Басы » Бастауыш сыныптар » Т. Молдағалиев «Гүлдер»

Т. Молдағалиев «Гүлдер»

Алматы облысы

Ұйғыр ауданы

«Бірлік Сүмбе орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бастауыш сынып мұғалімі

Джампейсова Алма Алимгалиевна

Сабақтың тақырыбы: «Гүлдер» Тұманбай Молдағалиев
Сабақтың мақсаты:
«Гүлдер» өлеңімен таныса отырып, мазмұнының негізгі идеясын ашу. Тұманбай Молдағалиев жайында мағлұмат беру.
Табиғаттағы гүлдердің әсемдігі, сұлулығы, қажеттілігін түсіндіру.
Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, оқушылардың ой — өрісін дүние танымын кеңейту, тіл байлығын арттырып, сөздік қорын молайту.
Елін, жерін сүюге тәрбиелеп, табиғаттың қажеттігін сезіну. Топта бірлесіп жұмыс істеуге үйрету.
Көрнекі құралдар: Т. Молдағалиев суреті, үлестірмелі карточкалар, бейнеролик, слайд.
Стратегиялар: Ой қозғау, топтастыру

                                   Сабақтың  барысы
I.Ұйымдастыру  кезеңі:
  Оқушыларды сабаққа әзірлеу

  1. IV. Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын хабарлау 
  2. Жаңа сабақты түсіндіру:

Қызығушылықты ояту сатысы. Слайд. (Табиғаттың әсем бейнесі)
Ой қозғау.
— Табиғат сөзін естігенде көз алдарыңызға не елестейді?

2. Мағынаны тану сатысы.
Бейнеролик.
Табиғат көрінісі мен гүлдер бейнеленген бейне фильмге назар аударайық.
Өлеңі — ақыл, сөзі — ән
Тұманбай біздің ағамыз
Бүгін біз Тұманбай ағамыздың «Гүлдер» атты өлеңімен танысамыз.
Өлеңді жазатын адамды кім дейміз?  Тұманбай ақын
Туған жері: Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, “Жарсу” ауылында дүниеге келді.
Туған жылы: 20.031935ж
Өлеңдері: «Көктем шақырады», «Құстар қайтып барады»

Тұманбай Молдағалиев — сыршыл лиризмді дамытқан ақын, Қазақстанның Халық жазушысы.

1956 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді. Өзінің шығармашылық еңбек жолын «Лениншіл жас» газеті мен «Пионер» журналынан бастайды. 1959 — 1970 жылдар аралығында“Пионер” журналында қызмет атқарады. 1970 — 1973 жылдар аралығында “Балдырған” журналының жауапты хатшысы болды. 1973 жылдан “Жазушы” баспасы жанындағы Балалар және жастар әдебиетінің бас редакциясы мен “Жалын” журналының бас редакторы қызметін атқарды. Тұманбай Молдағалиевтың өлең, поэмалары 40 — тан астам жинақ болып басылып шықты.

3. Оқулықпен жұмыс.
«Гүлдер» өлеңін мәнерлеп оқу.

4. Дәптермен жұмыс.
Балалар, енді өлеңнен не түсіндік соны байқайық

Өлеңде гүлге қатысты сөздерді жаз. (Қызыл, көк, тербеледі, жайқалады)
Өлеңде гүлге қатысты емес сөздерді жаз. (Өрт, от, сәби)

5. Өлеңді сатылай кешенді талдау

Авторы
6.«Гүлдер» топтастыру.

7. Ойын «Гүлдер»
Кең жазық далада,
Өседі гүлдер құлпырып.
Гуілдеген желменен
Тербеледі оңға,
Тербеледі солға
Жайқалған гүлдерді
Аялап отырдық. (Қимыл іс — әрекет арқылы оқушыларға орындату.)

VI .Жаңа сабақта меңгергенін  пысықтау: 

Тапсырма: Гүл туралы  ұйқас сөздерді пайдаланып, гүл туралы бір шумақ  өлең құрастыру.

Гүлдер, гүлдер, көп      гүлдер,

Қызыл гүлдер, көк       гүлдер,

Күлімдейді  қарап       балаға,

Жүгіріп шыққан          далаға.

Жұлып алды                 біреуін,

Сыйлаймын деп            анама  

VII. Сабақты  қортындылау:   

Гүлдердіңпайдасы.
Біздіңжеріміздеөсетінгүлдер.
5. Өлеңді сатылай кешенді талдау

Авторы

Тақырыбы

Шумақ

Тармақ

Буын

Ұйқас
VIII.Үйге тапсырма  беру: Өлеңді жаттау. «Менің сүйікті гүлдерім» тақырыбында эссе жазу.

Бағалау.

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *