. Китовый устың ені 0,5 см болса тігіс ені 0,7 см орындалады, себебі китовый ус тігістің ішіне оңай орналасу қажет.
  3. Рельеф тігістері орындалып болғаннан кейін, тігістің тұсынан матаға түстес немесе сәндік үшін баска түстен киғаш таспаны кеудешенің оң және теріс беттеріне жапсырылып, бастырыла тігілген. Ол китовый ус тігілген қиғаш таспаның ішіне оңай орналасу керек.

Бүйір қиығын өңдеу-алдыңғы бойдың оң бетін жоғары каратып стол үстіне орналастырып өңделетін қиығын өзімізге қарата. Артқы бойдың оң бетімен алдыңғы бойдың оң бетіне беттестіріп қоямыз, бүйір қиығын теңестіре, бел жармаларын сәйкестендіріп 0,9 см артқы бой жақтан көктейміз. 1 см бүйір киығын кайып тігеміз. Уақытша қол тігісін алып бүйір қиығын айыра үтіктейміз, арнайы жастықты қолдана отыра бірінші жоғарғы киықтан белге дейін, екінші белден төменгі қиыққа дейін үтіктейміз.

  1. Берілген жүмыстың мамандықты игерудегі маңыздылығы туралы жеткізу.
  1. Дайын бөлшектерді үлгілерді көсету.
  2. Құрал-сайман, жабдық, материалдар туралы әңгімелеу.
  3. Нұсқаулық технологиялық карта бойынша тапсырманың
    орындалу бірізділігі туралы жеткізу.
  4. Жұмыс тәсілдерін көрсету.
  5. Жұмыс орнын дұрыс үйымдастырылуы туралы әңгімелеу.

Жұмыс бастамастан бұрын ең алдымен отырған орындарымызды реттеп, артық заттардың барлығын тігін машинасынан, стилаждан алып реттеп қою керек. Стилаждың үстінде тақырыбымызға сай құрал-жабдықтар мен маталарымыз тұруы кажет.

  1. Қауіпсіздік техника ережелері туралы әңгімелеу;

Қайшыны бір-бірімізге ұсынғанда кайшының екі сақиналы сабымен келесі адамға ұсынамыз. Сынған инені қағазға орап арнайы қоқыс жәшігіне тастауымыз кажет. Тігін машинасына отыратын кезде үстімізде алжапқыш, басымызда орамал болуы керек. Шеберханаға келгенде арнайы екінші аяқ-киімдеріміз болуы керек. Тігін машинасында жұмыс жасағанда көздің арасы өңделетін бөлшектен 25-30 см аракашықтықта алшақ болуы керек. Тігін машинасының айналатын бөлшегінде артық заттар тұрмауы керек т.б.

Ағымдағы нұсқау жұмыстары. Өзіндік жұмыс. (5сағ.20мин.)

Оқушылардың орындаған жұмыстарын тексеру мақсатында жұмыс орнын аралау.

Бірінші аралау: Жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылуын тексеру.

Екінші аралау: Еңбек тәсілдерін орындау дұрыстығының сақталуын тексеру

Үшінші аралау: Оқушылардың техникалық шарттарды сақтау дұрыстығын тексеру.

Төртінші аралау: Жұмысты қабылдау және бағалау.

Қорытынды нұсқау шаралары. (15мин.)

  1. Бүгінгі сабағымызды қорытындылау мақсатында кесте арқылы қайталап өтеміз.

Бұл кесте үш қатарға бөлінген (білемін/білдім/білгім келеді). Осы кестені толтырамыз, Білемін — осы кезге дейін білгеніңізді  жазасыз. Білдім — осы сабақта не біліп,үйренгеніңізді жазасыз. Білгім келеді — келесі сабақта не білгіңіз келетінін жазасыз.

Бұл кестенің мақсаты:

Білгенімізді, үйренгенімізді, талқылап білгім келеді тұсында жазылған отініштер бойынша іздену болып табылады.

Білемін Білдім Білгім келеді
     
  1. Күндік қорытынды шығару
  2. Үздік сапалы жұмыс жасаған оқушыны атап өту
  3. Оқушылар жасайтын ұқсас және тән ақаулықтарын атап, шешу
  4. Әр оқушының жұмыс сапасын жариялау

а)  «Өте жақсы»

ә)  «Жақсы»

б)  «Қанағаттандыралық»

  1. Шеберхананы келесі сабаққа даярлау.
[bws_related_posts]

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *