М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің
4-курс студенті
Лепесова Нұрлыайым Асанханқызы
«Үш тілде білім беруді ілгерілету»
Көрнекіліктері: Интерактивті тақта, шарлар, гүлдер, ойыншықтар.
Барысы:
Жүргізуші: Қайырлы күн қадірлі ата-аналар, қонақтар және бүлдіршіндер. «Үш тілде білім беруді ілгерілету» шеңберінде мектепке дейінгі мекемелерде үш тілді меңгерту мақсатында өткізілгелі отырған сайысымызға қош келдіңіздер.
Күміс күй мен әнге толы тұла бой,
Қуанышқа кенелтеді асыл –ой.
Шаттандырған біздің балаларды,
Бүгін бізде ұлы той.
Армысың жиылған жұрт мол қауым,
Көбейсін мерекең күн сайын.
Қошеметпен, құрметпен ашайық біз,
Бүгінгі «Үш тілді игеру» сайысын.
Балғын жүзі албырап,
Қанаттарын жаңа қаққан.
Қарсы алайық бүлдіршіндерді,
Сайысқа дайын тұрған,-деп бүгінгі сайысқа қатысатын екі топты ортаға шақырамыз. Бүгінгі сайысымыздың алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Ж.Көптілеуовке беріледі.
«Үш тілде білім беруді ілгерілету» шеңберінде мектепке дейінгі мекемелерде үш тілді меңгерту мақсатында өткізілетін бүгінгі сайысымыздың бағдарламасы мынадай кезеңдерден тұрады.
- «Таныстыру» (Топты, эмблеманы таныстыру)
- «Менің отбасым» слайд бойынша үш тілде жауап беру.
- «Сандар» слайд бойынша үш тілде жауап беру.
- «Тағамдар, сусындар» слайд бойынша үш тілде жауап беру.
- «Ойыншықтар» көрнекілік және слайд бойынша үш тілде жауап беру.
- «Түстер» сурет бойынша үш тілде жауап беру.
- Қорытынды.
Әділ қазы береді
Өздеріңе сыйлықты
Бізге айтып береді
Кім өнерлі, кім мықты?
Әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1)Мектеп директоры: Көптілеуов Жолдас ағай
2)Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі: Якудаева Айткүл апай
3)Орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі: Жауылбаева Әлия
Енді сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
І кезең. Таныстыру.
Десек те уақытпен жарыспайды.
Қияға қиялменен қарыштайды.
Балалар шын жүректен тебіреніп,
Өнердің биігінде қалықтайды,- деп келесі кезекті таныстыруға береміз. Әр топ өз топтарын таныстырады.
ІІ кезең. «Менің отбасым»
Ақылды балапан бүгінгі,
Көркейтер күніңді ертеңгі.
Үйренген өнерін көрсетсін.
Бүлдіршін балалар белсенді,-деп келесі кезеңіміз менің отбасым. Слайд бойынша бүлдіршіндер үш тілде жауап береді.
ІІІ кезең «Сандар»
Ал, санайық санамақ,
Саусақтарға қарап-ақ.
Қане, қане санайық,
Санап біліп алайық,-деп келесі кезекті санамаққа береміз. 1ден 10 ға дейінгі сандарды слайд бойынша үш тілде айтады.
ІҮ кезең «Тағамдар, сусындар»
Білім ой мен арымыз,
Рухани ол нәріміз,
Сайыскерлер сіздерге
Қол соғамыз бәріміз,-деп кезек тағамдар мен сусындаға да жетті. Келесі кезекте слайд бойынша бүлдіршіндер тағамдар мен сусындардың атауын үш тілде айтып жарысқа түседі.
Ү кезең. «Ойыншықтар»
Дәстүрдің сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Зеректік пен тапқырлық.
Жеткізсін сіздей өренді,
Білімнің нәрлі сырына,-деп келесі кезекте бүлдіршіндер ойыншықтардың атауын айтып жарысады.
ҮІ кезең. «Түстер»
Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе гүлдей атып бүршік үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес
Түстердің түрін танып, білмей тұрып,- деп келесі кезеңімізді түстерге береміз. Сурет бойынша түстердің атауын үш тілде айтады.
Намысыңды бермегін,
Құлашыңды сермегін.
Сал өлеңге ел көрсін,
Жарқылдаған бүлдіршін,-дей отырып келесі кезекте мектеп алды даярлық тобының биін қабыл алыңыздар.
Бүгінгі сайысымызға демеуші болып, көрермен болып ата-аналарымыз келіп отыр. Келесі әніміз ата-аналарымыздың құрметіне арналады. Қабыл алыңыздар. Т.Төреәлі мен Е.Есмаханның «Алло» әніне жасалған пародия. Орындайтындар «Балауса» шағын орталығының бүлдіршіндері Торта Айзере мен Қайратұлы Жанболат.
Осымен бүгінгі сайысымыз шарықтау шегіне жеткен сияқты. Сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі. Сайыс жеңімпаздары анықталып, барлық сайысқа қатысқан бүлдіршіндерді мектепішілік алғыс хаттармен марапаттап, шағын орталық ұжымы әзірлеген, демеушілер дайындаған сыйлықтарды табыстады.
Барлық елдің бөбегі,
Бір- бірімен туысқан.
Бәрімізге төгеді,
Өз шуағын күміс таң.
Бейбітшілік әніміз.
Бауырласпыз бәріміз,
Қазақстан жерінде.
жарасады сәніміз,-деп бүгінгі сайысымызды аяқтай келе өзіміздің тілімізді, әдет-ғұрыптарымызды сақтай отырып, осы жерде отырған ақ жаулық аналарымыздан батасын сұрайық.
Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.
[bws_related_posts]