Басы » Технология » Машина тігістерін орындау

Машина тігістерін орындау

Оңтүстік Қазақстан облысы

Шымкент қаласы

№5 колледж

өндірістік оқыту шебері

Уразбакова  Мақпал Тажибековна

Бағдарлама тақырыбы:  Машина тігістерін орындау.

Сабақтың тақырыбы:  Көркем сәнді тігістерді өңдеу. (Майда  қатпарлар,қарама-қарсы қатпарлар,бір  жақтамалы  қатпарлар,екі  жақтамалы  қатпарлар)

Сабақтың мақсаты:  

          Білімділік: Студенттерге тігін машиналарында    орындалатын көркем –сәнді тігістерді технологиялық шарттарға сай тігуге,үйрету.

         Дамытушылық : Студенттердің  өз  бетімен  жұмыс  жасап,   нақты  шешім  қабылдай  білу қабілетін  дамытып, білімін  тереңдету.Ойлау,есте   сақтау, қабілеттерін  дамыту.

Тәрбиелік: Сабақ барысында оқушыларды тазалыққа, имандылыққа,

ұйымшылдыққа шақыру. Өз жұмыстарын ұқыпты және жылдам  орындауға, жұмыстың нәтижесінде жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас.

Материалдық- техникалық база: Интерактивті  тақта, бұйым-эталон ,стент  «Көркем – сәнді   тігістердің  түрлері», «көркем  сәнді  тігістердің» технологиялық  нұсқау  карта,плакат, үлгілер, бейімдеу   құралдар, тігін  машинасы, үтік.Ине, жіп, қайшы, мата,ағылшын инелері, сызғыш,бор, сөккіш, тігін машиналары, дәке.

Пәнаралық байланыс: Жабдықтау, киім  тарихы,технология  негіздері,мататану,киім моделдеу.

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)

  1. Оқушылармен сәлемдесу
  2. Қ.Р. ән –ұранын орындау.
  3. Оқушыларды түгелдеу.
  4. Оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
  5. Оқушылардың жұмыс орындарын ұйымдастыруын, құрал саймандарын

және сабаққа дайындығын тексеру.

II.Кіріспе нұсқау. (30-40мин).

1.Бағдарлама тақырыбын хабарлау.

2.Сабақтың тақырыбын хабарлау.

3.Оқушылардың сырт көрінісін және жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыруын тексеру.

4.Өткен сабақты  ойын  арқылы  қайталау.

«Сән  мен  әшекей »

Ойынның  мақсаты: Өтілген  сабақты  сұрақ  жауаппен  бекіту.

Ойынның  шарты: Студенттерді  екі топқа  бөліп, әшекей астындағы  сұрақтарға  жауап беру арқылы бағалау  10 балмен  есептеледі.

 Сұрақтар

1.Сұрақ. Жұмыс орнын қалай дұрыс ұйымдастыру қажет? Жауабы:Шеберханаға  кіргенде  арнайы  киімдерін  киіп,  сабаққа  қажетті  құрал-саймандарды  түгердеп,артық  заттарды  алып  тастау.

2.Сұрақ. Тігістің  атауы  және  қолданылуы.(Сурет)  Жауабы: Біріктіруші  тігіс,  қайып тігу киімнің иық, бүйір және басқа да қиықтарын өзара біріктіруде қолданады.

3.Сұрақ. Машина тігіс  түрлерін ата. Жауабы: Біріктіруші  тігістер,  шеткі  тігістер, көркем  сәндік  тігістер.

4.Сұрақ. Машина  жұмысын   орындау  барысында   сақталатын   қауіпсіздік  ережелер. Жауабы: Жұмыс киімін ретке келтіру.Жұмыс орынын ретке келтіру, жұмысқа дайын екендігіне көз жеткізу.Машинаның жіберу құралдарының, сақтандырғыш табанының және келтіргіш қоршауының істе екеніне көз жеткізу.Машинаның алынбалы бөлшектерінің бекітілу беріктігін тексеру (жаппай тақта, ине табақшасы т.б ). Үстіңгі және астыңғы жіптің сабақталуын, ине ауыстыруды электр қозғалғыштың тек өшіріліп тұрған кезде жүргізу қажет.

5.Сұрақ. Шеткі тігістер қандай түрлерге бөлінеді? Жауабы: Құрастырып (әдіптеп) тігу,қайырып тігу,ашық қиықты қайырып тігу, жасырын қиықты қайырып тігу,жиектеп тігу,ашық қиықты жиектеу, жасырын қиықты жиектеу, арнайы таспамен жиектеу,

6.Сұрақ Тігістің  атауы  және  қолданылуы.(Сурет) Жауабы: Біріктіруші  тігіс,  Ашық  қиықты  жапсырып  тігу, астар  маталарды  біріктіріп  тігуге  арналған  тігіс.

7.Сұрақ .Тігістің  атауы  және  қолданылуы .(Сурет) Жауабы:  Біріктіруші  тігіс,  қос  тігіс, жастық  тысында  немесе  балалар  киімінде  қолданылады.

8.Сұрақ. Біріктіруші  тігіс  түрлерін  ата. Жауабы: қайып тіру, бастырып қайып тігу, жапсырып тігу  ашық   қиықты , жапсырып тігу  жабық  қиықты, өбістіріп тігу, жасырып тігу, қос тігіс, тұйықтап тігу.

9.Сұрақ. Тігістің  атауы  және  қолданылуы. Жауабы: Шеткі  тігіс,жасырын қиықты қайырып тігумақта және жібек маталы көйлектің, блузканың, ерлер көйлегінің төменгі етек сызықтарын өңдеу үшін қолданылады.

10.Сұрақ. ДЖӨ  жұмысын   орындау  барысында   сақталатын   қауіпсіздік  ережелер. Жауабы:Үтікпен жұмыс істегенде, оның ыстық теріс үстіртіне қолды тигізуге болмайды.

Термореттегішпен қамсыздандырылмаған үтікті шамасынан тыс ысытпау, оны үнемі кезеңдік суыту үшін өшіріп тұру. Тоқ желісіне қосылған үтікті бауынан ұстап өшірмеу. Тоқ жүргізу сымның үтікке тимей, кронштеинде орналасуын бақылау жасау. Бұйым және бөлшектерді тек пульверизатормен ылғалдандыру. Жұмысты тек тұрып, оқшауланатын құралдар, құрғақ ағаш еденіне келесі диэлектрлі кілемшеде орындау.Үтікті жерге құлатпау, бауының оралмауына, онда түйіндінің пайда болмауына бақылау жасау

Жаңа  сабақты  түсіндіру

Сабақтың тақырыбы:  Көркем сәнді тігістерді өңдеу. (Майда  қатпарлар,қарама-қарсы қатпарлар,бір  жақтамалы  қатпарлар,екі  жақтамалы  қатпарлар)

Сабақтың мақсаты:  Студенттерге тігін машиналарында    орындалатын көркем –сәнді         тігістерді технологиялық шарттарға сай тігуге,үйрету.

Көркем –сәнді тігістер киімде конструкциялық және әсемдік қызмет атқарады. Бұл тігістер бедерлеп тігу, көмкеріп тігу (су жүргізіп тігу),қатпарлап тігу болып бөлінеді.

Бедерлеп тігу – көйлек және блузкаларды әсемдеу үшін қолданылады.Бедерлі тігістерді – майда қатпарлы, ызба баулы, құрастырма түрде орындайды.

Майда қатпарлар – бөлшектің оң жағынан ұзынан сыдырма тігіледі.

Тігістің ені 0,1-0,3 см шамасында ғана болады.

Қатпарлы тігістер – қозғалыстың еркін болуына жағдай жасау және сәнді тігіс үшін де қолданылады. Бұл   тігістер көбіне белдемшелерде кездеседі. Қатпарлар бір жақтамалы, қарама – қарсы жақтамалы, екі жақтамалы, екі жақтамалы (бантты)болып келеді. Сырыла немесе бастырыла тігілген қатпарлардың құрастырылып тігілетін түрлері де болады

Біржақтамалы қатпарлардың бет жағының бүкпелері бір жаққа, ал іш жағындағысы (теріс жағындағысы) екінші жаққа бағытталады. Матаның ішкі жағынан қатпарлар орнынан үш сызықпен белгілейді: ортаңғы (бүкпе сызығы),конструкциялық (осы сызық бойымен тігіс жүргізіледі) жіне қатпардың қзындығын шектейтін сызықтар.

Қарама- қарсы қатпарлар – киімнің оң жағында бір –біріне қарама –қарсы қарап тұрады,ал теріс жағында кері бағытталған болып келеді. Бұл тігістерде де қатпарлар орыны үш сызықпен белгіленеді: ортаңғы,конструкциялық / қаю тігісі жүргізіледі/және қатпар соңын шектейтін сызықтар. Ортаңғы  және конструкциялық сызықтар арасындағы қашықтық қатпар тереңдігінің екі еселенуіне тең. Бөлікті, ортаңғы сызық бойынша оң бетін ішке қарата бүгеді де, белгіленген сызық бойымен қайып тігеді. Тігістің соңында бекітпе жасалынады.

Екі жақтамалы қатпар (бантты) – қарама-қарсы қатпарлы тігістің теріс жағы болып табылады, ол «бант» жасап тұрады. Қарама – қарсы және екі жақтамалы қатпарлардың өңделулері ұсас болып келеді. Тек қана, шығыңқы жерлері – қарама-қарсы қатпарларда теріс жақтан орналасады,ал екі жақтамалы қатпарда ол оң жағына жайғасады. Қатпарлар саны киімнің модуліне байланысты алынады.

Көмкеріп тігу – формалық киімдер дайындағанда бөлшектің арасында су жүргізіп өңдеуде қолданылады. Тігісті орындау алдында көмкерме жасалынады. Көмкерме матаны қиғаштап пішеді де, теріс жағын ішке қаратып, ұзына бойына екіге бүгіп үтіктейді. Дайын болған көмкермені екі негізгі бөлшек арасына бүгілген жағын ішке қаратып орналастырады. Көмкерме мен бөлшектің шеттерін теңеп болған соң оларды біріктіреді. Тігістің ені 0,7 -1 см болады. Көмкермені бөлшекке жапсырып қондыруға болад

 ІІІ. Ағымдағы нұсқау.

Оқушыларды екі топқа бөле отырып еңбек тәсілдерін технологиялық реттілік бойынша

көрсету. Бірінші топты шакырып өңдеу тәсілдерін көрсету. Екінші топ «Ойлан  тап!» ойынын  ойынын  ойнайды.

Ойынның  мақсаты: Студенттердің машина  тігістерін  ажырата  білуге  үйрету.

Ойынның  шарты: Аралысып  берілген машита  тігіс  түрлерін оз  ретімен  бөліп  қою.

Студенттерге  жаңа  тақырып  бойынша  «көркем  сәндік  тігістерді» тігіп көрсету.

Өзіндік жұмысы (5сағ.)

Оқушылардың жұмыс орнын белгілі мақсатпен аралау.

       Бірінші аралау: жұмыс орнын дұрыс ұйымдастырылуын тексеру.

1-тәсіл: майда қатпарларды орындаубарысын көрсету,Қатпарларды бөлшектің оң жағынан ұзынынан сыдырып тігеміз. Тігістің енін -0,1 -0,3см шамасында ғана қалдырыамыз. Д.Ж. өңдеуді көрсетеміз.

      Екінші аралау: еңбек тәсілдерін дұрыс орындалуын тексеру.

2-тәсіл: көмкерме тігісінің орындалуы барысын көрсету. Алдымен матадан қиғаштап пішіп, екіге бүгіп үтіктеп көмкерме жасап аламыз. Дайын көмкермені екі негізгі бөлшектің арасыа бүгілген жағын іш жағына қаратып орналастырамыз. Көмкерме мен бөлшектің шеттерін теңеп болған соң, оларды тігіс ені 0,7 -1 см болатындай етіп біріктіріп тігеміз. Тігісті жатқыза үтіктеуді көрсетеміз.

3-тәсіл: Бір тігісті көмкерме тігісінің орындалу барысын көрсетеміз. Дымқылды жылумен тігісті жатқыза үтіктеу барысын көрсетеміз. Жұмыс орындарын аралап, операциялардың дұрыс орындалуын тексеру,қадағалау.

4-тәсіл:Бір жақтамалы қатпардың орындалу барысын көрсету.

Матаның ішкі жағынан қатпарлар орыны үш сызықпен белгілейді. Ортаңғы сызықұты бүкпе сызығы, шеткі сызықты конструкциялық сызық етіп аламыз,осы сызық бойымен тігіс жүргізіледі. Үшіншісі қатпардың ұзындығын шектейтін сызық болады.

      Үшінші аралау. Оқушылардың техникалық шарттарды дұрыс сақтауын тексеру.

5 – тәсіл: Қарама –қарсы қатпарлар киімнің оң жағында кері бағытталған болып келеді. Бұл тігісте де матаның теріс бетінен үш сызықпен белгілейміз: ортаңғы конструкциялық және қатпар соңын шектейтін сызықтар. Арасындағы қашықтықты қатпар тереңдігінен екі есе артық етіп аламыз.  Бөлікті ортаңғы сызық бойынша оң бетін ішке қарата бүгеміз,Белгіленген сызық бойымен қайып тігеміз. Тігістің соңында бекітпе жасалынады.

6 – тәсіл: Екі жақтамалы қатпарлардың орындау барысын көрсету. Қарама- қарсы және екі жақтамалы қатпарлардың өңделулері ұқсас болып келеді. Тек қана шығыңқы жерлері қарама –қарсы қатпарларда теріс жақтан орналасады. Д.Ж. өңдеуді көрсетеміз.

      Төртінші аралау: жұмысты қабылдау және бағалау.

Қорытынды нұсқау шаралары (15 мин)

Жаңа сабақты бекіту.

Бүгінгі  өткен  жаңа  тақырыпты  студенттеріміз қалай  меңгергенін  анықтау  және  тексеру  үшін,өздерінің   күнделікті  киімдерінде    көркем  сәнді  тігістердің   қолданылуын  көрсету және   өңделуін  сипаттап  беру.

1.Орындалған жұмысқа баға беру.Оқушылардың орындаған жұмыстарына өте жақсы,қанағаттандырарлық бағасымен бағаланады  және  сабақ  барысында  сұрақтарға  жауап  беріп  жұлдызша  жинаған  студенттерде   жинаған  жұлдызша   санына  қарай  бағаланады.

2.Жұмысқа мінездеме беріледі.

а) өте жақсы деген бағаға істелген үлгі,ол техникалық шарттарға сай тігілген үлгі.

ә) жақсы деген бағаға істелінген үлгі, ол бір-екі қателіктері бар үлгі  болып табылады.

б) қанағат деген бағаға жасалынған жұмыс,көп қателіктермен орындалған жұмыс.

«Сән  мен әшекей», «Ойлан  тап» ойындарға  белсене  қатысып  сұрақтарға  жауап  берген  студенттерге өте  жақсы  деген  бағамен   бағалау.

  1. Үйге тапсырма беру: Көркем сәнді тігістерді өңдеуді үйрену.
  2. Шеберхананы жинастыру.
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *