Басы » Бастауыш сыныптар » Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары

Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары

Алматы облысы

 

Ұйғыр ауданы

 

«Бірлік Сүмбе орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Бастауыш сынып мұғалімі

 

Джампейсова Алма Алимгалиевна Тақырыбы: Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары.

Мақсаты:  Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары жайында толық түсінік беру.Өмірмен    байланыстыра отырып түсіндіру.

Теориялық ойын, сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.

Табиғатқа деген сүйіспеншілікке , оған жанашыр болуға тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ      

Әдісі:  түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер

                                                                      Барысы:

І .Ұйымдастыру кезеңі.  Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын  сабаққа аудару  

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

 Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары туралы мазмұнын сұрап, үй жұмысын тиянақтау.Дәптердегі жұмысын тексеру.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: -Су қоймаларын қорғаудың маңызы қандай?

-Инелік туралы не білдің? Жетісу бақатісін не үшін аулайды екен?

-Құрып бара жатқан қандай балық туралы білдіңдер?

-Ол уылдырығын қайда шашатын еді?

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау

  1. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Жұмбақты шешіңдер:
  2. Жасыл ине киімім, 2. Түрі шар сияқты,

Жайлаймын тау биігін.                               Түсі қып-қызыл.

Жаңа жылды тойласақ,                               Дәмі бал сияқты.

Төріңдемін үйіңнің.

-Біз қандай жерде тұрамыз?

-Таулы аймақта тұрамыз.

-Біздің тауда қандай  өсімдіктер өседі? (Қарағай, Тянь-Шань шыршаса, қайың, терек, тобылғы, ырғай,бүлдірген, қой қарақат, сиыр қарақат, долана, таңқурай, алма, өрік)

-Қандай жануарлар  тіршілік  етеді?

(Аю, қасқыр, түлкі, арқар, елік, қарсақ… Құстар:бүркіт, үкі, қозы құмай,құр, тоқылдақ, сауысқан,қарға, кептер т.с. с.)

Картадан таулы жерлерді көрсету.Тау биіктеген сайын атмосферадағы ауа салқындайды. Тау басында жазда да қар жатады. Жата-жата тығыздалып, мұз боп қатады. Осы мұздан бұлақтар басталып, бір-біріне қосылып,өзенге айналады. Таудың күнгей беттері жылы,құрғақ келеді. Теріскей беттері салқын,дымқыл келеді. Осыған байланысты таулы жер өсімдіктері мен жануарлары алуан түрлі болады. Тау етегіндегі жазықта жапырақты ормандар  бар. Көктерек,қайың,тал, терек сияқты ағаштар, ұшқат,тобылғы,итмұрын сияқты бұталар , арасында шалғындар бар.Жоғары тау беткейлерінде қылқанжапырақты орман өседі. Шырша,қарағай,арасында аздап көктерек те кездеседі. Бұталардан ұшқат пен ырғайды кездестіруге болады.Тау етегінде елді мекендер орналасқан. Бір кездерде жапырақты ағаштар мен бұталар аралас өскен. Қазір егістік, бау-бақша,жүзім  шаруашылығы дамыған. Күреңот –балды өсімдік. Алтай өлкесінде омарта шаруашылығы жақсы дамыған. Шалғынды алқаптан не алынатынын біз білеміз. Биік тауда барыс, сілеусін,арқар бар.Ұлар,қозықұмай, бүркіт, үкі, жапалақ, құр,шіл, тоқылдақ сияқты құстар тіршілік етеді. Алтайда бұға шаруашылығы да жақсы дамыған.

Сонымен, таулы жердің жануарлар әлемі де –ел дәулеті,табиғат көркі.

Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.

VІ Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Жануарлар мен өсімдік суреттері бар үлестірмелерді таратып беру, топ бойынша. Әр топ сол сурет бойынша қандай жердікі екенін табады.Оны қорғайды.

VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

-Таулы жердің өсімдіктері мен жануарлары неге алуан түрлі болады?

-Тау етегінен құздарға дейін өсімдіктер қандай ретпен орналасады?

-Өзендер қалай пайда болады екен?

— Жануарларының қандай пайдасы бар?

-Ең биік тасты құзда тіршілік ететін қандай құс?

VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 77-80-беттерді оқу,мазмұнын әңгімелеу. Дәптерге тау өсімдіктері мен жануарларын жазу.

Бағалау.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *