Алматы облысы
Ақсу ауданы
«Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп – гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
биология пәнінің мұғалімі:
Исаева Жадыра Абугалиевна
Сабақтың тақырыбы: ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ БӨЛІМДЕРІ
Сыныбы: 8
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларды жүйке жүйесінің құрылысымен, қызметтерімен
таныстыруды жалғастыру.
2. Оқушылардың танымдылық қабілетін арттыра отырып, дене құрылысын
толық білу.
3.Оқушыларды еңбекке, адамгершілікке, салауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: ақпараттық
Сабақтың әдісі: тірек-сызба құру
Сабақтың пәнаралық байланысы: математика, валеология
Сабақтың көрнекілігі: слайд-презентациялар, тірек-сызбалар. Сызба-нұсқалар «Жүйке жүйесінің құрылысы»
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, сабақта жоқ оқушыларды түгендеймін. Оқу құралдарын тексеріп, назарларын сабаққа аударамын.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі
1-тапсырма. Адам организмінде кездесетін ұлпалардың ерекшеліктерін, қызметтерін сәйкестендіру керек.
Жауаптары: 1 – в, д; 2 – б; 3- ә, г; 4 – а, ғ.
2-тапсырма. Берілген суреттер бойынша дәрігерлерді анықтайық.
(Стоматолог, окулист, лор, эндокринолог, кардиолог)
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту кезеңі
Жасушалар мен жасушалар аралығын толтыратын жасушааралық заттардан ұлпалар түзіледі. Ұлпа дегеніміз — құрылысы, түзілуі және атқаратын кызметтері бойынша ұқсас жасушалар мен жасушааралық заттардың жиынтығы. Адам организмінде ұлпалардың төрт типін ажыратады. Жүйке ұлпасы барлық жүйке жүйесін түзеді. Ол негізгі жасушалардан — нейрондардан және қосалқы жасушалардан — нейроглиялардан тұрады. Нейроглиялар нейрондарға беріктік қасиет беріп, қорғаныш ролін атқарады, жүйке жасушаларының коректенуіне және жүйке талшықтары мен жүйкелердің регенерациясына қатысады. Нейрондар тітіркенуді қабылдап, қозуға байланысты жүйке импульстерін тудырады және таратады.
ІV. Жаңа сабақ мақсатын қою
V. Жаңа материалды меңгерту, түсіндіру
Жүйке жүйесін орналасуына қарай орталық және шеткі деп бөледі. Орталық жүйке жүйесіне ми мен жұлын, ал шеткі жүйке жүйесіне жүйкелер, жүйке түйіндері мен жүйке ұштары жатады . Жүйке деп ми мен жұлыннан шығатын жүйке жасушаларының ұзын өсінділерінің шоғырын айтады. Шоғыр жүйке қабығын түзетін дәнекер ұлпасымен жабылған. Жүйке түйіндері — орталық жүйке жүйесінен тыс нейрон денелерінің шоғырлануы (жиналуы). Жүйке жүйесінің бір бөлігі қаңқа бұлшықеттерінің жұмысын реттейді, бұл сомалық деп аталады. Ол организмнің сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз етеді. Ал жүйке жүйесінің вегетативтік деп аталатын басқа бөлігі ішкі мүшелердің жұмысын реттейді.
Жұлынның құрылысы. Жұлын омыртқа бағанасының ішінде орналасқан. Ол сопақша мидан басталады, массасы 35-39 г, ұзындығы 42-45 см, диаметрі 1 см ақ цилиндр тәрізді болады. Жұлынның алдыңғы және артқы жақтарында оны оң және сол бөлікке бөлетін жүлге (борозда) орналаскан. Ол жұлын сұйықтығына толы. Жұлын ақ және сұр заттан тұрады. Сұр зат ортасында орналасқан және ол қанатын жайған көбелек тәрізді. Сұр затты қимыл-қозғалыс және аралық нейрон денелері құрайды. Ақ зат май қабығымен — миелинмен қапталған өсінді болып табылады. Жұлын сұр затының алдыңғы бөлігінде («көбелектің» алдыңғы қанатында) атқарушы нейрондар, ал артқы бөлігі мен орталық өзек жанында аралық нейрондар орналасқан.
Жұлын 31 сегменттен тұрады. Әрбір сегменттен аралас жүйкені құрайтын алдыңғы жөне артқы екі тамыршадан басталатын аралас жұп жұлын жүйкелері шығады. Алдыңғы тамыршаларды қимыл-қозғалыс талшықтары, ал артқы тамыршаларды сезімтал талшықтар құрайды.
Жұлынның қызметі. Тамыршаларда сезімтал нейрон денелерінен құралған төмпешіктер — жүйке түйіндері болады.
Жүйкелер жұлынның мойын және кеуденің жоғары бөлігінің сегменттерінен бас, қол бұлшық еттеріне, кеуде қуысындағы мүшелерге, жүрек пен өкпеге бағытталады. Кеуде мен белдің қалған сегменттері құрсақ қуысындағы мүшелер мен дене бұлшық еттерін басқарады, ал жұлынның белден төмен және сегізкөз сегменттері аяқ бұлшық еттері мен құрсақ қуысының төменгі бөліктерін басқарады.
Жұлын екі негізгі: рефлекстік және өткізгіштік қызмет аткарады. Мысалы, аяқ-қолдың бүгіліп, жазылуы, қолды тартып алу, тізе рефлексі, сондай-ақ ми бақылайтын күрделі рефлекстер, т.б. Әрбір рефлекс доғасы жұлынның белгілі Орталығы — жүйке орталығы арқылы өтеді. Жүйке орталығы — мидың белгілі бөлігінде орналасқан және қандай да бір мүшенің немесе жүйенің қызметін реттейтін жүйке жасушаларының жиналуы. Жұлынның жүйке орталығы рецепторлармен және мүшелермен байланысқан. Жүйке импульстері ішкі мүшелер мен тері рецепторларынан жұлынның ақ затымен миға, ал импульстер мидан жұлынның қимыл-қозғалыс (атқарушы) нейрондарына бағытталады. Бұл — жұлынның өткізгіш қызметі.
Жүйке талшықтары
Жүйке талшықтарының шоғыры
Жүйке қабығы
Жүйке құрылысы
VІ. Түсінігін тексеру
Төменде берілген кестеге жүйке жүйесінің бөлімдерінің атқаратын қызметін жазыңдар.
Жүйке жүйесінің бөлімі немесе оның бөлігі Құрылысы мен атқаратын қызметі
Ми
Жұлын
Шеткі жүйке жүйесі
Сұр зат
Ақ зат
Жұлын тамыршалары
Аралас жұлын жүйкелері
Нейрондар қызметі Нейрон түрлері
1. Тітіркенуді жүйке импульстеріне түрлендіреді. а) сезімтал;
ә) аралық;
б) қимыл-қозғалыс.
2. Миға ішкі мүшелер мен сезім мүшелерінен жүйке импульстерін береді.
3. Мида бір нейроннан екіншісіне жүйке импульстерін беруді жүзеге асырады.
4. Оларды бұлшық етке, бездерге және баска аткарушы мүшелерге береді.
VІІ. Бекіту
Адам өмір сүретін және еңбек ететін жағдай жүйке жүйесінің іс-әрекетімен тікелей байланысты. Шамадан тыс дене, ақыл-ой еңбегі, психикалық күйзеліс жүйке іс-әрекетінің бұзылуына апарып соғуы мүмкін. Бұл өз кезегінде әр түрлі жүйке ауруларын ғана емес, басқа да ауруларға себеп болады. Адамның жүйке жүйесіне қысқа уакыт аралығында ақпараттың көп көлемін талдау қажеттілігінен туатын ақыл-ой және эмоциялық асқын жүктеме де қатты әсер етеді. Сондықтан педагогтар, физиологтар,психологтар мен дәрігерлер оқу және шығармашылық еңбекті тиімді ұйымдастыруды мақсат тұтады, еңбегімен және белсенді демалыспен кезектестіру болып табылады. Окушылардың ұзақ уақыт сабақ оқитын орындары жылы, жарық және желдетілген болуы тиіс. Сабақ кестесінде акыл-ой және дене еңбегі бағытындағы пәндерді кезектестіру, үзіліс кезінде қимыл-қозғалыс ойындарын ұйымдастыру талабы сақталуы керек.
VІІІ. Үйге тапсырма
«Жүйке жүйесінің бөлімдері» тақырыбын оқу, мазмұндау.
Нейрондар қызметі… соның жауаптары барма??